400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Есімсіз ел тұрғындары" ертегісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл ертегі арқылы балаларға ат қоюдың маңызын түсіндіруге болады. Бір-бірінің атын жаттап, атымен атауды үйретеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Есімсіз ел тұрғындары

(ертегі)


Ерте, ерте, ертеде бір кішкентай ғана ел болыпты. Ол елдің аты жоқ екен, тіпті онда тұратын адамдардың да аты болмапты. Ол елдің тұрғындары өте ақылды екен және бір-бірімен дос болып өмір сүріпті. Бірақ аты болмағаны үшін бірін бірі шақыратын кезде қасына барып, өзіне қаратып қажетін айтады екен. Бұлай жасау көп жағдайда ыңғайсыздық туғызыпты.
Ол елде сол адамдардың арасында өте ақылды бір бала тұрыпты. Ол үнемі жаңалық ойлап табады екен. Бір күні ойнағысы келіп далаға шығыпты. Қараса достары ұзақ жерде ойнап жатыр екен. Бірге ойнауға шақырайын десе, есімдерін білмейді, өйткені, олардың да аты жоқ еді. Амалсыз достарының қасына баруға тура келді. Сосын достарына:
– Бір-бірімізді шақыру үшін өзімізді әдемі бір сөзбен атайықшы. Сол біздің атымыз болсын деді. Достарына да бұл ойы ұнады. Бәрі қуана

































Есімсіз ел тұрғындары

(ертегі)


Ерте, ерте, ертеде бір кішкентай ғана ел болыпты. Ол елдің аты жоқ екен, тіпті онда тұратын адамдардың да аты болмапты. Ол елдің тұрғындары өте ақылды екен және бір-бірімен дос болып өмір сүріпті. Бірақ аты болмағаны үшін бірін бірі шақыратын кезде қасына барып, өзіне қаратып қажетін айтады екен. Бұлай жасау көп жағдайда ыңғайсыздық туғызыпты.
Ол елде сол адамдардың арасында өте ақылды бір бала тұрыпты. Ол үнемі жаңалық ойлап табады екен. Бір күні ойнағысы келіп далаға шығыпты. Қараса достары ұзақ жерде ойнап жатыр екен. Бірге ойнауға шақырайын десе, есімдерін білмейді, өйткені, олардың да аты жоқ еді. Амалсыз достарының қасына баруға тура келді. Сосын достарына:
– Бір-бірімізді шақыру үшін өзімізді әдемі бір сөзбен атайықшы. Сол біздің атымыз болсын деді. Достарына да бұл ойы ұнады. Бәрі қуана келісті.
Олардың арасында үнемі қуанып, күлімдеп жүретін бір бала бар еді, оны – Қуаныш деп атады. Басқа балалар да өздеріне ұнайтын сөздерден: Жан, Айдар, Әділ деген аттарды таңдады. Ал, ат қоюды ұсынған бала өзін Али деп атады.
Қыздар болса, өздеріне көбіне, әдемілік пен мейірімділікке қатысты: Айя, Әсем, Мейірім деген сөздерді есім етіп алды.
Міне, осыдан бері Есімсіз елдің барлық тұрғыны достарының аттарын жаттап алып, бір-бірін тек атымен ғана шақыратын болыпты. Және ат қоюды үйреткені үшін Алиге бәрі алғыс айтыпты.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23.10.2024
424
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі