400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Есірткі - ғасыр дерті" эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
#УПНДПКЗО , Бүгінгі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі жастардың есірткіге тәуелді болуы. Негізінен есірткіні б.з.б. 3 мың жыл бұрын қытай императоры емші Шэнь-нунь есірткіні ішек,склероз,ұмытшақтық,жөтел ауруларын емдеуге ұсынған. Кейіннен адамдардың есірткіге тәуелді бола бастауы белгілі болған. Ең алғаш есірткіге перғауынның қызы тәуелді болған. Наркотик ( гр. ναρκωτικός — естен айырылу) — БДСҰ-ның анықтауы бойынша, ауру сезгіштікті жоятын химиялық есірткі. Әлемді жайлаған нашақорлық дерті тамырын кеңге жайып, «жұқпалы ауруға» айналып барады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Есірткі – ғасыр дерті»

Қызылорда облысы, Арал ауданы

61 орта мектептің 10-сынып оқушысы Мұратбаева Көркем

Бүгінгі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі жастардың есірткіге тәуелді болуы. Негізінен есірткіні б.з.б. 3 мың жыл бұрын қытай императоры емші Шэнь-нунь есірткіні ішек,склероз,ұмытшақтық,жөтел ауруларын емдеуге ұсынған. Кейіннен адамдардың есірткіге тәуелді бола бастауы белгілі болған. Ең алғаш есірткіге перғауынның қызы тәуелді болған. Наркотик ( гр. ναρκωτικός — естен айырылу) — БДСҰ-ның анықтауы бойынша, ауру сезгіштікті жоятын химиялық есірткі. Әлемді жайлаған нашақорлық дерті тамырын кеңге жайып, «жұқпалы ауруға» айналып барады. Бұл ауруға Қазақстан халқының  шалдыққаны да байқалады. Негізінен, есірткіні қолданушылардың басым бөлігі – мектеп оқушылары. Себебі, жасөспірімдер аса еліктегіш келеді. Бір рет қолдансам, ештеңе етпейді ғой деген оймен, оған соңында қалай тәуелді болып қалғанын сезбей де қалады. Міне, есірткіге тәуелді болу деген осы.Есірткі ағымының мақсаты – мемлекетті ұлттық  санасынан айырып, есірткіге тәуелді,яғни, отарға айналдыру. Есірткінің әсерінен мемлекет ішінде көптеген қылмыстар орын алуы мүмкін.Оларға:  жезөкшелік, парақорлық, құмарлық, зорлық-зомбылық,адам өлтіру,суицид және тағы басқалары жатады. Ұятсыздық,санасыздық деген жаман ағымдарды қолдайтын, әртүрлі идеология таратып, мемлекеттің менталитеттік, мәдени құндылықтардан алыстататын, жастарды топтарға бөліп, оларды бір-біріне қарсы қойып, араздастыратын, жастарды жануарлар қатарына, тіпті, одан төменгі деңгейге дейін түсіретін мәдениет – есірткі мәдениеті деп аталады.Қазіргі уақытта есірткі айналымына барлық елдерде шектеу қойылған. Біздің елімізде де есірткіні пайдалануға қатаң түрде тыйым салынған. медициналық мақсатта пайдалануға тыйым салынған есірткі заттардың 72 атауы көрсетілген. Оларға: гашиш, анаша, героин, кокаин, каннабис, апиын және тағы да басқа заттар жатады. Мектебімізде үнемі нашақорлыққа қарсы сауалнамалар, акциялар, сайыстар жүргізіліп отырады. Жыл сайын психолог-педагогтеріміз оқушылардан нарко сауалнамасын алады. Бұл тест орыстың атақты психологі Владимир Латышевтің дайындаған сауалнамасы бойынша алынады. Мектепте бұдан басқа да үнемі үлкен іс-шаралар өтіп отырады.  Солардың бірі  мектепте 2015-2016 оқу жылында 26 маусым Нашақорлыққа қарсы күніне орай үлкен іс-шара өткізілді. Бұл фестивальге мектеп оқушылары, ұстаздары, басқа да мектеп қызметкерлері  көмектерін тигізіп, фестивальді абыроймен аяқтады. Бұл өткізілген фестивальдің мақсаты жасөспірімдерді мектеп қабырғасынан бастап есірткі, темекі сынды зиянды заттардан бойларын алшақ ұстауды үйрету. Осы фестиваль арқылы оқушылардың өмірге деген көзқарастарын дұрыс пікірде қалыптастыру. Оқушыларды бос уақыттарын пайдалы іспен шұғылдануға баулып, жан-жақтылыққа үйрету.Есірткімен күресу адамзат ұрпағының бүгінгі таңдағы  көкейтесті басты мәселелерінің бірі екендігі даусыз. Сондықтан онымен күресу, одан сақтану, адамзат бойын есірткіден аулақ ұстау, салауатты өмір салтын ұстану – адамзат ұрпағының келешекке жетелейтін ұстанымы.Өмір-адамға табиғатпен берілген ең қымбат дүние.Адамның ұзақ,мәнді де сәнді өмір сүруінің негізі-оның денсаулығы.Денсаулық адамның ең қасиетті де құнды,қайталанбас,жоғалса қайта орнына қиындықпен келетін,орны толмас асыл қазынасы.Қазіргі таңда бүкіл әлемді толғандырып отырған мәселелердің бірі-адамның денсаулығы. Адам өміріне қауіп төндіретін жағдайларға соғыс,ашаршылық,экологиялық жағдай және адам ағзасын улайтын зиянды әрекеттер жатады.Осы жағдайлар ішіндегі адам ағзасын улайтын зиянды әрекеттер деп отырғанымыз:шылымқорлық,ішімдік,нашақорлық,есірткі және тағы басқа.

Түйін: өзіңді есірткіден сақтап салауатты өмір салтын ұстанып денсаулығыңды күт! Денсаулығыңды қайта қалпына келтіру оңай емес денсаулығыңды күтіп ұстап ол өз қолыңда. Нашақорлыққа қарсы күрес жүргізу — біздің қолымызда, өйткені біздер жаңа дәуірде елімізді сақтайтын таза, мықты, денсаулығы зор ұрпақ жалғастыратын қазақ елінің салауатты перзентіміз… Ойланайық! Санамызға сала пайымдайық! Нашақорлыққа ымырасыз болуға шақырамын барлықтарыңызды!

Салауатты өмір салты – біздің ата-бабаларымыздан келе жатқан, әрине, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын қазынамыз. Осы, қазынамызды тұңғиық түбіне батырмайтық, нашақорлық - тұңғиық түбі.«Өмір» атты кемеде тұңғиыққа батпай, шексіз-шетсіз ғарыш кеңістігінде бізге аманат еткен тәуелсіз мемлекетіміздің алтын кілтін жоғалтпай, көк туын көкке қарай биік көтерейік, достар!“Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен” деп халқымыз бекер айтпаған. Жақсыны көріп, тыңдап, соған ұқсау керек. Жаманды көріп, зардабын сезіп, бойыңды аулақ ұстау білімділіктің, көрегенділіктің белгісі. «Өсер елдің баласына лайық салмақты, сабырлы, білімді, жат қылықтан аулақ, елдің ертеңгі азаматы болып өсе берейік!» дегім келеді.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
18.01.2021
2482
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі