«ЕСІРТКІНІҢ СИҚЫРЛЫ СЫЙЛЫҒЫ» АТТЫ ЕРТЕГІ
Ертеде бір ауылда Күш пен Ақыл атты екі дос өмір сүріпті. Олар өте тату болып, бір-біріне көмектесіп жүреді екен. Бір күні ауылға Есірткі деген сұрқия қонақ келіпті. Ол өзі сұрғылт әрі қорқынышты көрінеді, бірақ түрі әдемі көрінетін сандықты арқалап жүріпті. Ауыл тұрғындары оның жанына келіп:
– Сен кімсің? – деп сұрайды.
– Мен Есірткімін. Бұл сандығымда ерекше күш бар. Оны пайдалансаңдар, бәрін жеңіп, көңілді боласыңдар, – деп алдайды.
Күш пен Ақыл Есірткіге сенгісі келмей, одан аулақ жүреді, бірақ ауылдағы кейбір адамдар оның сандығындағы “сыйлықтарды” алып, оны қолдана бастайды. Содан кейін олар әлсіреп, ойын ойнауға шамасы келмей, ерекше сезімді бастан кещіріп, басқа әлемде жүргендей болады. Біртіндеп Есірткімен тіл табысып, оның «сыйлығын» көруге құштар адамдар қатары көбейе бастайды. Бұл жағдайды көрген Күш пен Ақыл мұны көріп, ауыл ақсақалы Данаға барады.
– Дана ата, ауылымызды Есірткіден қалай құтқарамыз? Ол ауыл тұрғындарын алдап, ауруға шалдықтырып жатыр! – дейді олар.
Дана ата:
– Есірткінің айласы күшті, бірақ Ақыл мен Жүректің күші одан да мықты. Барлық балаларға шындықты айтып, оны тоқтату керек, – деп кеңес береді.
Күш пен Ақыл бүкіл ауыл тұрғындарын жинап:
– Есірткі сендерді алдап жатыр! Оның сандығы күшті емес, ол ауру мен қайғы әкеледі! Оны қолданған адамның денсаулығы бұзылады, ал көңілі бұрынғыдай болмайды! – деп түсіндіреді. Алғашында адамдар олардың айтқанына сенбей, қолдарын бір-ақ сілтейді. Уақыт өте келе денсаулықтары сыр беріп, әлсіреп, мінез-құлықтарында да өзгеріс барын байқайды. Бір күні бір адам шамадан тыс Есірткінің «Сыйлығын» пайдаланып, сол арада көз жұмады. Оны көрген ауыл адамдары қатты шошып,естерін тез жинайды. Кінәларын сезініп, Күш пен Ақылдан кешірім сұрайды. Бүкіл ауыл ақылдаса келіп, Есірткіден бас тартып, оны ауылдан қуып жібереді. Есірткі сол күннен бастап бұл ауылға қайтып келмепті, ал Күш пен Ақыл өз достарымен бақытты өмір сүріпті.
Қорытынды: Есірткі – қауіпті жау. Бір сәттік рахат үшін өмір бойы опық жемеу үшін, одан аулақ болып, денсаулығымызды сақтап, білім мен ақылға жұмсауымыз қажет!
Қымбатты замандасым, досым! Мүмкін сіз кейбір құрдастарыңыздан немесе үлкенірек жігіттерден есірткінің әсері туралы түрлі-түсті, еліктіретін әңгімелер естіген шығарсыз. Мүмкін сіз бұл керемет, қызықты, батылдық сезім, үлкендермен тең болу деп санайтын шығарсыз. Есіңізде болсын: кез келген адамның көндіруіне қарамастан, олардың азғыруынан бас тартуға батыл болыңыз.
«Өмір адамға бір-ақ рет беріледі, жарқ етіп өте шығады, сондықтан да әр күніңді ардақта, әр мезетіңнің құнын біл!»-дейді ақ күріштің атасы атанған Ыбырай Жақаев атамыз. Қызықты сәттеріңді есірткіден емес, еңбектен тап!
Есірткісіз өмір сүру - ғажайып,
Қылмыс, ұрлық кетсе екен азайып.
Бұл ғаламда басқа ғажап нәрсе көп,
Болашаққа есірткісіз барайық!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Есірткі ертегі
Есірткі ертегі
«ЕСІРТКІНІҢ СИҚЫРЛЫ СЫЙЛЫҒЫ» АТТЫ ЕРТЕГІ
Ертеде бір ауылда Күш пен Ақыл атты екі дос өмір сүріпті. Олар өте тату болып, бір-біріне көмектесіп жүреді екен. Бір күні ауылға Есірткі деген сұрқия қонақ келіпті. Ол өзі сұрғылт әрі қорқынышты көрінеді, бірақ түрі әдемі көрінетін сандықты арқалап жүріпті. Ауыл тұрғындары оның жанына келіп:
– Сен кімсің? – деп сұрайды.
– Мен Есірткімін. Бұл сандығымда ерекше күш бар. Оны пайдалансаңдар, бәрін жеңіп, көңілді боласыңдар, – деп алдайды.
Күш пен Ақыл Есірткіге сенгісі келмей, одан аулақ жүреді, бірақ ауылдағы кейбір адамдар оның сандығындағы “сыйлықтарды” алып, оны қолдана бастайды. Содан кейін олар әлсіреп, ойын ойнауға шамасы келмей, ерекше сезімді бастан кещіріп, басқа әлемде жүргендей болады. Біртіндеп Есірткімен тіл табысып, оның «сыйлығын» көруге құштар адамдар қатары көбейе бастайды. Бұл жағдайды көрген Күш пен Ақыл мұны көріп, ауыл ақсақалы Данаға барады.
– Дана ата, ауылымызды Есірткіден қалай құтқарамыз? Ол ауыл тұрғындарын алдап, ауруға шалдықтырып жатыр! – дейді олар.
Дана ата:
– Есірткінің айласы күшті, бірақ Ақыл мен Жүректің күші одан да мықты. Барлық балаларға шындықты айтып, оны тоқтату керек, – деп кеңес береді.
Күш пен Ақыл бүкіл ауыл тұрғындарын жинап:
– Есірткі сендерді алдап жатыр! Оның сандығы күшті емес, ол ауру мен қайғы әкеледі! Оны қолданған адамның денсаулығы бұзылады, ал көңілі бұрынғыдай болмайды! – деп түсіндіреді. Алғашында адамдар олардың айтқанына сенбей, қолдарын бір-ақ сілтейді. Уақыт өте келе денсаулықтары сыр беріп, әлсіреп, мінез-құлықтарында да өзгеріс барын байқайды. Бір күні бір адам шамадан тыс Есірткінің «Сыйлығын» пайдаланып, сол арада көз жұмады. Оны көрген ауыл адамдары қатты шошып,естерін тез жинайды. Кінәларын сезініп, Күш пен Ақылдан кешірім сұрайды. Бүкіл ауыл ақылдаса келіп, Есірткіден бас тартып, оны ауылдан қуып жібереді. Есірткі сол күннен бастап бұл ауылға қайтып келмепті, ал Күш пен Ақыл өз достарымен бақытты өмір сүріпті.
Қорытынды: Есірткі – қауіпті жау. Бір сәттік рахат үшін өмір бойы опық жемеу үшін, одан аулақ болып, денсаулығымызды сақтап, білім мен ақылға жұмсауымыз қажет!
Қымбатты замандасым, досым! Мүмкін сіз кейбір құрдастарыңыздан немесе үлкенірек жігіттерден есірткінің әсері туралы түрлі-түсті, еліктіретін әңгімелер естіген шығарсыз. Мүмкін сіз бұл керемет, қызықты, батылдық сезім, үлкендермен тең болу деп санайтын шығарсыз. Есіңізде болсын: кез келген адамның көндіруіне қарамастан, олардың азғыруынан бас тартуға батыл болыңыз.
«Өмір адамға бір-ақ рет беріледі, жарқ етіп өте шығады, сондықтан да әр күніңді ардақта, әр мезетіңнің құнын біл!»-дейді ақ күріштің атасы атанған Ыбырай Жақаев атамыз. Қызықты сәттеріңді есірткіден емес, еңбектен тап!
Есірткісіз өмір сүру - ғажайып,
Қылмыс, ұрлық кетсе екен азайып.
Бұл ғаламда басқа ғажап нәрсе көп,
Болашаққа есірткісіз барайық!
шағым қалдыра аласыз













