жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Есірткі мен ішімдік қоғамдағы қос індет.
Күні: 10.11.18
Өтілетін орын: акт зал
Уақыты : 12 - 30
Сабақтың тақырыбы: Есірткі мен ішімдік қоғамдағы қос індет.
Мақсаты :
Білімділік: оқушыларға адамзат ұрпағына төніп тұрған, ғасыр дертіне айналып отырған нашақорлықтың зардаптарын түсіндіру, зиянды заттардан аулақ болуға шақыру.
Дамутышылық: оқушылардың жат әдеттерден бойларын аулақ ұстап, аталған зиянды заттардың ағзаға тигізер әсерін білу және өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарау сезімдерін дамыту.
Тәрбиелік :адамгершілік жөнінде және құқықтық тәрбие беру, салауатты өмір салтын насихаттау, өз өмірі мен денсаулығын бағалай білуге, оны сақтауға дағдыландыру.
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың түрі : сыныптан тыс.
Сабақтың әдісі:сұрақ – жауап, әңгімелесу, бейне материал, суретпен жұмыс, ой қозғау, кері байланыс.
Күтілетін нәтиже:оқушылар шылым, есірткі, ішімдіктің адамзатқа тигізетін зиянын түсініп, салауатты өмір жайлы білімдерін тереңдетеді.
Көрнекілігі: интеративті тақта, оқушылардың салған суреттері, кітап – журналдар көрмесі, доп, бейнебаян.
Сабақтың жоспары:
|
Р/с |
Мазмұны |
Уақыты |
Жауапты |
|
1 |
Ұйымдастыру кезеңі (сабақтың мақсаты мен жоспарын таныстыру) |
5 мин |
жүргізушілер |
|
2 |
Жүргізушілердің кіріспе сөзі |
7 мин |
жүргізушілер |
|
3 |
Көрініс «Қара пима» |
12 мин |
оқушылар |
|
4 |
Өлең «Ана» |
3 мин |
оқушылар |
|
5 |
Ойын «Сиқырлы қорапша» |
3 мин |
жүргізушілер |
|
6 |
Зиянды әдеттер туралы өлең жолдары |
5мин |
оқушылар |
|
7 |
Ғасыр індеттерімен танысу |
5мин |
оқушылар |
|
8 |
Ситуациялық жағдаят |
5 мин |
жүргізушілер |
|
9 |
Көрініс «Ажалыңа асықпа, айналайын» |
7 мин |
Оқушылар |
|
10 |
Слайд шоу |
5 мин |
жүргізушілер |
|
11 |
Өлең жолдары |
3 мин |
жүргізушілер |
|
12 |
флешмоб |
6 мин |
жүргізушілер |
|
13 |
Қорытынды |
5 мин |
жұргізушілер |
1- жүргізуші
Саламатсыздар ма, құрметті оқушылар, ұстаздар бүгінгі кештің қонақтары!Жаратылыстану бірлестігінің апталығының ашылуына орай өткізіліп отқан «Есірткі мен ішімдік қоғамдағы қос індет» атты ашық тәрбие сағатын ұсынып отырмыз. Адам өмірі әрқашанда қымбат. Ал адам өміріне қауіп төндіретін жағдайларға соғыс, ашаршылық, экологиялық факторлар және адам ағзасын азғындайтын зиянды әрекеттер жатады. Бүгінгі кездесуімізге бірнеше мамандар келіп отыр.
2- жүргізуші
Елбасымыздың «Қазақстан - 2050» жолдауында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі салауатты өмір сүру, оны насихаттау мәселесі. Салауатты өмір салты дегеніміз не? Ол әлеуметтік тұрмыстарды жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, зиянды әрекеттерден аулақ болу деген сөз. Қазіргі кезде етек алған заманымыздың келесі дерттері шылым шегу, нашақорлық.Сыныптас тыс сағатымыздың мақсаты – жат қылықтардан аулақ болуға тәрбиелеу және салауатты өмір салтын насихаттау.
1- жүргізуші
Нашақорлық – бүкіл қоғамның қасіреті, болашағымызға қауіп төндіріп тұрған індет екені баршамызға мәлім. Көрініс «Қара пима»
Нашақорық қооғам дерті. Нашақорлықпен күресуге жалғыз адамның шамасы келмейді. Бұл жерге заң сақшылар норколог мамандар, ата – аналар және сіздер мен біздер әрбір Қазақстан азаматы шетте қалмауы керек. Ғасыр дертімен күресу керек. Дүниедегі ең қымбат нәрсе ол сенің өмірің. Сенің өмірің ол өз қолыңда. Өлең«Ана».
1 жүргізуші
Адам баласы қоғамға пайдалы жақсы істермен айналысуы керек. «Қарын тоқтық, көйлегі көк аздырар адам баласын» деп Абай атамыз бекер айтпаған. Ендеше сергек жүру үшін спортпен айналысу аздық етеді, сонымен қоса салауатты өмір салтын қолданып дұрыс тамақтану керек. Ойын«Сиқырлы қорапша»
2 жүргізуші
Осы отырыста өз ойларымызды, сіздерді толғандырып жүрген мәселелерді толық шешуге, қиналған сұрақтарыңызға қатысып отырған қонақтарымыздан жауап алуға болады. (зиянды әдеттер туралы өлең жолдары»
1 жүргізуші
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Жалпы адамдар неліктен өз денсаулықтарына құртып, оны улайтындарға төзіммен қарауға тиіс. Мен барлықтарыңызды шылым шегушілерге ымырасыз болуға шақырамын», - деп есірткі, шылым, ішімдік сияқты денсаулыққа зиян келтіретін әдеттерге қарсы күрес бар екенін айтқан.(ғасыр індеттерімен танысу)
2 жүргізуші
Денсаулық тәрбиесі – ортақ мәселе. Елімізде ғасыр індетіне айналған жат қылықтарды жасөспірімдер бойынан алшақтату әр адамның өз еркіне, біліміне байланысты.
1 жүргізуші
Жер үстіндегі байлық – адам, оның білімі мен іскерлігі, таланты мен мәдениеті, денсаулығы қоршаған орта мен дос – жолдастарына байланысты. (ситуациялық дайындық)
Жағдаяттар сыры 1.Бір спортсмен өзі әйгілі болады. Жақсы, жұртқа танымал. Бірақ табыс көзі онша болмайды. Енді ол отбасынан асырау үшін «Арақ завотына» жұмысқа тұрады. Алғашқы кезде жақсы табыс тауып жүреді. Кейіннен ол аз – аздап ішіп, араққа бойы үйреніп кетеді. Енді жұмысты тастайын десе, ақша керек, тастамайын десе, ішіп қоя береді.Жағдаяттан қалай шығуға болады?Жағдаяттар сыры
2. Олжас 15 жаста. Темекі тартып, арақ ішіп, аз – аздан ұйреніп жүріп әбден бойына сіңіріп алды. Ал оның ағасы да алғашқыда қалай бой ұрғанын білмей қалған болатын. Інісі ағасының сол бір заттардан қаеша зардап шеккенін біледі. Бірақ өзі сол заттарды тастай алмайды. Сіздің пікіріңіз?
2 жүргізуші:Ұзақ өмір сүргің келсе,
1 жүргізуші: Бақытты болғың келсе,
1,2 жүргізуші: өз еркіңе тоқтау салып спортпен шұғылдан
2 жүргізуші:
«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі жанындағы нашақорлық, психатерапияның Республикалық ғылыми тәжірибелік орталығының мәліметтеріне жүгінсек, бүгінде еліміздегі нащақорлықты емдеу ұйымдарының диспансерлік және кеңестік есебінде 245716 адам тіркеуде тұр. Ал дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының көрсеткіштері спиртті ішімдік тәуелділігінен әлемде жыл сайын 2,3 млн адам көз жұматынын көрсетіп отыр», - деп жазылыпты
1 жүргізуші:
Елбасы өзінің халыққа жолдауы «Қазақстан 2050» бағдарламасында «салауатты өмір салты» туралы нақты айқындап көрсетіп берді.Болашақ Қазақстанның жастары салауатты да, тәрбиелі, шыныққан да шымыр, экологиялық сауатты, ауасы таза көк желекті дамыған елде тұруы керек.(көрініс «Ажалыға асықпа, айналайын»)
2 жүргізуші:
Жаңа ғасыр, жаңа заман бүгін,
Біз тілейміз ұрпақтың амандығын.(бейне материал)
1 жүргізуші:
Ей, болашақ!
Саулығың өз қолыңда,
Жаламасын тәніңді у, саныңды мұң.(оқушылардың өлең жолдары)
2 жүргізуші:
Нашақорлық – жайылған індет, білем,
Жоймай оны жақсылық күн жоқ, білем.
1 жүргізуші:
Жерде жатқан шылымды,
Шошқа келіп иіскеді,
Иіскеді,
Бірақ, тиіспеді.
2 жүргізуші:
Елді қалай сүймеймін,
Болсын менен сый дейтін,
Биге лайық ән болса менде бір бейлейтін деп – ортада «флешмоб»
1 жүргізуші:
Адам!
Адам!
Бөлісіп уайымды-
Болашаққа болыңдар дәйім үлгі!
Бір – біріне болыңдар мейірімді,
Бір – біріңе болыңдар қайырымды,
Дерт шалмасын,
Ешқашан өрт жалбасын,
Алып емен, ақ балтыр қайыңымды,
Бір - біріңе болыңдар қайырымды.
2 жүргізуші
Өткенге өкінбе,
Болашақты болжама,
Өмір теңіз жүзе біл,
Махабатың кетсе күте біл,
Өмір әдемі баспалдақ – тек сүренбей өте біл – дей отырып, бүгінгі сыныптан тыс сабағымызды аяқтаймыз. Алтын уақыттарыңызды бөліп, келіп қатысқандарыңыз үшін көптен көп рахмет.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген