Есірткі орманының құпиясы
Баяғыда жақсылық пен жамандық үнемі күресетін елде ерекше орман болыпты. Бұл орман жайлы ешкім ештеңе білмейді. Біреулері оны жұмаққа теңейді. Онда барсаң шаршағаның басылып, шынайы бақытты боласың дейді. Енді біреулері оны өлі табиғатқа теңеп, ол орманға жоламауды жөн көреді. Бірақ расында да сырттай ол орманның ішінде қызық бірдеңе бар сияқты. Жергілікті тұрғындардың сөзіне қарағанда ол орманға кірген адам қайтадан шыққысы келмей, сонда мәңгілік қалып қояды екен. Себебі, онда белгісіз құбыжық өмір сүреді деседі. Оның есімі «Есірткі» екен. Ол әр күн сайын өз құрбандарын таңдап, оларды әртүрлі айла-қулықпен баурап, өз еркіне бағындырады екен. Бірақ бұл тұжырымға қазіргі жастардың сенгісі жоқ.
Белгісіз құбыжықтың ендігі құрбаны Әли есімді жігіт болатын. Әли ақылды, арманшыл, мейірімді жігіт еді. Бірақ ол кейде өзін жалғыз сезінетін. Осындай әлсіз сәттерді пайдаланып оның құлағына белгісіз бір дауыс сыбырлайтын:
— Сенің өмірің тым қарапайым. Мен сені жаңа әлемге апара аламын. Онда бәрі жеңіл, бәрі әдемі. Маған сен.
Бұл Есірткінің даусы еді. Ол әртүрлі бейнеге еніп, адамдарды оп-оңай құрығына түсіреді екен. Алғашында Әли бұл дауысты елемей жүрсе де, іштей сол дауысқа еріп көргісі келді. Бір күні ол тәуекелге бел буып, әлгі дауысқа еріп көрсем, артық ештеңе бола қоймас деп орманға жол тартты. Жоспарының іске асқанын байқаған Есірткі Әлиді құшақ жая қарсы алып, оған неше түрлі көз тартарлық ғажайыптар көрсетіп, өмірдің уайымын ұмыттырды. Әли өзін сол сәтте жеңіл сезінді, шаршағаны басылып, орманға келгеніне өкінбеді. Ол орманнан шыққан соң бәз-баяғы қалпына оралып, Есірткінің алдына қайта-қайта баруды әдетке айналдырды. Осылай күндер өтіп жатты. Әли Есірткінің торына мықтап шырмала бастады. Достары одан алыстап, Әлидің бұл қылығының қате екенін айтқан сайын Әли оларды жек көре бастады. Тіпті отбасысы да жанына жақындай алмай қалды. Әли бұл жағдайды түсінсе де, Есірткіден құтыла алмады. Ол өз еркімен шешім қабылдау қабілетін, бір сөзбен айтқанда барлығын жоғалтты. Күндердің күні Әли ескі досы Айсұлумен кездесіп қалды. Айсұлу бұрын Әлиді ерекше жақсы көретін және оның жан дүниесінің қараңғылыққа айналып бара жатқанын байқап, уайымдап жүрген болатын. Айсұлу оған қарап:
— Әли, сен бұрын мықты едің ғой. Сенің арманың, мақсатың болатын. Ал қазір тек бір елеске алданып жүрсің. Ол саған ештеңе бермейді. Жай сенің өміріңді біртіндеп тартып алып жатыр. Одан құтылуға көмектесейін, қалай қарайсың?, – деді.
Әли басын шайқап:
— Бұл мүмкін емес. Сен айтып тұрған елес мені өз торына түсіріп, енді ешқашан босатпайды. Мен әлсізбін, – деп күрсінді.
Айсұлу оған жақындап:
— Әли, олай айтпа. Шешілмейтін түйін жоқ. Әлсіздігіңді мойында. Мойындау да ерлік. Ешкім жалғыз күресе алмайды. Бірақ біз бірге күресе аламыз. Саған тек бірінші қадам жасау керек, – деп қолдау берді.
Сол күні Әли алғаш рет Есірткіге қарсы тұруға шешім қабылдады. Есірткі бұған ызаланып, оның ойын әрі қарай қара түнекке айналдыруға тырысты. Бірақ Әлидің жанында Айсұлу мен оның достары болды. Олар оған көмектесіп, әрбір қиын сәтте қолдау көрсетті. Әли көп күш жұмсады. Құбыжықпен күресуі әрине оңайға соқпады. Бастысы Әлиде өзіне деген сенімділік болды. Ол бұрынғыдан да мықты адамға айналып, өз басынан өткенді өзгелерге насихаттап:
— Құбыжықтан құтылу қиын, бірақ мүмкін. Ең бастысы, өзіңді құрдымға кетірмей тұрып көмек сұраудан қорықпау қажет, – деп әрдайым еске салатын. Құбыжық сол орманда әлі де өмір сүрді, бірақ Әли сияқты батылдардың арқасында оның күші біртіндеп әлсірей бастады.
Осындай айлалы дұшпанмен күресу үшін жалғыз болмау керек. Сенімді адамдардың қолдауымен және батылдықпен кез келген қараңғылықты жеңуге болады. Мың рет өлшеп, бір рет кес деп бекер айтылмаса керек, сол үшін қандай да бір шешім қабылдардың алдында, ұзақ ойлану қажет.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз