400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Есірткісіз болашақ панорамалық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға зиянды әдеттердің алдын алуын түсіндіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Есірткісіз болашақ»
Мақсаты: Салауатты өмір салтын насихаттай отырып, табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы денсаулықты сақтаудың басты қағидалары: оқушыларды зиянды әдеттерден бойларын аулақ ұстауға, әлем дерті нашақорлық ауруынан сақтануға, оқушылардың бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға, денсаулықтың қадірін түсініп, сақтай білуге тәрбиелеу.
Түрі: панорамалық сабақ
Тәрбиелік бағыты: Салауатты өмір салты

Барысы:

Сыныпты 3 топқа бөлу. Денсаулық мозайкасы арқылы оқушылар құрастырып топтарға бөлінеді.Денсаулық, Байлық, Салауат.
Мұғалім: Нашақорлық - ғасырымыздың дерті. Ұлтымызды азғындатып, адамды кісілік қасиетінен айыратын тажал дертіне қарсы күрес отбасынан, мектептен басталуы тиіс. Сондықтан біздер заманымыздың қасіретіне айналып отырған есірткіге қарсы тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз. 3 топқа алдын-ала постер берілген қорғаймыз балалар белгілі уақыт берілген.
І. Есірткі – жас өмірді улайды
Есірткі - ғасыр тажалы. Онымен қазір бүкіл әлем болып күресуде. Бірақ ол оңай алдырар жау емес екен. Күн өткен сайын шырмалып, ауруды ауыздықтауға қанша күш салса да, оның жарасы асқынып бара жатқан секілді. Есірткі адамзат баласына құмарлық үшін ежелгі заманнан таныс. Ғалымдар сөзімен айтқанда, есірткіні алғаш рет Жерорта теңізін мекендеген халықтар пайдаланған екен. Көкнәр, зығыр т. б. құрамында есірткі заттары бар өсімдіктер дүниежүзінің кез - келген түкпірінде өсіріледі. Есірткінің түрлері: гашиш, морфин, опий, кокаин, апиын, героин. Осылардың барлығы да аса күшті наркотикалық әсері бар заттар болып табылады.
Мұғалім: Видео ролик көрсету.
ІІ. «Ажалыңмен ойнама, айналайын» көрініс Оқушылар әр топ ситуациядан шығу керек. 10 минут уақыт беріледі. Осы тақырыпта көріністеріңді тамашалаймыз.
ІІІ.Мұғалім: Әр топ түйінді сөзін «Гүлсезім» стратегиясы арқылы қорытады. Тақтада қызғалдақтар тұр сол жерге жазып гүл тереміз.

  1. Есірткі - ғасыр тажалы. Онымен қазір бүкіл әлем болып күресуде. Бірақ ол оңай алдырар жау емес екен. Есірткі - бір басын кессең, екінші басы шыға келетін жеті басты жалмауыз сияқты.
    2. Есірткі бар жерде есірткіні таратушылар да бар. Олар - кісінің көз жасынан, қайғы - қасіретінен алтын ақша сауып отырған қаныпезерлер.
    3. Сол қаныпезерлердің ең алдымен айналдыратыны - өсіп келе жатқан көк өрім жастар.
    4.Көкнәр деген шөп болады. Есірткінің біразын осы шөптен жасайды. 5.«Көкнәрдің көз жасын ішкен адам өмір бойы жылап өтеді» деген сөз бар халықта.

Мұғалім: Ал жарайсыңдар үйден ізденіп сендер бірнеше материалдармен танысып топта ойымызды ортаға салдық. Енді біз спортпен айналысамыз. Жаман зиянды әрекеттерден аулақ боламыз. Тек алға мақсат қойып жақсы әрекеттер орындаймыз балалар.

Салауатты өмір салтын қолдайық!
Әдеттен жаманнан аулақ болайық!
Өз өмірің өз қолыңда, ей, жастар,
Су ішпеген гүлдей болып қалмайық.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.11.2020
536
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі