400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Есірткісіз өмір ғажайып!

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға есіртке туралы түсінік
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:13.02.2019 жыл

Сынып сағатының  тақырыбы: Есірткісіз өмір ғажайып!

Мақсаты:

1.Есірткі заттарының, ішімдік ішу мен темекі тартудың, нашақорлықтың жас ағзаға тигізер зиянды әсері, өкінішке ұрындырар, келешек  өмірлеріне келтірер кесапаты  туралы түсінік беру. Ғасыр дертіне айналып отырған кеселдің залалын жан-жақты меңгерту.

2. Зиянды әдеттерден аулақ болып, өзін де, өзгені де зиянды әдеттердің қасіретінен қорғай білуге, салауатты  өмір   сүруге тәрбиелеу.Нашақорлықтың алдын алу.

3. Оқушылардың бойында салауатты  өмір  салтын  берік  қалыптастыру, жеке тұлғаның   санасын дамыту, өмірге деген көзқарастарын қалыптастыру.

Сабақтың түрі:дәстүрден тыс,жарыс сабақ

Әдіс-тәсілі:түсіндіру,сұрақ-жауап,т.б

Көрнекіліктері: интерактивті тақта, плакаттар, суреттер, нұсқаулық-кітапшалар, нақыл сөздер.

Өту барысы:

  • Психологиялық тренинг:   «Мен  өзіме сенемін!» 

(Оқушылардың  арасында   жағымды орта,  көңіл- күй  қалыптастыру)

Еңбек етсем ертеңгі бақытыма сенемін!

Мақсатыма жеткізер уақытыма сенемін!

Достық пенен қасты да жеңеріме сенемін!

Ақыл сана білім мен өнеріме сенемін!

Арым таза ақкөңіл адалдыққа сенемін!

Абыройлы ақ ниет адамдыққа сенемін!

 

     Мұғалім сөзі: Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақстан -2030» стратегиялық даму бағдарламасындағы халқына жолдауында «Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал-ахуалы жақсы болуы тиіс» деп атап көрсеткен болатын. Яғни, мемлекетттің  бірінші кезектегі  атқаратын шараларының бірі халық  денсаулығын нығайту.

       Құрметті ұстаздар мен оқушылар!

  Қадірменді көрермендер,енді назарымызды бейнематериалға аударайық.

-Біздің болашағымыз неге байланысты? Бұл  залалдан  құтылатын  ем, жолы  бар ма?

     ХХІ ғасырда  адам  баласының   басына  төнген қауіпті  эпидемия – нашақорлық  қанатын  кең  жайды. Оның  ауқымды  мөлшері  әрлі – берлі  Қазақстан  арқылы  өтеді. Қаншама бейкүнә адамдар осылардың құрығына түсіп, дүние салып, талай ауруларға ұшырады

    Есірткі – бұл адамның көңіл-күйін, сана-сезімін, мінез- құлқын бұзатын қауіпті, тиым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық жиілігіне ұшыратады. Нашақор есірткісіз өмір сүре алмайтын бейшара халге түседі.

Грек тілінде ұйқы мағынасын білдіретін «nаrke» сөзі, ағылшын тілінде «narkotik» деген сөзге айналып, ұйықтау, жансыздандыру, сезімсіздендіру деген мағынаны береді.

Ей, ұрпағым, есіңді жи, азбаңдар
Қиыршық құмдай үгітіліп тозбаңдар.
Бойыңдағы қуатыңды жоғалтып
Жақсы үмітпен, сеніміңнен таймаңдар
Салауатты өмір салтын сақтаңдар
Болашаққа нық қадам бастаңдар!-деп  ендігі кезекте  оқушыларды  салауатылыққа шақыратын   2  топқа    бөлемін.

І кезең: «Таныс  болайық!»

 1.«Болашақ» тобы

Ұстанымы: «Шылымқорлыққа қарсы»

Ұраны:  Денсаулықты қорғауға
Шықтық біз де топ құрап.
Кілең сайдың тасындай

Бес  ұланнан тұрамыз.
Сөз сөйлейміз жасқанбай,
Осындай топ боламыз.

 2.«Денсаулық» тобы.

Ұстанымы: «Нашақорлыққа қарсы»

Ұраны: Салауатты мақсатымыз -өмір сүру,

Өмірдің мағынасын керек білу.

 Жауымыз-ішімдік пен нашақорлық

Ұстанамыз–бұл жолдан аулақ жүру

 ІІ кезең: «Бәйге»

   Әр топқа  сұрақтар беріледі. Сұраққа жауап дайындауға 2 минут беріледі.

І топқа:

         1-сұрақ:  Жасөспірімдер  арасында  шылым  шегушілік  туралы не айтасыз?  

                         Шылым  шегуді қоюға бола ма?

Жауап:     -Кей балалар  темекі тартуды есею деп санайды. Еліктейді, бір-бірінен артық болып көрінгісі келеді, не біреу ықпал етеді. Бірақ, олар  өз денсаулығына өздері зиян келтірушілер.  Темекіні тастау үшін баланың қайраты мен қажырлығы керек. Бос уақытын қызықты  өткізіп, спортпен шұғылданса, темекіні тастау оп-оңай. Сонда ғана өзіңді-өзің жаман ортаға итермейсің.

2-сұрақ: Адам денсаулығына ең қажетті зат не деп ойлайсыңдар?

 ІІ топқа:

       1.Есірткіге әуестенген адамның өмірі қысқа болады дейді. Оның себебі неде?

Жауап: — Нашақорлықпен ауратындардың өмірі ұзаққа бармайды. Алғашқыда ляззат ал үшін, кейіннен ауырмау үшін ғана қолданатын болады. Сөйтіп,  денелерін улап тастайды нәтижесінде мидың тыныс алу  орталығы тоқтайды.

  1. Денсаулықтың қастарын атап шық.

 

ІІІ кезең:   «Көкпар тарту»  Мақал-мәтел жарысы.

 

Жігерің бар, талабың бар, қайратың,
Мақсат тұтсаң қанатың бар талмайтын.
Өз-өзіңді ұстай білсең тартынып,
Өмірің бар алда әлі солмайтын, – дей отырып, жаман әдеттерден жирендіретін, зиянды әдеттер, денсаулыққа байланысты мақалдар мен ұлағатты сөздердің жалғасын табуға кезек берейік. (
2 топ кезек-кезекпен айтады).

 1Ауырып ем іздегенше , (Ауырмайтын жол ізде )

2.Шылымқор өзін ғана емес, (Өзгелерді де улайды)

3.Темекінің көк түтіні (Екі өкпеңді ыстайды)

4.Ұзартқың келсе ғұмырды, (Таста арақ пен шылымды)

5.Ішпеген, шылым тартпаған – (Денсаулығын сақтаған)

6.Жасында темекісін будақтатқан – (Күркілдеп қартайғанда құлап жатқан)

7.Көзге түскен қауыз жаман, (Шылым шеккен ауыз жаман)

8.Шылымды жерге тастама, (Айналаңды ластама)

9.Түтіні тісіңді сарғайтады, (Уы ерте қартайтады)

10.Темекінің кермегі, (Еріккеннің ермегі)

ІҮ кезең:  «Ситуациялық жағдаят»    

Салауатты өмір салтын қолдайық!
Әдеттен жаман әманда аулақ болайық!
Өз өмірің өз қолыңда, ей жастар,
Су ішпеген гүлдей болып солмайық!

— Келесі кезеңімізде,әр топқа, сайысымызға қатысты мамандарымыздың  дайындаған сұрақтары  бойынша  жауап беріп,  «Ситуациялық жағдаятты» талдау. Ойлануға 2 минут уақыт беріледі.


1. «Болашақ» тобына

-Сенің өте жақсы көретін досыңның аузынан ептеп есірткі шығатынын бір-екі рет байқадың.Ол сені сезеді деп ойлаған жоқ.Ата-анасыны айтайын десең досыңның көңілін қимайсың.Сен досыңды қалай құтқарар едің?


«Денсаулық» тобына:

— Сенің достарыңның бәрі темекі шегеді.Ал сенің темекі шеккің келмейді,сол үшін олар сені шеттете бастайды.Сен олардан бөлініп кете алмайсың.Не істер едің?



V кезең «Уланбасын өмірің» көрініс  қою.

-Бұл бөлімде әр топ өз көріністерін көрсетеді.
1- топ «Зиянды әдеттер » планетасы
2- топ «Есірткіден аулақ бол»

1 . «Болашақ» тобы:    «Зиянды әдеттер » планетасы
  Адам: Уһ, жаным –ай! Енді қайда барсам екен? Қай жерге барып жаным рақат табар екен!   Не етсем екен!
Арақ: Мен мөлдірмін!  Мені ішіп рақаттан. Көңіл —  күйің көтеріліп, өмірің қызық болады. Кел менімен дос бол! Менімен дос болсаң қайғыруды ұмытасың, жеңілдейсің.
Темекі: Ал мен сымбатты да әдемімін, иісім қандай жағымды.  Менің әсерімнен рахаттанасың. Менің досым бол, кел!
Наша:  Бәрінен де мен күштімін. Ең рақаты, ең тиімдісі мен боламын. Мені шегіп, күш-  жігерің артады, көңіл күйің көтеріледі. Мен сені еш уақытта  тастамаймын, адал дос боламын.  Кел, менімен дос бол!
Денсаулық планетасының тұрғыны:
—  Тоқтатыңдар! Ей, жауыздар,сырты жылтыр, іші қотыр жауыздар! Кетіңдер, кетіңдер ары, босқа ерікпеңдер. Менің адамымның алда көрер қызығына сендер кедергі боласыңдар!  Егер сендерге еріп, жеңіл жол іздеп, еріп кете берсе, өмірге қандай болашақ ұрпақ  әкелмек!  Жүр, одан да менімен жүрсең адам боласың! Адам деген асыл атыңды мұндай  жауыз заттармен кірлетпе!


2- топ «Денсаулық» тобының көрінісін тамашалаңыздар!
Көрініс: 
«Есірткіден аулақ бол!»

Автор: Ерте, ерте , ертеде,
Дәл қазіргі заманда,
Арман деген баланы
Еркелетіп өсірді.
Сұрағанын әперді,
Оқу деген ойда жоқ,
 Өсе келе ол бала,
Жамандыққа бойлайды.
Өз бойына жолатты
Есірткі деген пәлені.
Бала: (Рэп стиліндегі әуен қойылады)
 Керек  емес, үйретпе,
Оқымаймын ереже.
Еркесімін әкемнің,
Кенжесімін атамның,
Қалтам толы ақшаға,
Ауырмайды басым басқаға.
(«Аппақ гүлдер»  әуені қойылады)
Тыныш еді өмірім,
Көріп сені өзгердім.
Сүйіп сені көңілім жұлдыздырға тең келдім.
Сөз таппаймын айтуға,
 Сені бойға алғанда,
Түсімде де жүрсің ғой,
Темекі мен есірткіні ұсынып.
(Билеп жүріп құлайды. )
Дәрігер:
Тамырын у мен суарып,
Инемен таза денеңді
Тесуге неге келістің?
Көк түтінмен уланып,
Ащы суды неге іштің?
Төсекке асыл азамат
Аурумын деп  құлапсың.

 Спортшы жігіт жаттығу жасап, шынығып жүр. Оның жанына темекі тартып, қолдарына ішімдік бар достары келеді. Арада 5 жыл уақыт өткен соң, олар кездеседі.

Спортшы жігіт әлем чемпионы атанған, ал баяғы  темекі ішкіш, ішімдік құмар достары азып –тозған, түрлері адам шошитындай халге түскен. Спортшы жігіт сөйлейді.


Спортшы жігіт:

Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа,

Өмірде бақыттысың денің сауда.

Денсаулық терең бақыт деген сөзді,

Құр айтпаған ғұлама данамызда.

Сақта халқым, денсаулығын аналардың,

Болсын десең дені сау ұрпақтарың.

 VI  кезең:    «Ғасыр тағдыры үшін, күресейік!». Сурет  байқауы.

Әр топ  суреттерін  тақырып бойынша қорғайды.

  1. «Болашақ»тобы: Суреттің тақырыбы: «Темекіден түтін сорсаң улайсың,өзіңді-өзің жіпсіз байлап шырмайсың.»

2.«Денсаулық»тобы:  Суреттің тақырыбы: «Есірткіге жолама, жетелейді молаға.»

 Қорытынды бөлім.  «Достық ағашы»

       Мұғалім:  Балалар, енді, жылы жүректеріңнен шыққан тілектеріңді достық ағашына орналастырайық.

-Дені сау адам қандай болады?

-Денсаулығыңды сақтау үшін  не істеу керек?

  «Достық ағашы» қандай әдемі болды. Достық ағашы тамырын кең жайып өсе берсін, дендерің сау болсын. ( Жазған тілектерін оқиды).


Мұғалім: «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дейді данышпан халқымыз. «Өмірімізді ұзарту да, қысқарту да өз қолымызда.»

Өмірге адам бір ақ рет келеді,
Жастық шағың өміріңнің кемелі.
Күте білсең саулығыңды өрелі,
Табиғаттың бергеннен көп берері.
-Яғни, адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулықтың кепілі – салауаттылық.
«Тіршіліктің негізі – салауатты болашақ» деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

 

 


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 ақпан
2573
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі