400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Есірткісіз өмір ғажайып

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың денсаулығын алдын алу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Есірткісіз өмір ғажайып.

Мақсаты:

1.Есірткі заттарының , ішімдік ішу мен темекі тартудың, нашақорлықтың жас ағзаға тигізер зиянды әсері, өкінішке ұрындырар , келешек өміріне келтірер кеспаты туралы түсінік беру.Ғасыр дертіне айналып отырған кеселдің залалын жан-жақты меңгеру.

2.Зиянды әдеттерден аулақ болып, өзін де өзгені де зиянды әдеттердің қасіретінен қорғай білуге салауатты өмір сүруге тәрбиелеу. Нашақорлықтың алдын алу.

3. Оқушылардың бойына салауатты өмір салтын берік қалыптастыру , жеке тұлғаның санасын дамыту, өмірге деген көз қарастарын қалыптастыру.

Әдіс –тәсілі: түсіндіру сұрақ ,жауап т.б.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, плакаттар суреттер ,нақыл сөздер.

Психологиялық тренинг : «Мен өзіме сенемін!».

(Оқушылар арасында көңіл күй қалыптастыру)

Еңбек етсем ертеңгі бақытыма сенемін !

Мақсатыма жеткізер уақытыма сенемін!

Достық пенен қасты да жеңеріме сенемін!

Ақыл сана білім мен өнеріме сенемін!

Арым таза ақкөңіл адалдыққа сенемін !

Абыройлы ақниет адамдыққа сенемін!

Тәрбиеші сөзі:

-Енді назарымызды бейне материалға аударайық.

-Біздің болашағымыз неге байланысты?

-Бұл залалдан құтылатын ем, жолы бар ма?

ХХІ ғасырда адам баласының басына төнген қауіпті эпидемия –нашақорлық қанатын кең жайды. Оның ауқымды мөлшері әрлі –берлі Қазақстан арқылы өтеді. Қаншама бейкүнә адамдар осылардың құрығына түсіп , дүние салып , талай ауруларға ұшырады.

Есірткі-бұл адамның көңіл күйін , сана-сезімін , мінез құлқын бұзатын қауіпті , тыйым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып , құмарлық жиілігіне ұшыратады. Нашақор есірткісіз өмір сүре алмайтын бейшара халге түседі. Ағылшын тілінде « narkotik» деген сөзге айналып , ұйықтау,жансыздандыру, сезімсіздендіру деген мағынаны білдіреді.

Ей ,ұрпағым, есіңді жи, азбаңдар,

Қиыршық құмдай үгітіліп тозбаңдар.

Бойыңдағы қуатыңды жоғалтып ,

Жақсы үмітпен , сеніміңнен таймаңдар.

Салауатты өмір салтын сақтаңдар ,

Болашаққа нық қадам бастаңдар! –деп ендігі кезекте оқушыларды салауаттылыққа шақыратын 2 топқа бөлемін.

1-кезең: « Таныс болайық!»

1.«Болашақ тобы»

Ұстанымы: «Шылымқорлыққа қарсы»

Ұраны : Денсаулықты қорғауға,

Шықтық бізде топ жарып .

Кілең сайдың тасындай,

Бес ұланнан тұрамыз ,

Сөз сөйлейміз жасқанбай,

Осындай топ боламыз.

2. «Денсаулық» тобы

Ұстанымы: « Нашақорлыққа қарсы»

Ұраны: Салауатты мақсатымыз- өмір сүру,

Өмірдің мағынасын керек білу.

Жауымыз- ішімдік пен шашақорлық ,

Ұстанымыз-бұл жолдан аулақ жүру.

ІІ.кезең: «Бәйге»

Әр топқа сұрақтар беріледі.

Сұраққа жауап дайындауға 2 минут беріледі.

І топқа:

1-сұрақ: Жасөспірімдер арасында шылым шегу туралы не айтасыз?Шылым шегуді қоюға бола ма?

Жауап: Кей балалар темекі тартуды есею деп ойлайды.Еліктейді, бір-бірінен артық болып көрінгісі келеді, не біреу ықпал етеді.Бірақ, олар өз денсаулығына өздеріне зиян келтірушілер. Темекіні тастау үшін баланың қайраты мен қажырлығы керек. Бос уақытын қызықты өткізіп , спортпен шұғылданса , темекіні тастау оп –оңай. Сонда ғана өзіңді –өзің жаман ортаға итермейсің.

2-сұрақ. Адам денсаулығына қажетті зат не деп ойлайсыңдар?

ІІ. Есірткіге әуестенген адамның өмірі қысқа болады дейді Оның себебі неде?

Жауап: Нашақорлықпен ауыратындардың өмірі ұзаққа бармайды. Алғашқыда ләззат алу үшін , кейіннен ауырмау үшін ғана қолданатын болады. Сөйтіп денелерін улап тастайды, нәтижесінде мидың тыныс алу орталығы тоқтайды

2. Денсаулықтың қастарын атап шық.

ІІІ.кезең: « Көкпар тару». Мақал-мәтел жарысы.

Жігерің бар , талабың бар қайратың ,

Мақсат тұтсаң қанатың бар талмайтын .

Өз-өзіңді ұстай білсең тартынып ,

Өмірің бар алда әлі солмайтын,-дей отырып жаман әдеттерден жирендіретін , зиянды әдеттер , денсаулыққа байланысты мақалдар мен ұлағатты сөздердің жалғасын табуға кезек берейік.

(2-топ кезек –кезек айтады)

1.Ауырып ем іздегенше ,(Ауырмайтын жол ізде)

2.Шылымқор өзін ғана емес ,(Өзгелерді де улайды)

3.Темекінің көк түтіні (Екі өкпеңді ыстайды)

4.Ұзартқың келсе ғұмырды,(Таста арақпен ,шылымды)

5.Ішпеген ,шылым тартпаған-(Денсаулығын сақтаған)

6.Жасында темекісін будаттатқан –(Күркілдеп қартайғанда құлап жатқан)

7.Көзге түскен қауыз жаман,(Шылым шеккен ауыз жаман)

8.Шылымды жерге тастама,(Айналаңды ластама)

9.Түтіні тісіңді сарғайтады,(Уы ерте қартайтады)

10.Темекінің кермегі(Еріккеннің ермегі)

Қорытынды :

«Достық ағашы»

Тәрбиеші: Балалар,енді жылы жүректеріңнен шыққан тілектеріңді достық ағашына орналастырайық.

-Дені сау адам қандай болады?

-Денсаулығыңды сақтау үшін не істеу керек?

-«Достық ағашы» қандай әдемі болды.Достық ағашы тамырын кең жайып өсе берсін, дендерің сау болсын.

Тәрбиеші : «Ауырып ем іздегенше ауырмайтын жол ізде» дейді данышпан халқымыз. «Өмірімізді ұзарту да,қысқарту да өз қолыңда»

Өмірге адам бір-ақ рет келеді,

Жастық шағың өміріңнің кемелі.

Күте білсең саулығыңды өрел,

Табиғаттың бергеннен көп берері.

-Яғни , адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулықтың кепілі салауаттылық. «Тіршіліктің негізі- салауатты болашақ» деп, бүгінгі тәрбие сағатын аяқтаймыз.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
24.10.2019
746
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі