Есірткісіз өмір ғажайып (Үндеу)

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Есірткісіз өмір ғажайып (Үндеу)

Материал туралы қысқаша түсінік
Есірткісіз өмір ғажайып тақырыбында Қазақстан жастарына үндеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Есірткісіз өмір ғажайып

(Үндеу)

Әрбіріміз жарқын өмірді қатесіз өткізуге ұмтылатынымыз анық. Алайда, ол үшін қоршаған ортаның қамқорлығы қажет. Мен де осы үндеуімді жас достарымды есірткісіз болашақты таңдауға шақырамын. Әрқашан есірткіге жол жоқ”- деп, қоғамды дамытуға үлес қосайық!

Есірткісіз өмірді таңдау – бұл саналы әрі мақсатты қадам. Мұндай таңдау жеке тұлғаның ғана емес, бүкіл қоғамның денсаулығы мен әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік береді. Әрбір азамат спортпен айналысып, салауатты өмір салтын ұстанып, рухани және мәдени құндылықтарды дәріптеуі қажет.

Өмір – адам үшін берілген ең үлкен сый. Осы үлкен сыйдан айрылып қалу демде екенін қазіргі жастар, сіз бен біз, естен шығармауымыз керек. Сені ата-анаң не үшін мәпелеп өсірді? Сол ата-ана еңбегінің өтеуі – олардың үмітін ақтау, салауатты өмір салтын ұстанып, жетістікке жету өз қолымызда. Сол себепті, кеш болмай тұрғанда “Ойлан!” дегім келеді.

Еліміздің кемелденуі мен ұлтымыздың жарқын болашағы білімді де дені сау ұрпақтың қолында. Әрбір жас ұрпақтың міндеті – халықтың болашағын сақтап, дені сау ұрпақты дүниеге әкеліп, тәрбелеу. Біреу есірткіні тұтынуға шақырса, ойланбастан «Жоқ!» деп жауап бер. Ол сенің өз құқығыңды сақтаумен тең.

Есірткіні жанына серік еткен адамның қолына ел болашағын тапсыра алмаймыз. Біз әрқашанда «Есірткісіз өмір ғажайып!» ұранын қолдап, есірткінің тарауына жол бермей , күресуіміз керек. Есірткісіз күліп-ойнап өмір сүру – ғажайып!

Есірткісіз өмірді таңдау – бұл қоғамның болашағын жарқын етуге бағытталған жауапты қадам. Бұл жолды таңдаған әрбір азамат өз өмірін, отбасын және айналасын жарық нұрға бөлеп, қоғамның дамуына үлес қосады. Есірткісіз өмір – бұл денсаулық, бақыт және үйлесімділікке толы өмір.

Есірткі өміріңді қор қылады,

Ел алдында жігеріңді құм қылады.

Ей, ұрпағы қазақтың салиқалы,

Ертеңді ойла, болашағың не болады?

Ата - анаң, отбасыңды ойлау керек,

Сен үшін олардың орны бөлек.

Нашақор боп, атына кір келтірмей,

Алақанға салып мәңгі сыйлау керек!

Салауатты өмір салтын сақтанайық,

Денсаулықты жас күннен бағалайық!

Көк байрақты жоғары желбіретіп,

Жақсы әдет, жақсы жолға бет бұрайық!

Ашық қылсын жалғыз алла аспанын,

Аман қылсын еліміздің жастарын.

Таза болып, аман болса, сау жүрсе,

Бұл өмірде керегі не басқаның?

Есірткісіз өмір ғажайып!


Ш.Ермағанбетова атындағы №246 орта мектептің

9 “Ә” сынып оқушысы Қайнарбек Айсұлу

Жетекшісі: Тоқмырзаева Қуанышкүл Ерқасымқызы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
18.02.2025
156
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі