400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Есірткісіз қоғам - болашаққа батыл қадам

Материал туралы қысқаша түсінік
Есірткісіз қоғам - болашаққа батыл қадам тақырыбында жазылған эссе. Есірткінің зияны мен одан неғұрлым алыс жүруге шақыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Есірткісіз қоғам – болашаққа батыл қадам

Есірткі – қоғам дерті, әлемді жаулаған қатер. Есірткі, грек тілінен енген термин болып табылады, яғни грек тілінен аударғанда «Естен айырылу» деген мағынаны білдіреді. Бұл терминді ең алғашқы енгізген грек емшісі Гиппократ болды. Есірткі сезгіштіктіктің толық жоғалуына, кейбір жағдайларда паралич тудыратын зат болып табылады.

Есірткі – қоғам дерті. Нашақорлық пен есірткінің зияны орасан. Бұл тұтас ұлттың тамырына балта шабатын, халықты қарусыз жоятын кеселдің бірі. Соған орай, есірткімен күрес бүгінде кез - келген елді алаңдататын, ең өзекті, әлеуметтік мәселенің біріне айналды. Нашақорлық адамзат баласының денсаулығы мен еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне төнетін үлкен қатер. Қауіпті дертті ұғындыру мақсатында мектеп табалдырығынан бастап түрлі шаралар өтілуде. Бұл шаралар жасөспірімдердің жаманнан жиреніп, жақсыны үйренуге баулитыны хақ. Десек те, оның қаншалықты қауіпті екенін сезе тұрып өз еркімен баратындар қаншама.

Бұл ХХІ ғасырдың індеті. Небір дамыған, алпауыт елдердің өзі бұл дертпен күрескен сайын артып келеді. Қазақстан территориясы бірнеше мемлекеттің күре жолдарын жалғап жатыр. Мұндайда есірткі тасымалына тосқауыл қою, есірткі саудасына жол бермеу үшін мемлекет тарапынан өте ауқымды жұмыстар үздіксіз жүргізілу қажет. Осыған орай біздің еліміз көптеген халықаралық есірткіге қарсы жобаларға қатысып, кеселдің алдын алуға бағытталған халықаралық операцияларды ұйымдастырып, қылмыстық топтардың жолын кесу бойынша нақты іс-шараларға бастамашы болып келеді. Нашақорлыққа қарсы көптеген жұмыстардың қолға алынғанына қарамастан, қоғамда есірткіге қызығып, тұтынатындар саны күн санап көбеюде. Әсіресе, жастардың есірткіге әуес болуы үлкен алаңдаушылық туғызады.

Қорыта келе, болашағым жарқын, ұрпағым адал болсын деген әрбір адам есірткіден өз еркімен бас тарту қажет. Есірткісіз өмір болашағыңның кепілі. Бірінші байлық – денсаулық десек, сол денсаулықтың қадірін білу керек.

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім.

Ер жеткен соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім.- деп Абай атамыз айтқандай, жас күнімізде денсаулықтың қадірін білмей, тығырыққа тірелгенде кеш болғанын біліп, егілеміз, өкіреміз. Бірақ одан еш пайда жоқ. Сол себепті де, жаңа Қазақстанға есірткісіз аяқ басайық, жас достар!

Темекі тоздырады,

Арақ аздырады,

Есірткі ес кетіреді.




Ш.Ермағанбетова атындағы №246 орта мектептің оқушысы Әнуарбек Нұрасыл

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18.02.2025
178
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі