400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Ешкі сүті" ғылыми жұмыс !

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық мұғалімдерге қажет дүние, ғылыми жұмыс
Материалдың қысқаша нұсқасы

Кіріспе:

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Ешкі сүтінің құрамындағы дәрумендердің адам ағзасына оңтайлы әсер етуінің бірден- бір себебі, ешкі төлі мал басын бастап жүріп , дәрілік шөптерді теріп жейді. Өйткені құнарлы жасыл шөппен қоректенген аналық















































































































Біздің елімізде ешкі шаруашылығына дұрыс көңіл бөлінбей келеді. Жалпы, жұмыр жерде ешкі Азия және Африка құрлығында көп кездеседі. Олардың ешкі малынан алып жатқан пайдасы да айтқанға арзиды. Дегенмен Еуропада аталмыш шаруашылықты дамытуға ерекше мән беріліп отыр. Әсіресе, Голландия мен Франциядағы мал шаруа қауымының ешкі өсірумен-ақ шекесі шылқып отыр. Әлемнің көптеген еліндегі дүкен сөрелерінде фанцуз шаруаларының өнімдерін кездестіруге болады. Барлығының орайын келтірген. Жағдайлары жаман емес. Қаншама қаржы қалтаға құйылып жатыр. Бұл елдерде ешкі жайылымға сыймай жатқан жоқ. Әрбір ісіне есеппен қарап үйренген еуропалықтар мол өнімге қол жеткізу мақсатында асыл тұқымды ешкі малын өсіреді. Себебі, олар ешкі малынан таңсық өнім, таң қаларлық пайда алып жатыр емес пе? Ал Қазақстанда ше? Ол қазақтардың жеті ұйықтап түсіне де кірмеген.Төрткүл дүниеде 1 млрд шамасында ешкі малы бар екен. Оның 180 млн басқа жуық Сексек ата тұқымы болатын көрінеді. Одан кейінгі орындардағы Үндістанда-130, Пәкістанда -50, Бангладеште-40, Иран мен Нигерияда-30, Судан, Эфиофия, Индонезия мен Сомалиде 20млн шамасында малдың ос тұқымы кездеседі.Бізде ше? Олардың саны бар-жоғы 2 млн бастан аспайды. Сыр өңіріне Швеция мамандары жергілікті шаруа қауымының тіршілігімен танысқан олардың біздің ешкілерге таң қалып қайтты. Скандинавия түбегіндегі елдің өкілдері ешкі бағумен айналысады екен.Күтімге алған түліктері біздегідей қоңды емес көрінеді. Олар таң қалғаннан: «Сіздер қандай азық бересіздер?»-дегенде,өкінішке қарай, біздің ешкілерге ондай қамқорлық жасалмайтыны тағы да белгілі болды. Шведтер ешкі түбітінің қалың екендігіне де бас шайқап кетті. Қонақтар аталмыш малдан қанша пайда тауып жатқанын білгісі де келді. Дегенмен біздің шаруалар үндемей құтылды деуге де болады. Өйткені оған көңіл бөліп жүрген ешкім жоқ емес пе? Қайтседе, қазақ менсінбейтін ешкіні Еуропа «еркелетіп» отыр деп айтуға да тура келеді.

Көнекөз қариялар не дейді?

Қазақ жерінде ешкі малын өсіруге мол мүмкіндік бар. Елімізде табиғи жайылым көлемі жетеді. Дерекке көз салсақ, Қазақстанда 180 млн гектарға жуық табиғи жайылым бар екен. Одан қалды, ешкі бағуға қолайлы 7,2 млн гектар шамасында таулы өңір орналасқан. Сондай-ақ 20 млн гектар шамасында тасты аймақтар бар. Тастан-тасқа секіріп үйренгшен ешкі малы үшін бізде молынан жетіп жатыр. Бір өкініштісі, бізде оған деген дұрыс көзқарас жеткіліксіз.өзіміз баққаннан гөріғ сырттай сатып алғанды жөн көреміз. Елімізде мал шаруашылығын дамыту бағытында төрт-түлік қатарынан «құрметті» орын ала алмай қалса да, ешкіні өсіруді жөн көрсек болар еді. Әрине, бүгінгі таңда өткеннің өлшемі жүре қоймас. «Айдағаның –бес ешкі, ысқырығың жер жарады» деуге де жарамас.Көнекөз қариялар «ешкі сүті құрамы жағынан ана сүтімен пара-пар» дегенді бекер айтпаған болар..Сондай-ақ дәрігерлер ешкі сүтінің пайдалы екенін жоққа шығармайды. Оның құрамында денсаулыққа өте қажетті дерумендер көп көрінеді. Атап айтқанда, асқазан-ішек жолдарының аурулары, сусамыр ауруларына қарсы тигізетін әсері де мол. Ағзаның қорғаныстық қасиеттерін арттыра түседі. Ешкі сүтінің құрамындағы қанықпаған май қышқылдары да деннің саулығына оңтайлы әсерін тигізеді. Аталмыш қышқылдар несеп айдау жолдарына таптырмас ем екен. Ешкі сүті ағзада тез қорытылады. Тіпті ол жас балаларға арнайы тағам есебінде пайдаланылады. Соған қарияларымыз да біліп айтан-ды. Қашаннан да қалт айтпайтын халқымыз бір кездері «есі кеткен ешкі жинайды» деген тәмсілді артта қалдырған екен. Бұл нақыл малдың бұл тұқымының өсімтал екендігіне байланысты айтылса керек-ті. Есебін білгенге ешкі өсіру өте тиімді кәсіптің көзі екені көрініп тұр. Дегенмен әлі күнге дейін ешкі малына дұрыс назар аударылмай келеді.

Ешкі сүтінің пайдалылығы жайында қайталап өзі артық. Ол 600-ге тарта шөп түрін қорек етеді. Жылқы, сиыр және қой малы одан бірнеше есе а шөппен қоректенеді. Осының арқасында ешкі сүті мен етінде адам ағзасына өте қажетті дәрумендер көп болады.

Сұрақ-жауап

ОҚО, Шымкент қаласы, ........................................................... дәрігері Сарсембаева Жанардан алған интервью:

Сүттің балаларға деген әсері қандай?

Жетіге толған балада сүт қантын сіңіру төмендейді. Бірақ жоғалып кетпейді.

Сүт артерияларды бітеп тастайды. Осы рас па?

Сүт майы тамырларды бітеп тастайтынығы жөніндегі әңгімелердің барлығы да бос сөз. Сүт өнімдерін қолдану остеопороз, тоқ ішектің қатерлі ісігі, жоғары қан қысымы және 2-ші типті диабеттің қаупін төмендетеді.

Сүт -аллергияны тудырады, оны ішуге болады ма?

Сүтті қабылдамау шын мәнінде кей жағдайларда кездеседі, бірақ көпшілік адамдардың балға, жидектерге, шоколадқа және тағы басқаларға аллергиялары болады.250мл сүттің құрамында 300 мг кальций болады.

Сүт ішу арқылы салмақ арттыруға болады ма?

Сүт майы тағамдық және биологиялық қасиеттері бойынша- табиғаттағы майлардың ішіндегі ең толыққандысы.

Сүт асқазанның сілемейлі қабатына жағымды әсер етіп, қыжыл кезінде көмек беретін тиімді құрал.

Жаңа сауылған сүт- ең жақсы сүт деп ойласыз ба?

Иә, жаңа сауылған сүт шынында да – ең пайдалы сүт деп есептеледі.

Бала ай ішінде күніне бір стақан сүт ішкен әйелдер кальций мен Д дәруменінің жеткілікті мөлшерін алады.

Картон орамадағы сүтте консерванттар бола?

Тәжірибелі әйелдер базардан сатып аынған және қайнатылған сүттің дүкеннен саып алынған сүтке қарағанда жылдам ашитынын байқаған.

Сүттің жүрек-қан тамыр аурулаының даму қаупін азайтуда да пайдалылығы жоғары.

Ультрапастерленген сүтті қайнату қажет пе?

Базардан сатып алынған қолдың «сиыр» сүтін міндетті түрде қайнату керек-сүтке сауа салысымен түсетін және бастайтын ауру тудыратын бактерияларды бейтараптау үшін.

(Рахмет)

Қазіргі дәрігерлер сүттің ұйқысы қашқан адамдар үшін пайдалылығын айтып отыр.

Мал өсірсең, ешкі өсір.

Әрбір фермер асыл тұқымды ешкі лағы да тегіне тартып алдағы уақытта мол өнім береді деген сенімнің жетегінде жүретіні анық. Шындығында, мүлде олай болмай шығуы мүмкін. Өйткені асыл тұқымды ешкі лағының бойында қандай тектік қасиеттерінің оянатынын алдын ала болжап білу әсте мүмкін емес.

Дегенмен, өмірге келген асыл тұқымды ешкі лағын бағып- қағу, азықтандыру барысында жинақталған іс-тәжірибелерге сүйене отырып жоспарлы әрі жүйелі жұмыстар жүргізілсе, жас төлдер өзіне дейінгі өнімдік көрсеткіштерді айнытпай қайталауы, тіпті тегінен де асыл түсуі әбден мүмкін. Әрине, ол үшін кемінде 10-11 жылдай ешкі тұқымын асылдандыру жұмысымен ыждаһаттылықпен үзбей айналысып отыру керек. Ешкінің сүтті болуы да асыл тұқымды текенің тектік қасиетіне де байланысты. Бәлкім бұл таң қаларлық жағдай болып көрінуі мүмкін, бірақ ешкімге сүттілік қасиеті текенің тегінен даритыны анық. Асыл тұқымды ешкінің сүттілік қасиетінің орташа жылдық көрсеткіші қарапайым ешкі түрінің беретін сүтінің мөлшерінен қай уақытта да анағұрлым артық болуы тиіс. Сондықтан аналық ешкілерді сатып алмас бұрын шыққан тегінің барлық ерекше қасиеттерін зерттеп біліп алу керек. Ешкі өсірсең-мол пайдаға батасың.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12 қазан
605
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі