400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 18 материал табылды

Ешкі сүтінің қасиеті

Материал туралы қысқаша түсінік
Ешкі сүтінің емдік қасиеті туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

йцЕШКІ СҮТІНІҢ ҚАСИЕТІ

Халық арасында ешкі сүтінің керемет сиқырлық қасиеті, ауыр науқастардан кейін ағзаға күш беріп, айықтыратын ерекшелігі жиі айтылады. Ибн Сина жерлестеріне кәрі жасқа жеткенде ұрпақ алдында сыйлы тұрпатқа ие болу үшін ешкі сүтін ұдайы пайдалануды ұсынған. Халық медицинасы ешкі сүтіне әлсірегендер мен азықтық аллергиясы бар балаларға қолданатын өнім ретінде ерекше маңыз береді.

 

Ешкі туберкулезбен, бруцеллезбен, сиыр ауыратын басқа да аурулармен ауырмайды. Ешкі сүтінің сапасы сиыр сүтінен гөрі анағұрлым жоғары, біртекті, құрамында нәруызсыз азот жоқ. Оның нәруыздары аса сапалы.

Швейцарияның таулық шипажайларында туберкулез, анемия мен рахит ауруына шалдыққандарды әу бастан-ақ ешкі сүтімен емдеген.

АҚШ мамандарының пікірінше, ешкі сүті сиыр сүтіне қарағанда адамның физиологиялық қажет-тіліктерін оңтайлы қанағаттандырады. Канадалық дәрігерлердің айтуынша, ешкі сүті тері мен буын ауруына шалдыққан адамдардың денсаулығына жақсы әсер етеді, әрі өт-тас ауруларын емдеуде, фибромиома мен балалар эпилепсиясын емдеуде аса пайдалы.

Жалпы, педиатрлар ешкі сүтіне бірауыздан ықылас білдіруде. Балаларды қоректендіруде сиыр сүтіне қарағанда, ешкі сүті жарамды келеді. Әрине, бала үшін ана сүтіне жететін тағам жоқ. Бірақ, жасанды немесе аралас қоректендіруде ешкі сүті ана сүтін алмастыру үшін лайықты және 6 айдан асқан балалар үшін қосымша қорек ретінде пайдалануға болады. Жақында Ресей нарығында ешкі сүті негізінде жасалған, ана сүтін алмастыратын, бейімделген қоспалар пайда болды. Сондықтан, ата-аналардың өздерінің сәбилерін ешкі сүтімен қоректендірудің жоғарыда айтылған ерекшеліктерін байқап көруіне мүмкіндіктері бар.

Ешкі сүтін сәбилерге туғаннан бастап беруге болады. Мұндай сүт іш өтуден сақтайды. Ешкі сүтінен немесе оны қосып ашытқан өнімдердің пайдасы да мол. Швейцарлық сырлардың атақты болу құпиясы — сиыр сүтіне ешкі сүтін қосып жасауында болса керек. Йогурт секілді танымал өнім ешкі сүтінен шыққан. Профессор Мечников ешкі сүтінен жасалған болгар йогуртынан емдік лактобациллинді бөліп шығарды.

Ешкі сүтін ерекше химиялық құрамына сай пайдалы тағам өнімдеріне жатқызуға болады. Оның түрлі ауруларды емдеуде тиімділігі орасан.

 

АЛЛЕРГИЯНЫ ЖОЯДЫ

Аллергияға бейім адамдарға сүт өнімдері жақпайды. Олар, әсіресе, сиыр сүтін пайдалана алмайды. Бірақ, адам ағзасына сүт қажет. Мұндай жағдайда ешкі сүтін тұтынған жөн. Себебі, ешкі сүті аллергияны қоздырмайды, әрі түбімен жояды.

 

АҒЗАНЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРЕДІ

Ешкі сүті тез қорытылып, сіңетіндіктен, түрлі факторлардың салдарынан әлсіреген ағзаға өте пайдалы. Сонымен қоса ешкі сүтінің құрамындағы калий әлсіреген ағзадағы жүрек-қан тамыр жүйесінің қызметін реттейді.

 

СҮЙЕККЕ ПАЙДАЛЫ

Ешкі сүтінің құрамында сүйек тіндерін қатайтатын кальций және Д тобындағы дәрумендер қоры жеткілікті. Сондықтан, дәрігерлер балаға бір жастан бастап рахит ауруының алдын алу және оны емдеу үшін ешкі сүтін беруді ұсынады. Соңдай-ақ, сүйегі сынған адамдар күніне 1 стақаннан ішіп тұрса, сүйегі бітіп, қалпына келу процесі 2 есе жылдам болады.

 

ІШЕК ДИСБАКТЕРИОЗЫНДА

Ешкі сүтінен жасалған өнімдер ішек жұмысын қайта қалпына келтіреді. Ол үшін әр 10 кг салмаққа 100 гр. сүт өнімін пайдалану қажет. 3 күн ешкі сүтін және одан жасалған өнімдерді тұтынып, содан кейін 2 күн үзіліс жасайды. Сосын 5 күн үзбей пайдаланып, 1 күн үзіліс жасайды. Содан соң 1 апта пайдалану керек. Ем соңында міндетті түрде дисбактериозға анализ тапсырып, емнің нәтижесіне көз жеткізген дұрыс.

 

АСҚАЗАН ЖӘНЕ ІШЕК АУРУЛАРЫНДА

Асқазан және ішек ауруларының кез келген түріне ешкі сүті шипалы. Оның құрамындағы лизоцин асқазан және ішектегі шырышты қабық жараларын емдейді. Сонымен қатар, асқазан сөліндегі қышқылды бейтараптандыратын ерекше қасиетке де ие. Егер асқазан жарасының зардабын тартып жүрсеңіз, онда сізге ешкі сүтімен жүргізілетін мынадай ем көмектеседі. Күн сайын таңертең аш қарынға ешкінің 1 стақан шикі сүтін ішіңіз. Содан кейін кешке дейін ұрттап 2 стақан сүтті тауысу қажет. Емдік курс 21 күн жүргізіледі.

 

ДИАТЕЗ ДЕРТІНДЕ

Диатез және терінің қабынуы сияқты дерттерден ешкі сүтін ішіп біржола арылуға болады. Ешкі сүтін жиі ішетін балалар диатез дертіне шалдықпайды.

 

ҰЙҚЫ БЕЗІНІҢ ҚАБЫНУЫНА

Ұйқы безінің қабынуына (панкреатит) шалдыққан науқас күніне 0,5 стакан шикі сүтті тамақтың алдында 2 ай бойы ішуі қажет.

 

ҚАНТ ДИАБЕТІ

Күн сайын әр 2 сағат сайын ешкі сүтін үзбей ішкен науқас қант диабетінен айыға алады. Бірақ, мұндай ем жүргізген кезде дәрі-дәрмек ішпеу қажет.

 

ҚАТЕРЛІ ІСІК ДЕРТІНЕ

Ешкі сүтінің қатерлі ісік ауруының алдын алып, оның жеңіл түрлерінен айықтыратын қасиеті де бар. Сон-дай-ақ, ол иммунды жүйені қатайтады. Оның емдік тәсілі мынадай: шыны ыдысқа 100 г. балды салып, су бұлауында қайнатып ерітеміз. Содан соң, балға еттартқыштан өткізілген 3 жылдық 1 алоэ жапырағын салып, 5 минут қайнатамыз. Осы қоспаны ешкі сүтіне араластырып, тоңазытқышқа саламыз. 6 сағаттан соң алып, 1 сағат сайын әр 10 кг дене салмағына 50 г-нан өлшеп, науқасқа беру керек. Бірақ, бұл емді жасамас бұрын дәрігермен алдын ала кеңесіп алған дұрыс.

 

ЖҮКТІ АНАЛАРҒА

Ешкі сүтінің құрамындағы дәрумендер, микро және макроэлементтер ана ағзасы мен жатырдағы бала үшін өте пайдалы азық болып табылады. Ал сүт құрамындағы кальций баланың сүйегін дұрыс қалыптастыруға септігін тигізеді және болашақ ананың тістерінің түсуін және тырнақтарының сынуын болдырмайды.

 

ЕМІЗУЛІ АНАҒА

Емізулі ана күнделікті ешкі сүтін пайдаланса, өзінің ағзасымен қоса баланың ағзасын дәрумендер қорына байытып, жаңадан қалыптасып, дамып жатқан сүйектерін қатайтады. Сондай-ақ, ешкі сүтін үзбей ішетін емізулі анада қаназдық дерті мен дәруменнің жеткіліксіздігі болмайды.

 

АРТЫҚ САЛМАҚТАН АРЫЛУ ҮШІН

Ешкі сүті майлы болғанымен, ол ағзаға май жинамайды. Ал құрамы дәрумендерге өте бай бұл сусын емдәм ұстап жүрген адамның ағзасын түрлі дәрумендермен қоректендіреді.

 

КОСМЕТОЛОГИЯДА

Косметологияда да өз орнын тапқан ешкі сүті терідегі түрлі бөртпелер мен дақтарды кетіруде табиғи тазартқыш құрал болып табылады. Сонымен қоса теріні ағартып, шаштың түсуін тоқтатады. Ол үшін әр шашты жуған кезде ешкі сүтімен шайып тұру қажет.

Ешкі сүтінің пайдасы зор

Медицина, халық емі

Е шкі сүті — жоғары азықтық және биологиялық құндылығы бар ерекше тағам өніміне жатады. Өзінің физикалық-химиялық қасиеттері мен дәміне сай ешкі сүтінің сиыр немесе басқа да ауыл- шаруашылық жануарларының сүтімен салыстырғанда тиімді айырмашылықтары мол.
Ешкі сүті де сиыр сүтіндей ка­зеиндік топқа жатады. Бірақ ешкі сүтінде сиыр сүтіндегі аллергиялық серпіндердің көзі саналатын — альфа-ls-казеин жоқ. Сондықтан ол сиыр сүтіне аллергиясы бар адам­дар үшін ұсынылады. Құра­мында бета-казеин мол болуына байланысты, ешкі сүті әйелдердің емшек сүтіне жақын. Ешкі сүті нәруыздарының көпшілігінің құ­рамында альбуминнің мол көлемі болуына байланысты, құрамдас бөліктерге ыдырайды, яғни қоры­тылмаған күйінде сіңбей, ұсақ үлпектер түрінде ұюға ұшырайды. Сондықтан ол ағзаға жеңіл сіңіп, ас қорыту жүйесінің бұзылуына жол бермейді. Құрамында лак­тозаның төмен мөлшері (сиыр сүтінен 13% кем, әйелдердің ем­шек сүтінен — 41% кем) болуы — бұл өнімді лактоза жеткіліксіздігі бар адамдар үшін қолдануға мүм­кін етеді. Ешкі сүтіндегі май ағзаға жақсы сіңіріледі және 4,0-4,4% майлылықта ешкі сүті 100 пайыз сіңеді. Ешкі сүтінде адам ағза­сы­ның тіндерінде холестерин жи­налуына қарсы тұратын ерекше метаболикалық қасиеті бар және ағзаның қорғаныс қызметін арттыратын қанықпаған майлы қышқылдардың 67 пайызы бар. 
Жоғарыда келтірілген артық­шылықтарынан басқа ешкі сүтінде көп кальций (143.0 мг), магний (14.0 мг), фосфор (89.0 мг), мар­ганец (17.0 мкг), мыс (20.0 мкг), А (0.1 мг), В (0.04 мг), С (2.0 мг) жә­не Д (0.06 мг) дәрумендері, ас­кор­бин қышқылы бар. В12 дәру­менінің құрамына кіретін және қан өн­дірімі үрдістеріне жауап беретін кобальттың мөлшері сиыр сүтімен салыстырғанда ешкі сүтінде 6 есе көп. Сүттің құрамында кальцийдің мөл­шерінің мол болуы — жүрек-қантамыр жүйесіне оңтайлы әсер етеді. 
Бірақ ешкі сүті сиыр сүтін­­дей темірге бай емес. Темір қан­дағы гемоглобиннің түзілісіне ғана емес, төтемелік жүйенің қа­лыпты жұмысы мен мінез-құлық сипатының сәйкестігін қам­та­масыз ету үшін де қажет. Дегенмен ешкі сүтіндегі темір сиыр сүтін­дегіден гөрі жақсы сіңеді. Бірақ әйелдердің емшек сүтінің сіңу дәрежесіне жете бермейді. Осылайша, ешкі сүті минерал­дық заттектерге, дәрумендер мен микроэлементтерге сиыр сүтінен гөрі байырақ, ешкі сүтінің нә­руыз­дары асқазанда тығыз­дал­мауына байланысты сіңімдірек келеді. 
Ешкі сүтінің майы адам ағза­сында 100 пайыз дерлік сіңіріледі, құрамында лактоза аз болуына сай, лактоза жеткіліксіздігі бар адамдарға ұсынылады. 
Құрамында аллергия туды­ру­шы альфа-ls-казеин болмауына байланысты азықтық аллергиясы бар адамдарға қолдануға болады. 
Ешкі сүтінің химиялық құрамы басқа да жануарлардың сүтіндей тұ­рақты емес және көптеген ық­пал­дарға: жануардың тұқымына, жасы мен саулығына, лактация кезеңіне, қоректену мен күтім жағ­дайларына байланысты.
Ешкі сүтінің көптеген емдік қасиеттері бар. Әсіресе, асқазан ауруларында, анемияда, көздің нашар көруінде, диатезде пайдалы. Емшек жасындағы балаларды қоректендіру үшін аса қолайлы.
Швейцарияның таулық ши­пажайларында туберкулез, анемия мен рахит ауруына шалдық­қан­дарды әу бастан-ақ ешкі сүтімен емдеген.
Халық аузындағы аңыздар ешкі сүтінің керемет сиқырлық қасиетін, ауыр науқастардан кейін ағзаға күш беріп, айықтыратын ерекшелігін жыр етеді. Авиценна жерлестеріне кәрі жасқа жеткенде ұрпақ алдында сыйлы тұрпатқа ие болу үшін ешкі сүтін ұдайы пай­да­лануды ұсынған. Халық меди­цинасы ешкі сүтіне әлсірегендер мен азықтық аллергиясы бар балаларға қолданатын өнім ретінде ерекше маңыз береді. 
Ежелгі аңызға сенсек, най­зағаймен алысқан Зевстің өзі Амал­тея — тәңірлік керемет еш­кісінің сүтін мүйізінен ішкен. Әл-Фараби ешкі сүті туралы: «ең тұрақты» деп жазған. Емдік қасиеттерін күшейту үшін оны түрлі қоспалармен қайнатқан: көз бұршағының бұлыңғыр тартуына қарсы — күнжітпен, іш өтуге қарсы — теңіз тастарымен, арпа жар­масымен. 
XIX ғасырдың аяғынан бастап ешкі сүті үшін өрлеу кезеңі бас­талды. Осы кезде медицина ма­мандары ол жайлы әйелдердің ем­шек сүтін алмастыруға бас­қалардан қолайлы екендігін айтты. Ешкі туберкулезбен, бруцеллезбен, сиыр ауыратын басқа да ауру­лармен ауырмайды. Ешкі сүтінің сапасы сиыр сүтінен гөрі ана­ғұр­лым жоғары, біртекті, құрамында нәруызсыз азот жоқ. Оның нәр­уыз­дары аса сапалы, басқа азық­тарға қарағанда тиаминге бай. Ал тиамин — «В» тобы дәрумендері арасындағы маңызды дәрумен, өмірдің әр кезеңінде пластикалық және энергиялық алмасуға қа­тысады. 
Негізгі азықтық құрамбөлік­те­рі­нің — нәруыздар, майлар мен кө­міртектердің мөлшері ешкі мен сиыр сүтінде ұқсас келеді. Бірақ әйелдердің емшек сүтінен сал­мақты айырмашылығы бар: жа­нуарлардың сүтінде нәруыздар едәуір көп, бірақ майлар мен көміртектер аз болады. 
Осы айырмашылық адам ағзасында ешкі мен сиыр сүтінің түрлі әсер етуін түсіндіреді. Ешкі сүтінің қорытылуы кезінде пайда болатын қою ұйынды сиыр сүтінікіне қарағанда тығыз емес. Ас қорыту ферменттері үшін өңдеуге оңай келеді. Емшектегі сәбиге ешкі сүтінің ұйындысы ана сүтінің қорытылуындай әсер береді. 
Ешкі сүтінің майлық құрамбө­лік­терінің сипаты да сиыр сүтіне қарағанда оңтайлы. Мысалы, ешкі сүтінің май домалақтарының көлемі кішірек келеді. Бұл май­лардың жақсы сіңірілуі үшін ешкі сүтінде ортатізбектік үшгли­церидтердің болуы ықпал етеді. Олар — лимфалық қылтамырларды айналып өтіп, бірден веналық жүйеге енетін, ішекте өтсіз сіңетін ерекше қабілеті бар майлар. Ешкі мен сиыр сүті минералдық тұз­дардың, микроэлементтер мен дәрумендердің үйлесімі жағынан әйелдердің емшек сүтіне жете бермейді. Бірақ ғалымдардың дәйектері бойынша, ешкі сүтінің құрамында темір аз болуына қарамастан, ол баланың ішегінде сиыр сүтіндегі темірге қарағанда тиімдірек сіңеді. Ал ешкі сүтіндегі В12 дәруменінің жеткіліксіздігі бұл сүтпен қоректендендірілген сәбиде мегалобласты анемия туындауының себебі болуы мүмкін. Бұл дімкәстің себебі — азықта В12 дәрумені мен фолий қышқылының тапшылығы болуынан, соңғысының мөлшері ешкі сүтінде де аз болады. 
АҚШ мамандарының пікі­рін­ше, ешкі сүті сиыр сүтіне қарағанда адам­ның физиологиялық қа­жеттіліктерін оңтайлы қанағат­тан­дырады. Олардың деректеріне сай, сиыр сүтіне аллергиясы бар адамдардың көпшілігі ешкі сүтін жеңіл көтереді. Бұл пікірді ита­льян­дық медицина қызметкерлері жоққа шығаруда. Олардың зерт­теулері керісінше нәтиже берген: сиыр сүтін көтере алмайтын балалар ешкі сүтін де бірдей әсермен қабылдаған. Канадалық дәрігерлердің айтуынша, ешкі сүті тері мен буын ауруына шалдыққан адамдардың денсаулығына жақсы әсер етеді, әрі өт-тас ауруларын емдеуде, фибромиома мен балалар эпилепсиясын емдеуде аса пайдалы. 
Жалпы, педиатрлар ешкі сү­тіне бірауыздан ықылас білдіруде. Балаларды қоректендіруде сиыр сүтіне қарағанда, ешкі сүті жа­рамды келеді. Әрине, бала үшін ана сү­­тіне жететін тағам жоқ. Бірақ жа­санды немесе аралас қорек­тен­діруде ешкі сүті ана сүтін алмас­тыру үшін лайықты және 6 айдан асқан балалар үшін қосымша қорек ретінде пайдалануға болады.
Жалпы, ешкі сүтінің ерекше және сиқырлық қасиеттері жайлы пікірлерді салмақтай отырып, мамандар оның бойында бірқатар пайдалы ерекшеліктері бар екенін және сиыр сүтін көтере алмайтын және оның нәруыздарына алле­р­гиясы бар балаларды тамақ­тан­дыруда тиімді колдануға бо­латынын айтады. Жақында Ресей нарығында ешкі сүті негізінде жасалған, ана сүтін алмастыратын, бейімделген қоспалар пайда болды. Сондықтан ата-аналардың өздерінің сәбилерін ешкі сүтімен қоректендірудің жоғарыда айтылған ерекшеліктерін байқап көруіне мүмкіндіктері бар.
Төрт айға дейінгі сәбилердің тағам үлесі емшек сүтінің ал­мас­тыр­ғыш­тарымен шектелуіне сай ал­лергия тудыратын өнімді алып тастау қиынға түседі. Сиыр сүтінің нәруыздарына немесе соя нәруыз­дарына аллергия болған жағдайда, ешкі сүті негізіндегі бейімделген қоспалар пайдаланылады. Оларды сәбилерге туғаннан бастап қол­дануға болады. 
Ешкі сүті сәбилерді іш өтуден сақтайды. Аллергологтар оны сиыр сүтінен жасалған өнімдерді көтере алмайтын балаларға да ұсынады.
Ешкі сүтінен немесе оны қо­сып ашытқан өнімдердің пайдасы да мол. Швейцарлық сырлардың атағының құпиясы — сиыр сүтіне ешкі сүтін қосып жасауында болса керек.
Йогурт секілді танымал өнім ешкі сүтінен шыққан. Профессор Мечников ешкі сүтінен жасалған болгар йогуртынан емдік лак­тобациллинді бөліп шығарды. 
Қорыта айтқанда, ешкі сүтін ерекше химиялық құрамына сай пайдалы тағам өнімдеріне жат­қызуға болады. Халықтың жаппай тұтынатын өнімі ретінде түрлі жас топтары арасында қолданылуымен қатар, ешкі сүтінің түрлі ауру­лардың алдын алу шараларында да тиімділігін ескерген жөн.

Халық емі

Автор: Мақсұтбек СҮЛЕЙМЕН

Ешкі сүтінің қасиеті Ешкі сүті адам ағзасына пайдалы екендігі өте ерте замандардан бері анықталған. Бірақ мұның пайдасы бар екендігін біле тұра, өкінішке орай дұрыс бағалай алмайтынымыз белгілі. Біз осы мақаламызда ғылымда және халықтық медицинада дәлелденген ешкі сүтінің ерекше қасиеттеріне тоқталмақшымыз. Ешкі сүті А, С, В, Д, Е дәрумендері мен басқа да микро және макро элементтер қорының қайнар көзі болғандықтан адам ағзасына өте пайдалы өнім. Бұл жануардың сүті адам ағзасына пайдалы болып қана қоймай, белгілі бір аурумен ауыратын науқастар үшін ең тиімді табиғи дәрі болып табылады.

Аллергияда

Аллергияға бейім адамдарға сүт өнімдері жақпайтындығы бәрімізге белгілі. Мұндай науқастар әсіресе, сиыр сүтін пайдалана алмайды. Себебі, сиыр сүті аллергияның қоздырушысы. Бірақ сүт сіздің ағзаңызға қажет. Ойлап, қамығудың қажеті жоқ. Оны 100 пайызға алмастыра алатын өнім - ешкі сүті. Мұны түсіндіру оңай: ешкі сүті біріншіден, аллергияны қоздырмайды, сонымен қатар, аллергияға бейім адамдардың ауруын түбімен жоятын қасиетке ие.

Ағзаны қалпына келтіруде

Ешкі сүтіндегі май түйіршіктері сиыр сүтіне қарағанда өте төмен. Сондықтанда адам ағзасына түскен ешкі сүті тез қорытылып, сіңетіндіктен, түрлі факторлардың салдарынан әлсіреген ағзаға өте пайдалы. Сонымен қоса ешкі сүтінің құрамында калийдің мөлшері өте көп. Сүт құрамындағы бұл элемент әлсіреген ағзадағы жүрек-қан тамыр жүйесі жұмысына өте қажет.

Сүйекке пайдасы

Ешкі сүтінің құрамында сүйек тіндерін қатайтатын кальций және Д тобындағы дәрумендер қоры жеткілікті. Сондықтанда дәрігерлер балаға бір жастанбастап рахит ауруының алдын алу және оны емдеу үшін ешкі сүтін беруді ұсынады. Соңдай-ақ, дәрігерлер мен ғалымдардың дәлелдеуінше, бұл киелі жануардың сүтін сүйегі сынғаң адамдар күніне 1 стақаннан ішіп тұрса, сүйегі бітіп, қалпына келу процесі 2 есе жылдам болады.

Ішек дисбактериозында

Ішек микрофлорасының баланс бұзылысында ешкі сүтінен жасалған өнімдер ішек жұмысын қайта қалпына келтіруге көмектеседі. Сондықтанда бұл дерттен тезірек айығу үшін міндетгі түрде ешкі сүтін ішіп, одан жасалған өнімдерді тамақ рационына еңгізіңіз. Ал сүт өнімімен емделу тәсілі мынадай: әр 10 кг. салмаққа 100 гр. сүт өнімін пайдалану қажет. Емделу курсы келесі көрсеткендей: 3 күн ешкі сүтін және одан жасалған өнімдерді пайдалану, содан кейін 2 күн үзіліс жасайды. Енді 5 күн үзбей пайдаланып, 1 күн үзіліс жасау. Содан соң 1 апта пайдалану керек. Ем соңында міндетті түрде дисбактериозға анализ тапсырып, емнің нәтижесіңе көз жеткізгеніңіз дұрыс.

Асқазан және ішек ауруларында

Асқазан және ішек аурударының кез келген түріне ешкі сүті шипалы. Оның құрамындағы лизоцин асқазан және ішектегі шырышты қабық жараларын емдейді. Сонымен қатар, асқазан сөліндегі қышқылды бейтараптандыратын ерекше қасиетке де ие. Егер асқазан жарасы зардабын тартып жүрсеңіз, онда сізге ешкі сүтімен жүргізілетін мынадай ем көмектеседі. Күн сайын таңертең аш қарынға ешкінің 1 стақан шикі сүтін ішіңіз. Содан кейін кешке дейін ұрттап 2 стақан сүтті тауысу қажет. Емдік курс 21 күн жүргізіледі.

Ешкі сүті диатез дертінде

Қазіргі кезде көптеген балалар мен олардың ата-аналары диатез және терінің қабынуы сияқты дерттерге тап болып жатады. Мұндай ауруға шалдыққан бала қиналатындығы мен оның емделуі ұзақ уақыт алатынын ата-аналар біледі. Албұл дерттен ешкі сүтін ішіп біржола арылуға болады. Дәрігер-педиатрлардың аңықтауынша, ешкі сүтін жиі ішетін балалар диатез дертіне шалдықпайды екен. Сондықтан да балаға үзбей ешкі сүтін беріп, түрлі дерттің алдын алған дұрыс.

Ұйқы безінің қабынуына

Ешкі сүтінің ұйқы безінің қабынуында (панкреатит) да пайдалы екендігі дәлелденген. Бұл дертке шалдыққан науқас күніне 0,5 стақан шикі сүтті тамақтың алдында 2 ай бойы ішуі қажет.

Қант диабеті дертіне ешкі сүтінің пайдасы

Халықтық медицинада қант диабетімен ауыратын науқастарға ешкі сүтімен жүргізілетін емдік тәсілдер өте көп. Соның бірі күніге әр 2 сағат сайын ешкі сүтін үзбей ішуге кеңес береді. Бірақ мұндай ем жүргізген кезде дәрі-дәрмек ішпеу қажет.

Қатерлі ісік дертіне пайдасы

Ешкі сүтінің қатерлі ісік ауруының алдын алып, оның жеңіл түрлерінен айықтыратын қасиетке де ие. Сондай-ақ, иммунды жүйені қатайтады. Халықтық медицина мынадай емдік тәсілдер ұсынады:

Дайындауға қажеттілер:

* 100 гр.бал

*1дана алоэ жапырағы

* 500 гр. ешкінің шикі сүті

Дайындау тәсілі:

Шыны ыдысқа балды салып, су бұлауында қайнатып ерітеміз. Содан соң еттартқыштан өткізілген 3 жылдықалоэні салып 5 минут қайнатамыз. Енді дайын болғаң қоспаны ешкі сүтіне қосып араластырып, тоңазытқышқа саламыз. 6 сағаттан соң 1сағат сайын әр 10 кг. дене салмағына 50гр-нан өлшеп науқасқа беру керек. Бірақ бұл емді жасамас бұрын дәрігермен алдын ала кеңесіп алған дұрыс.

Ешкі сүті жүкті аналарга

Ешкі сүті құрамындағы дәрумендер, микро және макроәлементтері ана ағзасы мен жатырдағы бала үшін өте пайдалы азық болып табылады. Ал сүт құрамындағы кальций баланың сүйегін дұрыс қалыптастыруға септігін тигізсе, болашақ ана тістерінің түсуін және тырнақтарының сынуын болдырмайды.

Емізулі анаға

Емізулі ана күнделікті ешкі сүтін пайдаланса өзінің ағзасымен қоса баланың ағзасын дәрумендер қорына байытып, жаңадан қалыптасып, дамып жатқан сүйектерін қатайтады. Сондай-ақ, ешкі сүтін үзбей ішетін емізулі ана қаназдық дерті мен дәруменнің жеткіліксіздігінен сақтандырылады.

Артық салмақтан арылғысы келетіндерге

Ешкі сүті майлы болғанымен ол ағзаға май жинамайды. Ал құрамы дәрумендерге өте бай бұл сусын, емдәм ұстап жүрген адам ағзасын түрлі дәрумендермен қоректендіреді.

Ешкі сүті косметологияда

Косметологияда да өз орнын тапқан ешкі сүті терідегі түрлі бөртпелер мен дақтарды кетіруте табиғи тазартқыш құрал болып табылады. Сонымен қоса теріні ағартып, шаштың түсуін тоқтатады. Ол үшін әр шашты жуған кезде, ешкі сүтімен шайып тұру қажет.

Астана. 24 шілде. Baq.kz – Ешкі сүті — жоғары азықтық және биологиялық құндылығы бар ерекше тағам өніміне жатады. Өзінің физикалық-химиялық қасиеттері мен дәміне сай ешкі сүтінің сиыр немесе басқа да ауыл- шаруашылық жануарларының сүтімен салыстырғанда тиімді айырмашылықтары мол.

Халық аузындағы аңыздар ешкі сүтінің керемет сиқырлық қасиетін, ауыр науқастардан кейін ағзаға күш беріп, айықтыратын ерекшелігін жыр етеді. Авиценна жерлестеріне кәрі жасқа жеткенде ұрпақ алдында сыйлы тұрпатқа ие болу үшін ешкі сүтін ұдайы пайдалануды ұсынған. Халық медицинасы ешкі сүтіне әлсірегендер мен азықтық аллергиясы бар балаларға қолданатын өнім ретінде ерекше маңыз береді. 
Ешкі туберкулезбен, бруцеллезбен, сиыр ауыратын басқа да аурулармен ауырмайды. Ешкі сүтінің сапасы сиыр сүтінен гөрі анағұрлым жоғары, біртекті, құрамында нәруызсыз азот жоқ. Оның нәруыздары аса сапалы, басқа азықтарға қарағанда тиаминге бай. Ал тиамин — «В» тобы дәрумендері арасындағы маңызды дәрумен, өмірдің әр кезеңінде пластикалық және энергиялық алмасуға қатысады. 
Швейцарияның таулық шипажайларында туберкулез, анемия мен рахит ауруына шалдыққандарды әу бастан-ақ ешкі сүтімен емдеген.
АҚШ мамандарының пікірінше, ешкі сүті сиыр сүтіне қарағанда адамның физиологиялық қа-жеттіліктерін оңтайлы қанағаттандырады. Олардың деректеріне сай, сиыр сүтіне аллергиясы бар адамдардың көпшілігі ешкі сүтін жеңіл көтереді. Бұл пікірді итальяндық медицина қызметкерлері жоққа шығаруда. Олардың зерттеулері керісінше нәтиже берген: сиыр сүтін көтере алмайтын балалар ешкі сүтін де бірдей әсермен қабылдаған. Канадалық дәрігерлердің айтуынша, ешкі сүті тері мен буын ауруына шалдыққан адамдардың денсаулығына жақсы әсер етеді, әрі өт-тас ауруларын емдеуде, фибромиома мен балалар эпилепсиясын емдеуде аса пайдалы. 
Жалпы, педиатрлар ешкі сүтіне бірауыздан ықылас білдіруде. Балаларды қоректендіруде сиыр сүтіне қарағанда, ешкі сүті жарамды келеді. Әрине, бала үшін ана сүтіне жететін тағам жоқ. Бірақ жасанды немесе аралас қоректендіруде ешкі сүті ана сүтін алмастыру үшін лайықты және 6 айдан асқан балалар үшін қосымша қорек ретінде пайдалануға болады.
Жалпы, ешкі сүтінің ерекше және сиқырлық қасиеттері жайлы пікірлерді салмақтай отырып, мамандар оның бойында бірқатар пайдалы ерекшеліктері бар екенін және сиыр сүтін көтере алмайтын және оның нәруыздарына аллергиясы бар балаларды тамақтандыруда тиімді колдануға бо¬латынын айтады. Жақында Ресей нарығында ешкі сүті негізінде жасалған, ана сүтін алмастыратын, бейімделген қоспалар пайда болды. Сондықтан ата-аналардың өздерінің сәбилерін ешкі сүтімен қоректендірудің жоғарыда айтылған ерекшеліктерін байқап көруіне мүмкіндіктері бар.
Төрт айға дейінгі сәбилердің тағам үлесі емшек сүтінің алмастырғыштарымен шектелуіне сай ал-лергия тудыратын өнімді алып тастау қиынға түседі. Сиыр сүтінің нәруыздарына немесе соя нәруыздарына аллергия болған жағдайда, ешкі сүті негізіндегі бейімделген қоспалар пайдаланылады.
Оларды сәбилерге туғаннан бастап қолдануға болады. Ешкі сүті сәбилерді іш өтуден сақтайды. Аллергологтар оны сиыр сүтінен жасалған өнімдерді көтере алмайтын балаларға да ұсынады.
Ешкі сүтінен немесе оны қосып ашытқан өнімдердің пайдасы да мол. Швейцарлық сырлардың атағының құпиясы — сиыр сүтіне ешкі сүтін қосып жасауында болса керек. Йогурт секілді танымал өнім ешкі сүтінен шыққан. Профессор Мечников ешкі сүтінен жасалған болгар йогуртынан емдік лактобациллинді бөліп шығарды. 
Ешкі сүтін ерекше химиялық құрамына сай пайдалы тағам өнімдеріне жатқызуға болады. Халықтың жаппай тұтынатын өнімі ретінде түрлі жас топтары арасында қолданылуымен қатар, ешкі сүтінің түрлі аурулардың алдын алу шараларында да тиімділігін ескерген жөн.
Интернет беттерінен әзірленді.

Ешкі сүті неге еленбей келеді?

Бағалай білгенге, Сексек ата тұқымының да сан түрлі пайдасы бар. Оның түбіт жүні мен құнарлы етін айтпағанның өзінде, ақуыз сүті ондаған дерттен айықтыратын ғажайыпқа ие. Бірақ, біздің отандық нарықта ешкі сүті мен одан жасалатын өнімдерге мән беріліп отырған жоқ. Ешкі сүтінен дайындалатын балалар тағамдарының тоқсан пайызы шекара асып, шеттен ағылып жатыр. Неше ғасырдан бергі ата кәсібіміз мал шаруашылығы болғанымен, әлі күнге қолда бардың қадірін білмей келеміз. Дұрыстап ден қойсақ, бір ғана ешкінің өзінен еселеп табыс табуға болады. 
Күй мен күтім талғамайтын мүйізді жануар қыстың қақаған суығы мен жаздың аптап ыстығына да төзімді. Сүтті түрлерінен бір маусымда 350 литрге дейін өнім алынады және кем дегенде жеті ай сауылады. Тез жерсінетіні, өсімтал келетіні тағы бар. Қазір дамыған шет мемлекеттер холестерині көп майлы еттен гөрі диеталық тағамдарға мән беріп келеді. Осы тұста ешкі етінен бренд жасауымызға да болар еді. Алайда әзірге қазақ қадіріне жетпей отырған ешкі шаруашылығын Голландия мен Франция елдері шыр айналдырып отыр. Ал біздің облысымызда ол қалай игеріліп отыр?

Қолда бардың қадірі жоқ Ешкі сүтінің ерекше қасиеттері жөнінде зерттеген ғалым, медицина ғылымдарының докторы, диетолог Роза Шакиеваның сөзіне сүйенсек, бұл өнім әсіресе балалар үшін өте пайдалы екен. – Ешкі сүті жоғары азықтық және биологиялық құндылығы бар ерекше тағам өніміне жатады, – дейді ол, – Физикалық-химиялық қасиеттері мен дәміне сай ешкі сүтінің сиыр немесе басқа да жануарлардың сүтімен салыстырғанда тиімді айырмашылықтары мол. АҚШ мамандарының пікірінше, ешкі сүті сиыр сүтіне қарағанда адамның физиологиялық қажеттіліктерін оңтайлы қанағаттандырады. Олардың деректеріне сай, сиыр сүтіне аллергиясы бар адамдардың көпшілігі ешкі сүтін жеңіл көтереді. Канадалық дәрігерлердің айтуынша, ешкі сүті тері мен буын ауруына шалдыққан адамдардың денсаулығына жақсы әсер етеді, әрі өт-тас ауруларын, фибромиома мен балалар эпилепсиясын емдеуде аса пайдалы. Жалпы педиатрлар балаларды қоректендіруде сиыр сүтіне қарағанда ешкі сүті жарамды екенін айтады. Әрине, бала үшін ана сүтіне жететін тағам жоқ, бірақ жасанды немесе аралас қоректендіруде ешкі сүті ана сүтін алмастыру үшін лайықты және 6 айдан асқан балалар үшін қосымша қорек ретінде қолданылады. Ресей нарығында ешкі сүті негізінде жасалған, ана сүтін алмастыратын, бейімделген қоспалар пайда болды. Сондықтан, ата-аналардың өздерінің сәбилерін ешкі сүтімен қоректендірудің жоғарыда айтылған ерекшеліктерін байқап көруіне мүмкіндіктері бар. Бұл сүт сәбилерді іш өтуден сақтайды, аллергологтар оны сиыр сүтінен жасалған өнімдерді көтере алмайтын балаларға да ұсынады. Ешкі сүтін қосып ашытқан өнімдердің пайдасы да мол. Швейцарлық ірімшіктердің сапалылығының бір құпиясы – сиыр сүтіне ешкі сүтін қосып жасауында болса керек. Халықтың жаппай тұтынатын өнімі ретінде түрлі жас топтары арасында қолданылуымен қатар ешкі сүтінің түрлі аурулардың алдын алу шараларында да тиімділігін ескерген жөн. 



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
1273
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі