400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ескі Түркістан қаласы (XV - XX ғ.ғ. бірінші ширегі)

Материал туралы қысқаша түсінік
Рухани жаңғыру аясында оқушылармен Ескі Түркістан қаласы (XV - XX ғ.ғ. бірінші ширегі) жайлы баяндама
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ескі Түркістан қаласы

(XV - XX ғ.ғ. бірінші ширегі)


Ежелгі Күлтөбе қаласы (I мың жыл, ортасы-XIVғ.) кейінгі ортағасырлық Түркістан қаласының шығыс бөлігінде, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің 350 м жерде орналасқан. Жоғарғы қабатының тарихи белгілері бұзылған. Ескерткіштің көлемі 120х150м, биіктігі 9м. Жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде Күлтөбеден Түркістан қаласының 1500 жылдық тарихын дәлелдейтін деректер табылған.

          Ортағасырлық Түркістан қаласы (XV-XIXғғ) Түркістан қаласының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Қала цитадель, шахристан және рабаттан тұрады. Цитадельден батыс және оңтүстік-батыста жобасында төртбұрышты болып келген шахристан орналасқан, оның көлемі 23,5 га (350 х 670м). Солтүстік және батыс бөлігінде мұнара мен қабырға қалдықтары салынған. Қаланы айналдыра қоршаған қабырғаның ұзындығы 3 км ге жуық. Стратиграфиялық зетттеулер бойынша қала цитаделі Монғол шапқыншылығынан кейін қалыптасып, XV-XVIғғ. кесененің батыс жағында шахристан пайда болған.

Рабия Сұлтан бегім кесенесі (XVғ) Рабия Сұлтан бегім кесенесі жобасында төртбұрышты. Ол ішкі сегіз қырлы және 4 төртбұрышты бөлмелерден тұрады. Бұл құрылыс туралы алғашқы деректер XVI ғ. бастап кездеседі. Рабия Сұлтан  бегім Ұлықбектің қызы, Әмір Темір көрегеннің немересі, көшпенді өзбектердің ханы Абілқайырдың әйелі болған.

Қылует жер асты мешіт (XII — XIX ғғ) Қылует жер асты мешіті Ахмет Ясауи кесенесінен оңтүстікте, 150 м жерде орналасқан. Қылует жер асты мешітінің салынуын Ахмет Ясауи атымен байланысты. XII-XIX ғғ аралығында салынған құрылысты XX ғ 40-шы жылдарында толығымен бұзып қыштарын зауыт салуға қолданған. Археологиялық архитектуралық зерттеулермен 1941 жылы жасалынған макетке сүйенен отырып Қылует жер асты мешіті толығымен қалпына келтірілген.Құрылыстың ең көне бөлігі — ғархана (XIIғ) бөлмесі болып табылады. Жер бетінен 4 метр тереңдікте орналасқан бұл бөлменің көлемі 1,5 х 1,5 м, биіктігі 1,6 м. Аңыз бойынша Ахмет Ясауи пайғамбар жасына (63 жас) толған соң қалған өмірін осы бөлмеде өткізген. Екінші құрылыс кезеңіне (XV-XVIғғ) жамағатхана, мешіт, дәретхана шаруашылық бөлмелері жатады. Ал XVIII-XIX ғғ құрылыстың солтүстік жағына басқа қосымша бөлмелер салынған.

А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті. 1991ж. Түркістан университеті болып ашылған. 1993 ж. Қазақстан мен Туркия президенттерінің шешімімен ол Халықаралық қазақ-түрік университеті болып қайта ашылған. Қазіргі таңда, оның Түркістан, Тараз, Шымкент, Алматы, Кентау институттары мен Анкара бөлімі бар.





Түркітан тарихи музейі.

Музей 2000 ж. ашылған. Музей орналасқан ғимарат XIX ғ соңында салынған әскері хазарма болған. Түркістан тарихи музейінің экспозициясы 8 бөлімнен тұрады:

Археология музейі. Ғылым орталығы Халықаралық қазақ-түрік университеті Сенатының шешімімен 2001 ж. ашылған. Орталық Түркология, Эколгия институттары Археология ғылыми-зерттеу орталығы және Баспа бөлімінен тұрады.Археология музейі университеттің бас ғимаратында орналасқан, экспозициялық алаңы 200 м кв. Музей экспозициясы 4 бөлімнен тұрады. Ерте ортағасырлық Сидақата қаласы (I-VIIIғғ) Түркістаннан 18 км солтүстік-батыста, Қызыләскер ауылынан 2 км оңтүстікте орналасқан. Қаланың жалпы көлемі 9,1 га, жобасында алты бұрышты болып келген шахристанның көлемі. 6,2 га, оның ең биік жерінде орналасқан цитаделінің көлемі, 80х140м, биіктігі 14 м.Қаланы сырттай қоршап жатқан жатқан 10-70 м келетін ордың ұзындығы 1270 м. Сидақата қаласының әртүрлі бөліктерінде 1998, 2002-2005 жылдарда жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының барысында оның I-VIIIғғ. аралығында өмір сүргені анықталып, көптеген бөлмелер, құрылыс қалдықтары ашылып әртүрлі археологиялық заттар табылған.

ТҮРКІСТАННЫҢ КИЕЛІ ОРЫНДАРЫ


     Арыстанбаб кесенесі. ХХ ғ басы Кесене ХІІ ғ өмір сүрген белгілі сопы Арыстанбабтың бейітінің үстінде салынған. Алағашқы кесенесі ХІІІ-ХIVғғ салынып, XVIII ғ зілзала кезінде бұзылған алғашқы кесене орнына күмбезді ғимарат салынған.  XVIII ғ салынған кесене құрылысы уақыт өте бұзылып, 1909ж қайта салынған. 1971 ж. кесененің мүшкіл жағдайын ескере отырып кесенені толығымен бұзып қайта салған.Арыстан баб кесенесі көп функциональдық құрылыс болып табылады. Кешен құрылысы негізгі көрхана бөлмесіне қосымша салынған бөлмелерден қалыптасқан. Ғимарат  екі көрхана, мешіт және шаруашылық бөлмелерден тұрады.

Гаухар ана зираты (XIIғ) Түркістан қаласынан оңтүстік-шығыста 1 км жерде орналасқан. Аңыз бойынша Гаухар ана Қожа Ахмет Ясауидің қызы болған.

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі (XII-XIVғғ) Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің, XII ғ. өмір сүрген ұлы ақын, йсауийа тарикатының негізін қалаушы Қожа Ахмет Ясауидің бейітінің үстіне ХІV ғ соңында Әмір Темірдің бұйрығымен салынған. Бұл ғимарат өз заманындағы сәулет өнерінің барлық жетістіктерін бойына жинаған құрылыстарының бірі.Кесененің көлемі 60х50 м, биіктігі 38 м. Ахмет Ясауи ғимамараты көп функционалдық құрылыс болып табылады. Оның негізін жамағатхана, қабырхана, мешіт, үлкен және кіші Ақ сарай, кітапхана, асхана, құдықхана және хужра бөлмелері құрайды.Қожа Ахмет Ясауи кесенесі ЮНЕСКО-ның мұралары тізіміне енген ескерткіш. Құмшықата жер асты мешіті (ХІІғ)  Ахмет Ясауи кесенесінен оңтүстік-шығыста, 1 км жерде орналасқан. Жер асты мешіті сопыларлың діни- ғұрыптық құрылыстары қатарына жатады. Күйдірілген қышпен салынған. Құрылыс екі бөлмелі, түпкі бөлме төртбұрышты өлшемі 2х2 м, биіктігі 1,6 м, ол дәліз арқылы диаметрі 2,5, биіктігі 2 м дөңгелек бөлмемен байланысқан.


ОҢТҮСТІКТІҢ АЛТЫН ШЕҢБЕРІ БАҒЫТЫ


Ибрагимата кесенесі. XVIІ-XX ғғ басы. Күйдірілген  қыштан салынған кесене Сайрам ауылының солтүстік-батыс шетінде, биік төбе үстінде орналасқан. Аңыз бойынша Қожа Ахмет Ясауидің әкесі Ибрагим шейх бейітінің үстінде салынған кесене жобасында төртбұрышты, көлемі 7,2х7,2м. Алғашқы құрылыс XVI-XVII ғғ. Құрылыстың алғашқы күнбезі құлаған соң XIXғ соңы-ХХ ғасырдың басында шатыры қайта салынған.

Ақсүмбе мұнарасы. XIII-XIVғғ. Кесектен салынған мұнара ортағасырлық Ақсүмбе қаласының жанындағы биік төбеде орналасқан, оның қазіргі сақталған биіктігі 12м, түбіндегі аумағы 8 м.

Ортағасырлық Сауран қаласы. XIII-XVIIIғғ. Түркістан қаласынан 45 км солтүстік-батыста, Сауран ауылынан 5 км батыста орналасқан. Жобасында ұзынша болып келген қаланың көлемі 800х500, оны қоршаған қамалдар 3-4 м биіктікте сақталған. Қаланы сырттай қоршаған шаруашылық аймағы бірнеше км кв жерді алып жатыр. 2004 жылдан бастап Республикалық «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша қаланың орталық бөлігінде кең көлемде археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп, медресе, мешіттер және оның солтүстік-шығыс қақпасы ашыла бастады.

Домалақ ана кесенесі. XX ғ басы. Ақбастау ауылынан 5 км шығыста орналасқан. Кесене ХХ ғасырдың басында бұзылып кеткен мазар үстіне қайта салынған. Құрылыс жобасында цилиндр тәрізді болып келеді, Сыртқы фасат жағында алты ойығы бар.

Шын есімі Нұрила – есімі ел ұранына айналған Абыз аналардың бірі. Ол 660 ж өмірге келген. Шыққан тегі Оғыз тайпасының Үрмәт руынан. Қазір көп тарихшылар айтып жүрген Домалақ ана қожаның қызы болған деген деректер шылғи өтіріктен құралған жалған ақпарат. Ол 6-7 ғасырда қазақ даласында Қожа былай тұрсын ислам да болмаған кез. Олар барлық деректі Сайдаққожа Жүсіпұлының жазған 1875 жылы жазған "Қазақтың шежіре тарихы" деген кітаппен Аққұс Сатыбалдының 1841 жылы жазған "Диһнат мама" атты кітабынан алғанына сілтеме жасайды. Ал Сайдақ Қожа мен Аққұс Сатыбалды екеуі де Қожа руынан. Ал Қожалар тарихтағы жылтыраған дүниенің бәрін өздерінен шығаратыны белгілі. Сондықтан оған көңіл аударудың қажеті шамалы. Осы ойдан шығарылған дерекке толы жалған кітаптың желісімен кітап жазған Е.Тұрысов, Д. Дүйсенбаев, Қ.Еркөбеков, Ш. Орынбай сияқты арзанқол тарихшысымақтар оқырман қауымды тіптен шатастырып жіберді. Домалақ анамыздың ұрпағы осы жалған тарихқа алданбаса екен деп тілейміз. 1996 жылы кесенеде құрылыс қазу жұмыстары кезінде 6-7 ғасырда шығарылған тиын ақшалар табылған. Археологтар, тарихшылар, этнограф ғалымдар осы зерттеу сараптау нәтижесінде Домалақ ана 6-7 ғасырда өмір сүрген деген тұжырымға келді. Әз анамыздың әкесі де көріпкел әулие кісі болған екен. Бір күні әкесі түсінде аян көреді. Түсінде "Қызыңды бірінші болып білегінен ұстаған адамға бер" деп аян береді. Осы әкесінің өсиетімен Домалақ ана он тоғыз жасында (679 ж) Бәйдібек биге тұрмысқа шығады. Ол кезде Байдібек бидің жасы 47 де болыпты. Құдыққа құлап кеткен анамызды Байдібек ата арқанмен тартып шығарып, білегінен ұстап көтеріп, шапанына орап алып үйіне апарған екен. Үйінде әкесі Нүриладан: - Байдібек сені қалай шығарып алды? деп сұрапты. Сонда Нүрила: - "Арқанмен тартып шығарып білегімнен ұстап көтеріп алды" - депті. Онда сен осы кісіге ұзатамын - депті. Ел ішіндегі деректерге қарағанда, оған «Дихнат мама» деген атауды түп тегі түрікпен Қара Хайдар деген кісі қойған. «Дихнат мама» – парсы сөзі. Қазақ тілінде «Әулие ана» деген мағына береді. «Дихнат мама» сөзі уақыт өте келе дыбыстық өзгерістерге ұшырап, «Домалақ анаға» айналған. Одан тараған ұрпақтарының бәрі де білімімен, ақылымен ерекшеленіп, ел билеген. Жарықшақ ( 680-761ж) деген ұлы Жетісу өлкесінің ұлысбегі болған. Домалақ ана өмірінің соңғы жылдары Ташкент қаласында өтеді. Алайда ері Бәйдібектің түсінде аяны бойынша, өздерінің ескі қонысы Қаратауға барып тұруға қамданып, жол шегеді. 738 жылдың жиырма сегізінші мамырында 78 жасында көш Балабөген өзенінің жағасына жеткен кезде Домалақ ана сол жерде көз жұмады. Өзінің тілегі бойынша Домалақ ана сол жазыққа жерленеді.Домалақ ананың қадір-қасиеті ерте-ақ танылған. Ел аузында ол кісі жөнінде аңыз-әңгіме көп. Солардың бірі мынадай: «Бәйдібек заманында жайлауында үйір-үйір жылқысы, келе-келе түйесі, отар-отар қойы өрген, шығыс пен батысқа керуендер жүргізген асқан бай адам болған. Бірде Алатау асып келген қалың жау Қаратау жонын жайлап отырған Бәйдібектің ауылын шауып, сан мың жылқысын түре айдап кетеді. Бәйдібек бастаған ел азаматтары ауылда болмаса керек. Содан жау шапты деген хабарды естіп, Бәйдібек елден жасақ жиып, қасына үлкен әйелі Сары бәйбішеден туған алты ұлын алып, жауға аттанғалы жатқанда Нұрилә: «Бай-еке, малдың құты, жылқының иесі құла айғыр қолда қалды. Амандық болса, алты күннен кейін жылқы жауға қайыру бермей өзі ауылға келеді. Жауды қума, азаматтар аман болсын, осы тілегімді беріңіз» – деп өз отауының белдеуінде матамен байлаулы тұрған, жүген-құрық тимеген шу асау айғырды көрсетіпті. Бірақ жауға кектенген батыр әйелінің тілін алмай, жасағын бастап жүріп кетіпті. Бәйдібек жасағы жауға Күйік асуында жетіп, қырғын ұрыс салыпты. Алайда жасанып келген жау аттанға ілесіп атқа қонған аз жасаққа теңдік бермепті. Осы соғыста қаза тапқан алты ұлын Үшқарасай жазығына жерлеп, кері қайтыпты. Арада алты күн өткенде байлаулы тұрған құла айғыр жер күңіренте дүлей күшпен кісінеді дейді. Сол күні кеш шамасында шығыстан қалың шаң көтеріліп, ұзамай Бәйдібектің қалың жылқысы көрінеді. Ереуілдеп барып, кері қайтара алмаған жылқыны Домалақ ана осылайша үйде отырып-ақ түгел қайтарып алса керек. Мұндай әңгімелер көп-ақ. Домалақ ана қос Бөгеннің сағасындағы бір жазыққа жерленген. Айналасын көгілдір таулар қоршаған сол жазықта қазір бозарып сәулетті күмбез көрінеді. Ол – Домалақ ана кесенесі. Кесене 1957 ж. қайта жөндеуден өткізілді. Әулие ананың қасиетін қастерлеген ұрпағының ана бейітіне ағылған ізі, салған жолы ескіріп көрген емес.


ЭКОТУРИЗМ

Туризмнің бұл саласының негізгі мақсаты-туристерді Түркістан аймағы мен табиғаты мен жануарлар дүниесімен таныстыру. Сыртқы және ішкі туристерге, өлкетанушыларға Қаратау мен Сырдарияның бойында сирек кездесетін өсімдіктер мен жан-жануарларды көрсету үшін «Қаратаудың табиғи-мемлекеттік қорығына» кіретін Бессаз шыңы мен Хантағы, Біресек, Байылдыр өзендерінің жоғарғы ағысы және Сырдария өзенінің алқабында автокөлікпен не жаяу жүруге арналған келесі туристік бағыттар ұйымдастыруға болады.

—         Бессазға саяхат

—         Хантағы шатқалына саяхат

—         Біресек шатқалына саяхат

—         Байылдыр шатқалына саяхат

—         Қызылата шатқалына саяхат

—         Сырдария бойымен

Сонымен қатар Қаратау шыңдары мен шатқалдарында альпинистік туризмді ұйымдастыруға болады.
















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 ақпан
581
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі