400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлы жеңістің күні құтты болсын! Келешек еліміздің дархан даласы кең, аспаны ашық болсын! Жұдырықтай жұмылған, білектей біріккен кеңпейіл Қазақ елі жасасын!
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды»

Рысқожаева Алуа

№85 жалпы білім беретін орта мектебі, 11 «Ә» сыныбы, aigantt@mail.ru, 87782066043



Ұлы жеңістің күні құтты болсын! 
Келешек еліміздің дархан даласы кең, аспаны ашық болсын!
 
Жұдырықтай жұмылған, білектей біріккен кеңпейіл Қазақ елі жасасын!


Ұлы Отан соғысы аяқталып, Жеңістің туы желбірегеніне биыл - 75 жыл! Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке – біз үшін де ұлы мереке! Ұлы Отан соғысы біздің әрбіріміз үшін ұмытылмастай ізін қалдырды.

Сан мыңдаған ер азаматтардың өмірін қиған Ұлы Отан соғысының әлемдік тарихтағы орны зор. Бес жыл бойы дүниені дүр сілкіндірген соғыста небір жанқиярлық ерліктер жасалды. Небір сын сәттерде Отан үшін отқа кеудесін тосқан аға ұрпақтың қатарында қазақ халқының батыр қыздары мен ұлдары да болды. Азаматтарымыз  қанға боялған даласы, аңыраған анасы, жетім қалған балалар үшін шайқасты.

 1941 жылдан 1945 жыл аралығында бес жылға таяу жалғасқан қанды соғыс біздің отандастарымыздың жеңісімен аяқталды.1945 жылдың 30-шы сәуірінде Рехстаг үстінде Жеңіс жалауы желбіреді. 8-мамыр Берлинде фашистік Германияның толық жеңілгені туралы құжатқа қол қойылды.

Аз емес зар жылаған, егілген жан,

                       Аз емес өшкен өмір, төгілген қан.

                        Кеудеге зілді қасірет салды соғыс.

                      Қирады талай арман көңілге алған - деп, біз Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіске ештеңеге теңеспейтін ғажап күшпен жеттік. Ол күш — әрине, "бірлік”. Қаншама халық бір тудың астына бірігіп күштерін бір арнаға салды. Ұлы  Жеңіс он бес одақтас болған мемлекеттердің ортақ мерейтойы.

Қазақ ел басына күн туғанда толарсақтан саз кешетін жауынгер халық. Ұлы Отан соғысының қатпарлары парақтарына үңіліп қарасақ, қазақтардың қанды қырғынға қаймықпай соғысқанына ашық көзіміз жетеді. Оған мысал айқас алаңдарында өшпес ерлік жасаған бес жүз қазақтың Кеңес Одағының батыры атағын алғанын айтсақ та жетеді.

Ұлы жеңістің 75 жылдық мерей тойымен  қатар біздің мемелекетіміздің Ата заңы мен ассамблеяның 25 жылдығы және Қазақ хандығының 555 жылы қатар келіп отыр.

  Біздің аталарымыз бен әкелеріміздің батырлықтары мен жанқиярлықтары, олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері Қазақстанның бүгінгі жауынгерлері үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, бұл – бірнеше ұрпақты байланыстыратын қоғамның рухани дамуы мен ұлттық қайта өрлеуінің жоғары адамгершілік негізі. Жеңіс күні – абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі. Табандылық пен ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік қатал соғыста Жеңіске жеткізді. 

Тарих көші үнемі жаңарып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескірмейтін тарихи оқиғалар болады. Соның бірі- әлемді дүр сілкіндірген ІІ дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетті батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкімде ешқашанда ұмытпақ емес. Әлемді дүр сілкіндірген оқиға 1941 жылы маусымның 22-де болған еді. Бірақ сол кездегі Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында 1945жылы 9- мамырда бұл оқиға жеңіспен аяқталды. Міне, содан бері 75 жыл мерзім уақыт өтті. 
Біздің Қазақстанда соғыс оты шарпымаған шаңырақ кемде кем. Жүз мыңдаған ата- әкелеріміз соғыстың алғашқы сәтінде ақ майданға аттанды. Жауға қарсы атылған он оқтың тоғызы Қазақстанда жасалды. Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, бүгін арамызда асқар таудай болып жүрген аталарымызға басымызды иіп тағзым етіп бүгінгі күнгі Жеңіс күнінің қайғысы мен қасіретін басынан өткізген мына біздер мен сіздерге нұрлы да, шуақты өмірде сыйлаған ардақты да, аяулы ардагер аталарымызға бас иіп ризалығымызды білдіреміз. Соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, қошемет жасалуда. Әрине, олардың орасан зор еңбегін еш уақытта өтеу мүмкін емес. Соғыс ардагерлеріне тағзым ете отырып, келешек еліміздің ертеңі жақсы болса екен деп тілеймін. Әрбір қазақ баласы өз Отанын анасындай сүюі қажет.Тәуелсіз еліміз өркендеп, өсе берсін.

Тыныштық! Жаса тыныштық! 
Осы сөз бізге тым ыстық. 
Көркейе берсін еліміз. 
Көркейе берсін ырыс-құт! 
Еліміздің көк аспанында бейбітшіліктің, тәуелсіздіктің, азаттықтың туы әрқашан желбірей берсін! 


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 тамыз
540
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі