400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 30 материал табылды

«Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ 10 сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Болатхан Бота Болатханқызы

10 сынып жетекшісі, технология

пәнінің мұғалімі


Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды»

Тәрбие сағатының мақсаты: Жас ұрпақты тарихымызды тереңнен тануға баулу, Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге тәрбиелеу.

Жүргізуші сөзі:

1.ХХ ғасырдағы ең бір қанды қасірет соғыс ол Ұлы Отан соғысы еді!

Себебі, оған әлем халықтарының 80 пайызы қатысты.

Сондай-ақ, майданға 61 мемлекет тартылды,

40 елдің жерін соғыс өрті шарпыды,

100 миллион адам қолына қару алды.

Олардың арасында көп ұлтты Кеңес Одағы деген алып ел бар еді


2. Қазақстанда соғыстың алдында 6,2 миллион халық тұратын еді. Осы жылдары республикамыздан 1 мил. 196 мың 164 адам қару асынып, майданға аттанды. Республикадан еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді. Сонда Қазақстаннан соғыс жылдары әскери комиссариаттары арқылы 1 млн. 900 мыңдай адам сапқа тұрды.


3.Бүгінгі мерекелік шара Ұлы Отан соғысында құрбан болған аталарымыз бен әкелеріміздің, мәңгі жас болып, жадымызда сақталған жауынгерлер мен офицерлер рухына, бейбіт кезеңде дүниеден өткен ардагерлерге, бүгінде ортамызда жүрген Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің мен оған теңестірілген азаматтардың құрметіне арналады.


1-оқушы

Жүргенімде қуанышпен қамданып,

Керек-жарақ заттарымды қолға алып.

Жиырма екінші сағатында қырық бірдің

Батыстан дауыл соқты долданып.


2-оқушы

Таң алдында сағат бесті соққанда,

Жынды неміс сылтау тапты жоқтан да.

Тұтқиылдан тыныш жатқан самарқау,

Шекараға келіп салды  ойранды.


3-оқушы

Осы хабар уақытында алынды,

«Соғысқа» деп дабыл қағылды.

Қуанышты жас жүректі суытып,

Баса қалды лапылдаған жалынды.

4-оқушы

Отан Ана еліміздің ер азаматтарының қолына қару, бойына қуат беріп, жауға шығарып салды. Қазақстанда құрылған 316 атқыштар дивизиясының қолбасшысы генерал майор В. Панфилов болды


5-оқушы

Тастар көкке атылды,

Орман шулап, тау құлап,

28 батырды жеңе алмады жау бірақ.

Жамылды жер тұманды,

Өрт ішінде қалды бақ.

28 қыранды жеңе алмады жау бірақ.


6-оқушы

Оқ астында зулаған,

Туған жермен бір болып,

Жау алдында тұр олар 28 мың болып,

28 батырын ұмытпайды ел мәңгілік.


Ән : «Дубасекова зиратында» 10 сынып қыздары


Жүргізуші сөзі:

Біздің халқымыздың Ұлы Отан соғысындағы қаһармандық ерлігі жеңіспен аяқталады.

Бұл жеңіс 20 миллион жерлестеріміздің қанымен, тірілердің табан ет, маңдай терімен келді. Соғыста ерлікпен қаза тапқан қыршын жастарымыздың қаһармандық рухы ұрпақтар есінде мәңгі сақталады!


7-оқушы

Жер жүзінде нұр шашып жеңіс күні,

Жақсы үміттің шырағы жанды міне!

Аспан бетін қаптаған қара тұман,

Серпіліп зұлымдықпен сөнді түні.


8-оқушы

Жер бетін қан сасытқан соғыс бітті,

Жер бетінен жамандық мүлде үрікті.

Жеңістің жарқын күнін жыр қыламыз.

Аспандатып жырлаймыз жақсылықты.


9-оқушы

Жеңіс күні ардагерлер әперген,

Желбіретіп қызыл туды көтерген.

Туған елін жау қолында қалдырмай,

Ерлікпенен ел парызын өтеген.


10-оқушы

Он сегізде соғыс атты от кешкен,

Жараланып жас денесін оқ тескен,

Аталарым, ардагерлер,  болшы аман,

Зейнетін көр бейнетіңнен мол кешкен.


11-оқушы

Ардагерлер, ұзақ өмір сүріңдерші,

Арамызда ардақ болып жүріңдерші!

Құрметтейік жеңісті мамырдағы,

Бақыттан рахаттанып күліңдерші!

Ардагер аталарға мың алғыс!

Қызығын сыйлаған бұл дүниенің.

Келешек ұрпағының бақыты үшін,

Батырлықпен қорғаған жаудан жерін.


12-оқушы

Бүгін жайнап жасарсын ана біткен,

Асыр салып қуансын бала біткен.

Жүректері жарылсын қуаныштан,

Аяласын көңілі жақсы үмітпен.


Хормен:

Жасасын Жеңіс! Бақытты елім күле бер!
Тәуелсіз болып болашағына жүре бер!
Болмасын соғыс! Болмасын соғыс! Болмасын!
Осы тілекпен барша халайық түрегел!


Жүргізушілер сөзі:

Міне, ата-бабаларымыздың арқасында бүгінгі күні өз тәуелсіздігімді алып, егеменді ел болып, әлемге танылып отырмыз. Өз гиміміз, өз елтаңбамыз, әрқашан биіктен көрінер туымыз  бар. Бұл біз үшін үлкен қуаныш, үлкен бақыт.


13-оқушы:

1992 жылы 7 мамырда Қазақстан Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының қарулы күштері құрылды. Дәл осы күні республика аумағындағы КСРО Қарулы Күштерінің құрамындағы мекемелер, бөлімдер, құрамалар, Қазақстан Республикасының құзыретіне берілді.


14-оқушы:

Қазақстан Қарулы Күштері- Қазақстан Республикасының әскери құрылымы басқару органдарын, Қарулы Күштердің түрлерін, арнайы әскерлерді, тыл, әскери оқу орындары мен ғылыми мекемелерді қамтиды.


15-оқушы

Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 7 мамыр-Отан қорғаушылар мерекесі де келіп жетті. Осынау айтулы мерекенің қай кезде де орны бөлек.Олай болатыны, абзал азаматтарымызға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.Олар-өмірдің мәні,көңілдің жыры, әр отбасының алтын қазығы. Ендеше бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын!


17-оқушы

Жете бер аңсап күткен тілегіңе,

Қылаудай дақ түспесін жүрегіңе.

Отанның, ел-жұртыңның мақтаны бол,

Алды бол қатарыңның бұл өмірде ,


Ән: «Сарбаздар» Даулетханова Назерке


18-оқушы

Жүрекке адалдықтың ескен гүлін

Ғажайып келешектің төккен үнін

Ардақты ағаларға шын көңілден

Жолдаймыз алғыс пенен сәлем бүгін.


Армысыздар, ардақты азаматтар,

Отбасының тірегі, елді бастар.

Құтты болып мереке баршаңызға

Бақ-береке әкелсін отбасыға!


Жүргізуші сөзі:

Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!

Елімізде бейбітшілік болсын! Аналарымыздың зарлаған, сәбилеріміздің жылаған дауысы естілмесін! Айбынды азаматтарымыз аман болсын!

Хор «Атамекен»



















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
776
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі