Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» атты салтанатты жиынның бағдарламасы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
А.Д.Романов атындағы №53 орта мектебі
«Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды»
(атты салтанатты жиынның бағдарламасы)
Төменарық 2016ж
1 - жүргізуші: - Құрметті қонақтар , оқушылар , мұғалімдер !
Әрқайсысымыз үшін жақын да қымбат мереке 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы жеңіс күні.
Жеңіске жету жолында Қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан Жеңіс күні әрқайсысымыздың жүрегімізге жақын.
Өкінішке орай , уақыт сол ұлы оқиғаларға қатысушыларды біздің қатарларымыздан алып кетіп жатыр. Олар азайған үстіне азайып барады. Бірақ ешкім де, ештеңе ұмытпауы тиіс! Себебі , бұл – біздің тарихымыз, біздің мақтанышымыз, біздің даңқымыз!
2 - жүргізуші: 1941 жылы маусымның 22 – сінде Гитлерлік Германия Отанымызға соғыс жарияламастан опасыздықпен шабуыл жасады.
Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды.
1 - жүргізуші: Ұлы Отан соғысының дүние жүзі үшін маңызы зор болды.1945 жылы 8-мамырда Берлинде фашистік Германия жеңілгенін мойындап қол қойды. 1945 жылы мамырдың 9 –ында бұрын – соңды болмаған мың зеңбірек 30 дүркін салют атылды. Міне, жеңіс күні осылай келген еді.
2 - жүргізуші: Дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымын терең сезіне түсті. Қаһарман ерлік пен еңбек жеңіп шықты. Зұлымдық, басқыншылық тізе бүкті.Бірлік, ерлік, халықтар достығы нығая түсті. Биыл Ұлы Жеңістің 71 жылдығын атап өтеміз. Сонымен 9 – мамыр Жеңіс күніне арналған концерттік бағдарламамызды ашық деп жариялаймыз.
Дәл осынау жадыраңқы жай күні,
Болса дағы қай ғасырдың қай жылы
Ұлы Отаным болсын иіп бір минут
Есіне алмақ сол бір апат қайғыны.
- Құрметті ұзтаздар, оқушылар сол ағаларымыздың рухына бас иіп 1 минут еске алайық.
Ал енді Ұлы Отан соғысына қатысқан жерлестерімізге арнап ескерткішке гүл шоқтарын қояйық.
1 - жүргізуші: «Ешкім де ұмытылған жоқ, еш нәрсе де ұмыт қалған жоқ». Осынау сөздер Жеңіс күнін мерекелеу кезінде жиі айтылады, осынау сөздер соғыста қаза тапқандар ескерткіштеріне де қашалып жазылған.
Енді құттықтау сөз ауыл әкәмі Фазылов Найрахман аға мен мектеп директоры Көлжанов Нарымбет ағайға және тарих пәнінің мұғалімі Абдықадыров Асқар ағайға беріледі.
Кек қайтарып фашистен ,
Соғыс бітті жеңіспен.
Жеңдік жауды күресте,
Жасалсын той мереке! – дей келе оқушылардың орындауында хор «Бейбіт күн тілегі»
2-жүргізуші: Жеңіс күні бар
әлемге әйгілі,
Көктем шуақ-9май күні.
Айтшы, кәне, біздің жеңіс шеруі,
Кездейсоқ па көктемге сай келуі.
1-жүргізуші: Біздің Ұлы Жеңісіміз көктем боп,
Көңілдерге шұғыласын төккен көп.
Сонау жылы 9 май күні,
Алмастырған қуанышқа қайғыны.
2 -жүргізуші:Бүгінгі күн –
көптен күткен салтанатты күн, зымыраған уақыттың қанатында Жеңістің
міне 65- көктемі де келіп жетті.
65 жыл - бейбіт көктем таң атқалы,
65 жыл - шуақты күн таратты әнін.
65 рет - көктемде сонан бері,
Ашылды Жеңіс күннің парақтары.
1 - жүргізуші: Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,
Жігер менен құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұлағы. –
2 - жүргізуші: Әрбір көктем бізді ойша осынау ұмытылмас, әрі көптен күткен күнге 1945 жылдың 9-мамырына қайта оралтады.
Жауынгер біздің саңлақтар,
Жауды жеңген солдаттар.
Ардақты Отан – ел үшін,
Бақытты туған жер үшін. –
Хор: 8 а сынып оқушыларының орындауында «Егемен Қазақстан»
1 - жүргізуші: 9 мамыр – Жеңіс күні өмірді сүйер адамзаттың есінен мәңгі кете ме? Бірақ бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ.
Оқ борады күні-түн
Жатты жерді от қарып.
Алға қарай ұмтылды,
Батыр қазақ оқты алып.
Би: 9 б сынып қыздарының орындауында «Сарбаздар биі» қарсы алыңыздар
2 - жүргізуші: Гитлершілдер соғыстың бас кезінде 190 дивизияны, 5 мыңдай ұшақты, 3700 танкті, 50 мыңдай қару шабуылға шығарды.Жерімізге басып кірген жау әскерінің жалпы саны 5,5 миллион адамға жетті.
Жиырма сегіз, жиырма сегіз – бір ғалам,
Анау жаудың танктері лаулаған.
Ресей кең, Отан кең , артымызда Москва.
Шегінуге хақымыз жоқ , хақымыз жоқ бір қадам.
1 - жүргізуші: Осы сұрапыл соғыста жауды талқандап Ұлы Жеңіске жетуге қазақстандықтар да сүбелі үлес қосты. Жүздеген мың қазақстандықтар қолына қару алып , өз Отанының бостандығы үшін күресті.
Орыс , қазақ , қырғыздан,
Құрылған бұл шағын топ.
Жауға үрей туғызған
Жайпап түсер жалын боп.
Хор: Майский вальс орындайтын 10 в сынып оқушылары
2 - жүргізуші: Қазақстандықтар Брест қамалын қорғады, Мәскеу түбінде өлімге бас тікті, Сталинград , Курск доғасындағы шайқастарда ерекше көзге түсті. Берлинді шабуылдады, Рейхстагқа қазақ жігіті Рақымжан Қошқарбаев Жеңіс туын тікті 1945 жылы 30сәуірде.
Туын жықпай қолдағы,
Опат болды елі үшін.
Кеудесімен қорғады,
Азаттықтың жемісін.
1-
Жүргізуші: Біздің халқымыз қазақтың батыр
қыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың есімдерін
мақтанышпен атайды. 1942 жылы Алматы қаласындағы
медицина институтында оқып жүрген еді. Ол өз еркімен сұранып қазақ
ұлттық 100-бригадасы құрамында майданға аттанды.
Мәншүк Мәметова-Невель қаласын қорғау
кезінде ақырғы оғы қалғанша жауды қырып, ерлікпен қаза
тапты. Қасындағы жолдастарынан айырылған Мәншүк үш пулеметті
қатарынан қойып, жауды 3 сағат бойы жалғыз бөгеп тұрған. Каһарман
қызға Кеңес Одағының Батыры атағы
берілді.
Даламыздың даңқысың,
Балауса гүл балғын қыз.
Жанын қиып халқы үшін,
Жанып түскен ақ жұлдыз.
Хор: Поппурий 10 в сынып
2-Жүргізуші:
Әлия Молдагұлова (1925-1944)
Ақтөбе облысы Қобда ауданында дүниеге келген. Әке-шешесінен
жастайынан айырылған ол ағасының тәрбиесінде болып, олармен бірге
Ленинградқа көшіп келеді. Кейіннен Ленинградтағы балалар үйінде
тәрбие алады.
«Отан үшін алға!»-деп, барлық жауынгерлерді соңынан ертіп,жауға
қарсы ұмтылды. Жаудың бораған оғына қарамастан қыстаққа бәрінен
бұрын кіріп,бірнеше жаудың көзін жояды.
Әлия соғыс жылдары
ірі-ірі шайқастарға қатысып,мергендігімен аты шықты. Ер жүрек
мерген қыз 20-ға толмаған қыршын жасында жау оғынан көз
жұмды.
Сілкінтіп зеңбіректер жердің жүзін,
Оқ борап снарядтар қаққан да ызың.
Қаптаған қалың жаудан тайсалмаған,
Мен көрдім пилоткалы қазақ қызын.
Би: 10в қыздары
1 –
жүргізуші: Бауыржан Момышұлы (1910-1982)
– жазушы, қазақ халқының аты аңызға айналған атақты Ұлы Отан
соғысының даңқты жауынгері, гвардия
полковнигі. 1941 жылдың күзінен
бастап,соғыс аяқталғанға дейінгі барлық шайқастарға
қатысқан.
Жас ұрпақ, асыр
сап
Шырқайды Ерлікті ән қылып,
Небір заңғар таулар құлазып шөесе де,
Ерлердің бейнесі жасайды мәңгілік.
2 –
жүргізуші: Талғат Бигелдинов ұшқыш болуды
жастайынан армандап аэроклубта оқыды,кейін авиация училищесінде
білім алып шығады.
1943-1945 жылдар аралығында Ұлы Отан соғысына
қатысқан. Жаумен 305 рет әуе шайқасына түсіп,800-ден астам
техникасы істен шығарып, 7 ұшағын атып түсірді. Жаудың жүздеген
танкілерін, зеңбіректері мен солдаттарын жойды. 1944 жылы Кеңес
Одағының Батыры атағын алса,соғыстан кейін екінші рет Кеңес
Одағының Батыры атағы берілді.
Хор: 9 в
сынып
1 –
жүргізуші: Қасым Қайсенов (1909 – 2003
жылы) Соғысқа 1941 жылы шақырылды. Смоленск түбінде соғысты.
«Отан соғысы» орденімен марапатталған, «Маршал
Жуков» медалімен, «1941-1945 жж.Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске
40жыл», «КСРО-ның Қарулы Күшіне 60
жыл»
Қасарысты жиырма сегіз,
Тынбай атты гранатты.
«Отан» деген отты лебіз-
Жандарынан жалын атты.
2 – жүргізуші: Қабиденұлы Төлеген Тоқтаров Қатардағы жауынгер.1942 жылдан бастап 1943 жылға дейін Сталинград майданында соғысқан. «Германияны жеңген үшін» медалімен марапатталған.
. Қасарысты жиырма сегіз,
Тынбай атты гранатты.
«Отан» деген отты лебіз-
Жандарынан жалын атты.
Ән орындайтын 8 б сынып оқушысы Касымбек Нұрғиса
1 - жүргізуші: Ия, бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Ұлы Отан соғысына қатысып , ерлік көрсеткен Қасым Қайсенов, Нұркен Әбдіров, Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Рақымжан Қошқарбаев, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова сияқты есімдері аңызға айналған аталарымыз бен апаларымызды тарих бетінде «Батыр» деп жазып кетті.
Кетпес олар естен мәңгі,
Кектері тұр кеудемізде,-
Ерлік даңқы - жеңіс таңы
Жарқыратып келді бізге.
оқушылардың орындауында хор «Ақ көгершін» әнін қабыл алыңыздар.
2 – жүргізуші: 1945 жылдың 9 мамыры. Герман фашизмінің күйрей жеңілген күні. Жеңіс! Ұлы Жеңіс!
Сүйінші , халқым сүйінші,
Сүйіншіге - сүйінші!
Шаттан ата-анамыз!
Шаттан ата-бабамыз!
оқушылардың орындауында хор «Атамекен» әні
1 - жүргізуші: Жеңістің туы жалтылдап,
Жығылмай мәңгі тұрады.
Сол тумен өскен аршындап,
Ерлердің бізбіз ұланы!
2 - жүргізуші:
Батыр ұл есімдері ақталады
Жыр болып жүректерде сақталады.
Ғасырдан ғасырларға аңыз етіп,
Ұрпағы мәңгі бақи мақтанады.
1 - жүргізуші: Бүгінгі күн – көптен күткен салтанатты күн,
зымыраған уақыттың қанатында жеңістің міне 71-ші көктемі де келіп
жетті. Ешкімде, ешнәрсе де ұмытылмақ емес. Бұл сөз өткенге емес,
болашаққа арналған. Олай болса, Ұлы Жеңістің 72 жылдығында
кездесейік.
2 - жүргізуші: Ұлы Жеңістің 71 жылдығына арналған салтанатты
жиынымыз аяқталды.
1 - жүргізуші: Ардагерлерге мың тағзым!
2 - жүргізуші: Жеңістің туы мәңгі желбіресін!
1 - жүргізуші: Жер үстінің шуағы тарқамасын!
2 - жүргізуші: Жеңіс тойы мәңгі жасасын! Мерекелік бейбіт күнде
кездескенше аман - сау болыңыздар!