Материалдар / "Ешкімде , ешқашанда ұмытылмайды"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Ешкімде , ешқашанда ұмытылмайды"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлы Отан соғысының ерлікке толы қаһарлы жылдары бірте – бірте алыстап барады. Бірақ адамзат дүние жүзін фашистік құлдықтан аман алып қалған халықтың ғажайып ерліктерін ешқашан ұмытпақ емес.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Желтоқсан 2017
1325
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін:Мектеп директоры: К.Суинова

Тақырыбы: «Ешкім де, ешқашанда ұмытылмайды» (музыкалық кеш)Мақсаты: Ұлы Отан соғысының ерлікке толы қаһарлы жылдары бірте – бірте алыстап барады. Бірақ адамзат дүние жүзін фашистік құлдықтан аман алып қалған халықтың ғажайып ерліктерін ешқашан ұмытпақ емес. Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу.

Жүргізуші: Армысыздар, қадірменді қонақтар!Отан алдындағы борышын ақтап, қанды қырған соғысты тұншықтырып, ұрпағына бақыт әкелген ардагерлерімізге мың алғыс деп, Ұлы Жеңістің 71 жылдық мерекесіне арналған концерттік бағдарламамызға қош келдіңіздер!9 мамыр Ұлы Жеңістің 71 жылдық мерекесі құтты болсын!Ананы баласынан, ағаны бауырынан айырып, мыңдаған боздақтарды жер жастандырып, бөтен елдің топырағын бұйыртқан зұлмат соғытың өлшемі адам өмірімен, тағдырымен бағаланып, өте қымбатқа түскен жеңістің аяқталғанына 71 жыл. Дайындалыңыздар! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы кіргізілсін!Жеңіс деген – жақсылықтың сыңары, Жігер менен құштарлықтың құралы Күрескердің арманы мен ұраны Қуаныш пен мерекенің бұлағыЖүргізуші Дәл осынау жадыраңқы жай куні, Болса дағы қай ғасырдың қай жылы. Ұлы Отаным басын иіп бір минут, Есіне алмақ сол бір апат қайғыны Ұлы Отан соғысында қаза тапқан ерлердің рухын 1 минут үнсіздікпен еске алайық. (1 минут үнсіздік)

Жүргізуші:Ардагерлер-атамекен айбыныСақтады олар елін-жерін, намысын.Ақтады олар азаматтық борышын,Сол үшін де қолтығынан демейік,Ардагерге, майдангергеБарлық жерде басымызды иейік

Тарихи танымдық салтанатты кешіміздің құттықтау сөз кезегі мектеп директоры К.Суиноваға беріледі.

Жүргізуші:Жеңіс күні ардагерлер әперген,Желбіретіп қызыл туды көтерген.Туған елін жау қолында қалдырмай,Ерлікпенен ел парызын өтеген.







Жүргізуші:Отты күндер ер есінде бар, жанымАрпалысқан отты жандар ер жанынКөкірегі нұрға толы ақ жүрекАрдагерлерге мың тағзым- деп бүгінгі ұрпақ кешегі қан майдан ерлерінің жалғасы, қазіргі сіз бен біз мәңгілік ерліктің, өшпес ерліктің рухын өлтірмей, ерлер есімін санамыздан өшірмей ұрпақтан ұрпаққа аманат етіп келеміз. Ұлы Отан соғысында еліне өз еңбектерімен еліміздің өсіп өнуіне өздерінің жанын-қанын берген аталарымыздың аруақтарына гүл шоғын қоюға рұқсат етіңіздер.

Хор: «Жойылсын соғыс » 10-11 сынып оқушылары

Жүргізуші: 1941 жылдың 22 маусымында Ұлы Отан соғысы басталды. Отанымыздың басына ауыр күндер туды. Бұл жылдары жүрегі Отаным деп соққан әр қазақтың баласы барынша күресе білді. Әр азамат өз Отанына деген антын абыроймен орындай білді. Дәл осы кезде «Отан Ана шақырады» ұранымен бүкіл кеңес халқы, ал Қазақстанымыздан 1 миллион 366 мың адам майданға аттанды. Қазақстанда соғыстың алдында 6,2 миллион халық тұратын еді. Республикадан еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді. Сонда Қазақстаннан соғыс жылдары әскери комиссариаттары арқылы 1 млн. 900 мыңдай адам сапқа тұрды.Соның ішінде қазақстандық жаужүрек жауынгерлер, тарихта есімдері алтын әріптермен жазылған Б.Момышұлы, Қ.Қайсенов, М.Ғабдуллин т.б ағаларымыз сұрапыл соғыста ерлермен бірге қолдарына қару алып, Отанын қорғауға біздің батыр апаларымыз шығыс жұлдыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәмбетова ерлік көрсетіп, батырлықпен қаза тапты. Би: «Катюша» орындайтындар 5-сынып оқушыларыЖүргізуші: Он сегізде соғыс атты от кешкен,Жараланып жас денесін оқ тескен.Аталарым ардагерлер, болшы аман,Зейнетің ауыр бейнетіңнен мол кешкен.

Ұлы Отан соғысы кезінде тылда еңбек еткен жерлестеріміз : Сыдихов Өтепберген , Сыдихова Муслимат , Қуанғалиева Зылиха , Сәрсенова Марат , Сақтағанова Нұржамал , Құмарова Майжан, Қазачков Леонид, Жансейітов Өмірзақ, соғыс жесірі Ермағамбетова Бұрыш, Ауған жерінде интернациональдық борышын өтеген жерлесіміз Қуанышов Қанат, Чернобыль апатын жоюға қатысқан Қуанышов Самат, Сіздердің ерен еңбектеріңіздің арқасында бүгін міне, осындай кең байтақ, тыныштық орнаған, бірлігі мен берекесі ұйыған, шаттығы мен қуанышы толы, бейбіт, еңсесі биік еркін ел, Қазақстан күн санап өсіп келеді. Осындай ауыл , жайнаған елімізге қарап отырып «Қайран біздің аталарымыз бен әжелеріміз арды ойлаған» деп қуанамыз.

Хор: «Бухенвальдский набат» орындайтындар 7-сынып оқушылары



Жүргізуші:Батыр ұл есімдері ақталадыЖыр болып жүректерде сақталады.Ғасырдан ғасырларға аңыз етіп,Ұрпағы мәңгі бақи мақтанады.

Төрт жыл бойы қанды қырғыннан кейін , қырық бестің көктемінде дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымын терең сезіне түсті. Ерлік пен еңбек жеңіп шықты. «Ешкім де ұмытылмайды, ештеңе де ұмыт болған жоқ». Осынау сөздер Жеңіс күнін мерекелеу кезінде жиі айтылады. Осынау сөздер соғыстан қаза тапқандар ескерткішіне де қашалып жазылған.

Би: « Смуглянка» орындайтын 8-сынып оқушылары»







Жүргізуші:1945 жылдың 30сәуірінің кешінде 6 сағат 30 минутта Жеңіс туы тігілді. Ту тіккен – Рақымжан Қошқарбаев, 4 жылға жуық созылған қан төгіс аяқталды. 9 мамыр – Жеңіс күні. Бірақ бұл жеңіс оңайлықпен келмеді. КСРО-ның 1710 қаласы күл талқан болды. 70 мыңнан астам село мен деревняны өртеп жіберді. Қаншама ана баласыз, қаншама бала әкесіз қалды. Соғыс даласынан 20 миллионнан астам адам қайтқан жоқ, ал соның ішінде 350 мыңы қазақ болатын.

Хор: «Бейбіт күн тілегі»

Жүргізуші:Иә, аспанымызда Жеңіс туы желбірегеніне – 71 жыл. Соғыс өрті өшіп, қайғы мұңнан арылып, бейбітшілік орнап, бақыт гүлін тергенде – 71 жыл.

71 жыл - бейбіт көктем таң атқалы,71 жыл – шуақты күн таратты әнін.Талай құс содан бері қайта оралды, Талай бақ әлеміне қайта оранды.Соғыста өлгендер тек оралмайды.Тек ұрпақ олар жайлы айтады әнді.71 жыл – жауыздықтың ажал оғыБіздің елдің үстінен ұшпағалы.

Ән: «Маиский вальс» орындайтындар Мерекеев Рашид және Шамыратова Гүлназым

Жүргізуші: Борыштармын ерлігі ғой солардың Жеңіс үні дүрсілдетіп жүректі, Қуаныштан қатайтасың білекті. «О ,халқым, құтты болсын мерекең!» Деп сіздерге арнап тұрмын тілекті.Монолог « Бауыржан Момышұлы » оқитын Құсайынов Әділбек

Жүргізуші: Көзді ашып- жұмғанша өтті уақыт,71 жыл болды ғой, міне, бақыт.Үлкен-кіші, балалар, ардагерлер,Бәрінде де ашық көңіл,асқан шаттық. Бағым жанып Тәуелсіздік ғасырда, Мойындады бүкіл әлем қасымда Борыштармын жемісі ғой бейбіт күн



Ән: «Темная ночь»орындайтын Үбиев Олжас



Жүргізуші:Міне, талай ошақтың отын өшірген, талай жанның жүрегіне жазылмас жара салған, Ұлы Отан Соғысының аяқталғанына 71 жыл толып отыр. Иә, осынау ұлан-ғайыр даламыз нені бастан кешірмеді дейсіз? Небір төңкеріс, небір көтеріліс, небір жеңіс пен жеңілісті, қызық пен қиындықты өткерді емес пе? Ата-бабаларымыздың осындай ерлігінің жемісі – Ұлы Отан соғысындағы жеңісі.

Хор: «Соғыстан қайтқан солдаттар» 5 сынып

Жүргізуші:Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,Жігер менен құштарлықтың құралы.Күрескердің арманы мен ұраны,Қуаныш пен мерекенің бұлағы.

Би: «Синий платочек» 6 сынып

Жүргізуші:Батыр ұл есімдері ақталады,Жыр болып жүректерде сақталады.Ғасырдан ғасырларға аңыз етіп, Ұрпағы мәңгі бақи мақтанады.

Ән: «День победы»

Жүргізуші:Жеңіс күні бар әлемге әйгілі.Көктем шуақ – Тоғызыншы май күні. Айтшы, кәне, біздің жеңіс шеруіКездейсоқ па көктемге сай келуі.

Міне, ата-бабаларымыздың арқасында бүгінгі күні өз тәуелсіздігімізді алып, егеменді ел болып, әлемге танылып отырмыз. Өз әнұранымыз, өз елтаңбамыз, әрқашан биіктен көрінер туымыз бар. Бұл біз үшін үлкен қуаныш, үлкен бақыт.

ДАЙЫНДАЛЫҢЫЗДАР!

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы шығарылсын!

Жүргізуші:Отанымызды шексіз сүйіп, оны қастерлей білейік ағайын, ата-баба дәстүрін, әдет-ғұрпын берік ұстап, үлкенге ізет, кішіге ілтипат көрсетейік. Халқымыздың ерлігімен, батырлығымен, қайсарлығымен келген Тәуелсіздігіміздің көк туын мәңгі көкке желбіретейік. Елімізде бейбітшілік болсын! Айбынды азаматтарымыз аман болсын!

Жүргізуші: Жер үстінің шуағы тарқамасын! Жеңіс тойы мәңгі жасасын! Мерекелік бейбіт күнде кездескенше аман - сау болыңыздар!



































Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!