400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Ескірмейтін ескі сөз»

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыға сал-дәстүрлік тәрбие беру іс көптеген құралдарды қолдану, әр түрлі әдістерді пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы























Үсенов атындағы Сабынды орта мектебі



«Ескірмейтін

ескі сөз»







Құрастырған:

Айтжанова Ләйлә Өмірбекқызы


Бастауыш сынып мұғалімі



Мазмұны


Кіріспе...........................................2


Сандардың қасиеттері.......................3


Ескірген сөздер мағынасы.................10


Қазақша өлшемдер..............................6



Қанатты қағидалар..............................15











Кіріспе

Оқушыға сал-дәстүрлік тәрбие беру іс көптеген құралдарды қолдану, әр түрлі әдістерді пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

Оқушыға салт-дәстүрлік тәрбие берудің тікелей бірінші міндеті-оларды адамгершілікке және жат қылықтар жасаудан сақтандыратын жүйені қалыптастырады.Осындай аса маңызды міндетті жүзеге асыруда оқушыларға «Ескірмейтін есті сөз» кітапшасы ықпал етуге тиіс.Осы кітапшаның екінші міндетіұстазға оқу процесінде жиі қолданылатын терме диктант, көру диктанты,жатқа диктанттарында көп көмек жасайды деуге болады.

Сөзіміздің түйіні-қиыны мен қызығы мол тәрбие жолына және бір көз жіберіп,халық айнаға тағы да қарап өз жолымызды айқындай білсек нұр үстіне нұр деген осы болмақ.








7,9,12,40 сандарының қасиеттері



Жеті саны-халық ұғымы бойынша қасиетті сан. Жеті ата,жеті қазына жеті ғашық,жеті күлше тарату.Осымен байланысты апта күнінің саны да жетеу.Ғарыш әлеміндегі жеті жұлдызда

«Жеті қарақшы» деп атлаған.Жеті санының мәнін аша түсер мақалдар:

«Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ілім біл»

«Жеті атасын білген ер,жеті жұрттың қамын жер»

Жеті санына байланысты «Жетіген» музыкалық аспабы бар.

Тоғыз санының қасиетіне тоқталар болсақ, ана құрсағында нәресте 9 ай, 9күн өсіп жетіледі. Бұл сан адамның ғұмырында пайда болып, жарық дүниеге келемін дегенге дейінгі уақыт өлшемі.Тоғыз санына қатысты «Тоғызқұмалақ» ойын түрі бар.

Он екі-санының қасиеті өз алдына.Бір жыл 12 айдан тұрады, кейде бұл сан теңеу, яғни тұрақты тіркес ретінде қолданылады. «Он екіде бір гүлі ашылмаған» деген тұрақты тіркес пәк, бейкүнә деген ұғымдарды береді.Әр жылға 12 жануар, хайуанаттар аты берілген.

Қырық санына байланысты оның қасиетін ашар маңыналы тіркестер кең көлемде таралған. «Қызға қырық үйден тиым» дегенде ұғынатымыз қыз әдебіне деген көзқарас.Той жасап қуаныш қызық болар болса қазақ елінің бұрыннан қалыптасқан ұғымында «Отыз күн ойын,қырық күн тойын жасады» деген сөз қолданысы бар.Ер азаматтарға байланысты «Отыздарда бұзған, қырқында қыр аспайды» дейді.

«Қырықтың бірі- Қыдыр» қонағын күтіп алғанда айтады.

Төрт кітап

Тәурат-Мұсаның кітабы.

Зәбүр-Дәуіттің кітабы.

Інжіл-Исаның кітабы

Құран-Мұхаммедтің кітабы

Ырым-тыйым-ұлағат көзі

« Қазақтың ырым-тыйымдары»

« Қазақтың ырым-тыйымдары» 1 Ұнасың ұнамасың Бұзба құстың ұясын.


2 Ұқсама тентек балаға.Пышақтың жүзін жалама


3 Шаршасаң сәл-пәл аялда . Бірақта жерді таянба


4 Құр беталды ермекке, Бос бесікті тербетпе.


5 Жақтыр мейлің жақтырма Нанды жерге лақтырма


6 Жоқ әдетті шығарма Түнде көлден су алма.


7 Адамдарды санама. Түнде айға қарама.


8Ақыл-есін бүтінде. Кісіге қарай түкірме.


9 Ұлттық салттан бүлжыма. Жұма күні кір жума.


10 Дастарханға емінбе Көп алдында керілме.


11 Тірі жанды иықтама, Бейуақытта ұйықтама.


12 Айтқан сөзді бағамда. Күлме кемтар адамға. 9 Ұлттық салттан бүлжыма. Жұма күні кір жума.


13 Сүйсінсін жұрт ісіңе. Сақта ата-ғұрпынды.


14 Ешқашан үлкен кісіге. Отырма беріп сыртыңды.


15.Күн батар кезде уйықтамайды


Сандардың қасиеттері

Жеті ұлағат

1 Әлсізге-медет 2 Күштіге-айбар Құдай (есіркесін) жарылқасын

3 Зарыққанға- айбар. 4 Торыққанға-демеу. Құдайдан тілегенің келсін

5 Асқанға-тосқан 6 Сасқанға- сая. Құдай күлкіден айырмасын

7 Ұрпаққа ұстаз- Ұлыққа Қанжыған майлансын

Жеті жүйелі сөз Орта (орны) толсын

1 Баланың қыбын әке табады. Орны жоғалмасын

2 Қыздың қылығын ана табады. Оң болсын

3 Сөз жүйесін дана табады. Оң талап болсын

4 Рақымсыз шырақ бұзады. Отбасын аман болсын

5 Ұйытқы сүт ұйытады Өркенің өссін

6 Береке ел ұйытады. Өркенді бол.

7 Ықылас мейірім тудырады. Өзегің талмасын

Жеті түзету Өмірің ұзақ болсын

1 Темірді от балқытады. Өмір жасын ұзақ болсын

2 Ағашты қоз балқытады. Өз үстіннен тозсын

3 Адамды сөз балқытады. Ұзатып жіберіңіз

4 Болатты көрік қорытады Ұйқын тыныш болсын

5 Қисық қайынды тез түзейді. Ұсынықты бол

6 Адамды сын түзейді. Ұқыпты бол

7 Тағамсыз ат, тұрлаусыз, Ұзағынан (берсін) сүйіндірсін

Адам серттен қайтады. Құтты болсын Құсы құтты болсын.

Жеті жетім Қадамы (қайырлы,құтты) болсын

Тыңдалмаған сөз –жетім. Қоныс (көлікті) жайлы болсын

Киюсіз қалған боз жетім Қаймағы бұзылмасын Қабыл болсын

Зәбүр-Дәулеттің кітабы Қорана-мал,үйіңе-жан толсын

Інжіл-Исаның кітабы Қырқар көбейсін Құдай жарылқасын.

Құран-Мұхаммедтің кітабы Қыдыр дарысын,бақ қонсын.Қолын ұзарсын

Тілектер

Құдай (есіркесін) жарылқасын

Құдайдан тілегенің келсін

Құдай күлкіден айырмасын

Қанжыған майлансын

Орта (орны) толсын

Орны жоғалмасын

Оң болсын

Оң талап болсын

Отбасын аман болсын

Өркенің өссін

Өркенді бол.

Өзегің талмасын

Өмірің ұзақ болсын Қанжыған майлансын

Өмір жасын ұзақ болсын

Өз үстіннен тозсын

Ұзатып жіберіңіз

Ұйқын тыныш болсын

Ұсынықты бол

Ұқыпты бол

Ұзағынан (берсін)сүйіндірсін

Құтты болсын

Құсы құтты болсын

Қадамы (қайырлы,құтты)оң болсын

Құдайдан қайтсын

Қоныс (көлікті)жайлы болсын

Қабыл болсын

Құдай (Алла сақтасын)

Қаймағы бұзылмасын

Қораңа мал,уйіне-жан толсын

Құдай татулық берсін

Қырқар көбейсін


Қазақша өлшемдер

Астын пісуіне байланысты өлшемдері .Халқымызда астын(еттің) пісуіне байланысты уақыт өлшемдері бар.

Ат пісірім---2-3 сағаттық мезгілді білдіретін өлшем.

Ет асым- 2-3 сағат шамасындағы мезгіл өлшемі.

Ет қайнатым-қазанға салған ет қайнатындай мерзім.

Қайнам: қазан, қайнам-қазанның қайнау уақытының өлшемі. Сондай-ақ өте қысқа мерзімді білдіретін «сүт пісірім» өлшемі де бар.

Азық-түлікке қатысты өлшемдер.

1. Бір асым (ет)

2 Бір елі (қазы)

3 Бір жапырақ (ет,нан)

4 Бір тұтам (қазы)

5 Бір уыс (бидай, тары)

6 Бір үгім (тұз)

7 Бір үзім (нан)

8 Бір шөкім (тұз)

9 Бір шымшым (тұз)

10 Жұдырық басындай (ет,қазы)

11 Қайнатым : бір қайнатым (шай)

12 Салым: бір салым (тұз, шай)

13 Турам (ет,нан)

Қашықтық өлшемдерінің атаулары

Өте жақын деген мағынада айтылатын қашықтық өлшемдері

1 Аттам (бір аттам) жер.

2 Берік тастам жер.

3 Иек артпа жер

4 Қозы көген жер

5 Қол (құлаш) созым жер

6 Қырық қадам

7 Тас лақтырым жер

8 Таяқ тастам жер

Сыпайы сөздер

Кешіріңіз Кеш жатып,ерте тұр. Көп бол.

Көріскенше Кеш жарық Көш көлікті болсын Көргенді бол.

Көңілі көтерілсін. Күлкіден айырмасын. Кем болма.

Көңіліңді кір шалмасын Көзің ашылсын. Көйлегің көк, көңілің

тоқ болсын. Күлшашарың көбейсің. Көсегең көгерсін. Қол

жалғап жіберіңіз. Қалағаңынды ал. Қалауы (болсын).Құдайы

қонақпыз. Қайырлы (таң) түн.

Ізетті,сыпайы сөздер.

Мархабат (мархабат етіңіз)

Мың ғанибет

Мың жаса (жүз жаса)

Мәртебелі бол

Мәртебең өссін.

Мақсатына, мұратына жет

Мерейің үстем болсын

Мейірімі қансын

Маңдайына бақ берсін

Мал-жан аман болсын

Малын өріске толсын

Молшылық болсын

Мың болғыр

Нан ауыз ти

Нұр жаусын

Нұры тасысын

Ниетіңе жет

Ниетің оңғарылсын

Нисібелі бол

Несібеге жеткізсін

Иманды бол

Инабатты бол

Игілігіңе ки


Жігіттің жеті қазынасы

Жүрдек аты-жігіт қаны қанаты

Қыран бүркіт-қарым,күші, қуаты

Құмай тазы-бастан берік сенімі

Ақ мылтығы-сөнбес оты,серігі

Алмас кездік-жігіт сұсы һәм мысы

Ау-жылымы-амал, айла,әдісі

Қара қақпан-серті, себі тірліктің

Осы-жеті қазынасы жігіттің

БЕСҚАРУ

Сойыл


Дойыр


Шоқпар


Найза


Жақ-садақ

Бесқаруды батырлардың аң садақ

Бәрі ағаштан жасалыпты байқасақ

Солармен-ақ батыр баба шайқасқан.

Астам алты тіл

Біріккен Ұлттар ұйымының дәйектері алты халықаралық тілде тарайды.

Қытай

Ағылшын

Орыс

Испан

Араб

Француз


Қанатты қағидалар

Бас сұңқар,

тіл сандуғаш,

тіс қайратың


Туыс-тау

қайың-қанат,

нағашы-нар


Кедей-жомарт,

бай-сараң,

мырза-сирек.


Жүйрік-арық,

жабы-семіз,

топырыш-тоқ


Атадан-өсиет,

анадан-қасиет,

астан-кепиет


Шаңырақ-шат,

кереге-кең,

босаға берік.


Атадан-пейіл

анадан-мейір

баладан-қайыр


Дәстүр-дәулетін,

салтын-санан,

ғұрпын-ғұмыр.


Қазақ халқының ырымдары


Қазақ тұзды бейберекет шашпайды. Себебі, «астың иманы тұз», «тұз төгілсе-ырыс төгіледі» дәм шамданады,ас азаяды, «жерге төгілген тұз еріп жоғалғанша сол жерге тұзды төккен адам тұздай ащы тұрмыс кешеді» деп ырымдайды.

Үйге кірген жыланды өлтірмейді. Басына ақ тамызып шығарып жібереді. Себебі, кейбір кездерде періштелер жылан бейнесіне кіріп, жер бетін шарлайды екен. Жыланды сол періште болар деп ойлайды.

Ауылдан атқа мініп аттанғанда,артынан ит ере шықса, қуалап, зорлықпен кері қайтармайды. Өйткені ит-иесінің құты, иесіне опадар. Сондықтан жолаушының артынан ит үрсе, «Жолы болады, сапары оң болады» Ал сол қабағы тарса, бір жайсыз жағдай болар деп үрейленеді. Ондайда сол қабағын сипап «Жамандықтан сақтай гөр!» деп тілейді.

Алыс сапарға шыққанда жолға сары май, тұз алып шықпайды. Оның мәнісі- «жолым сарғайтып,зарықтырмасын тұздай ащы азап шекпейтін» деген ниетті білдіреді.


Қазақтың әдеп-ғұрыптары

Қуанышқа байланысты.

1 Бесікке салу. 5 Бет ашар

2 Шілдехана 6 Наурыз тойы.

3 Тұсау кесер

4 Сүндетке отырғызу.


Қайғыға байланысты

1 Естірту 4 Қоштасу

2 Көңіл айту 5 Сыңсу

3 Жоқтау 6 Ас беру

Қыздардың шашбауы

1 Шашқан 2 Шашбау 3 Шолпы

Зергерлік бұйымдар

1 Тана 6 Сырға

2 Түйме 7 Білезік

3 Бастырма 8 Шекелік

4 Қапсырма 9 Тұмарша

5 Сақина


Тұмар (алқа) түрлері

1 Жастық тұмар 4 Алтын тұмар

2 Қисық тұмар 5 Тіллә тұмар

3 Лағым тұмар 6 Сіркелі қолтық тұмар


Қазақша мата атаулары

1 Қыжым 11 Торғын

2 Қырмызы 12 Батсайы

3 Қамқа 13 Танта

4Кенеп 14 Сиса

5 Бөз 15 Атлас

6 Бәтес 16 Шытры

7 Бархыт 17 Шибарқыт

8 Жібек 18 Шәйі

9 Дүрия 19 Шұға

10 Торқа 20 Мақпал

22 Ләйлі 21 Пүліш

23 Парша


Асық-асықты жілікте болады

1 Алша 2 Тәйкі 3 Бүк 4 Шік


Ұлттық тағамдар.

1 Бесбармақ 2 Қазы-қарта 3 Жал-жая Шұжық 4 Ірімшік 5Құрт



Үш санының қасиеттер

Үш қуат- 1 Ақыл қуат. 2 Жүрек қуат 3 Тіл қуат

Үш ғайып- 1 Ажал ғайып 2 Қонақ ғайып 3 Несібе ғайып

Үш арсыз- 1 Ұйқы арсыз 2 Тамақ арсыз 4 Күлкі арсыз

Үш даусыз- 1 Мінез 2 Кәрәлік 3 Ажал

Үш қадірсіз- 1 Жігіттік 2 Денсаулық 3 Жақсы жар (әйел)

Үш жамандық- 1Нақақ қан төгу 2 Кісі малын нақақ алу. 3Ата-бабадан қалған ескі жұртты бұзу.

Үш жақын- 1Жан тәтті 2 Мал тәтті 3 Жар тәтті.

Үш көз- 1 Су анасы-бұлақ. 2 Жол анасы -тұяқ. 3 Сөз анасы-құлақ

Үш тоқтам- Ақыл-арқан, ой-өріс, адам қазық

Дүниенің төрт бұрышы

1 Шығыс 2 Батыс 3 Оңтүстік 4 Солтүстік

Жеті жұт

1 Құрғақшылық 2 Жұт (мал қырылу) 3 Өрт 4 Оба (ауру) 5 Соғыс 6 Топан су 7 Зілзала (жер сілкіну)

Жеті жоқ

1 Жерде өлшеуіш жоқ. 2 Аспанда тіреуіш жоқ. 3 Таста тамыр жоқ. 4 Тасбақада талақ жоқ. 5 Аллада бауыр жоқ. 6 Аққуда сүт жоқ. 7 Жылқыда өт жоқ.

Жеті шәріп (жеті әулие)

1 Меке шәріп 2 Мәдинә шәріп. 3 Бұхан шәріп. 4 Шам шәріп 5 Қатыш шәріп. 6 Құддыс (мысыр) шәріп. 7 Кәлләм шәріп (құран)

Жеті қазына

1 Ер жігіт 2 Сұлу әйел 3 Ақыл,білім. 4 Жүйрік ат. 5 Қыран бүркіт. 6 Берен мылтық. 7 Жүйрік тазы (ит)

Жеті күн

1 Бүгін 2 Ертең 3 Бүрсүгүні 4 Арғы күн 5 Ауыр күн 6 Соңғы күн 7 Азына

Жылқы жүрістері

1Шабыс 2 Жорға 3 Желіс 4 Қой жорға 5 Жол жорға 6 Шапқын жорға 7 Жүрісті 8 Аян жүріс.

Бас киімдер

1 Жыға 5 Сәукеле

2 Жырға 6 Кимешек

3 Зере 7 Бөрік

4 Қосаба 8 Тымақ

9 Тақия


Әшекейлері

1 Көз отаға 7 Шеттік

2 Қолазы 8 Шоқ

3 Маңдайша 9 Шырмауық

4 Сәукеле сырғасы 10 Шортас

5 Талмоншақ 11 Ыстық

6 Үкі аяқ 12 Төбілдірік

Қазақша жыл қайыру

1 Тышқан 7 Жылқы

2 Сиыр 8 Қой

3 Барыс 9 Мешін

4 Қоян 10 Тауық

5 Ұлу 11 Ит

6 Жылан 12 Доңыз

Адам жасының атаулары

1 жасқа дейін- шақалақ,нәресте.

1 жастан 10 жасқа дейін –сәби

1 жастан 2 жасқа дейін қыз бала-бөпе,ұл бала-бөбек

1 жастан 3 жасқа дейін- бүлдіршін.

3 жастан 5жасқа дейін-балдырған,балауса.

6 жастан 7жасқа дейін- ойын баласы,жеткіншек

13 жастан 15 жасқа дейін-ересек бала,жасөспірім

16 жастан 19 жасқа дейін- бозбала,бойжеткен.

20 жастан 30жас аралығы-жас жігіт,қыз.

30 бен 40 жас аралығы- дүр жігіт,аға, еркек,кәрі қыз, келіншек

40пен 50 жас аралығы-ер түлегі,отағасы, әке,көке,әйел,ана,тәте

Үй –жай атаулары

Албар-үйдің кіре берісі, сенек,дәліс

Ауыс бөлме- үйдегі кіре беріс бөлме,ауыз үй.

Балаған-Қабырғалары ағаштан құрастырылып, шөппен жабылған уақытша баспана

Балахан-Үйдің екінші қабаты,жоғарғы үй.

Бастырма- Төбесі жабық,жан-жағын ашық етіп жасаған жай ,лапас.

Бұғат-Үй қабырғаларының жоғарғы жақ өрнеуі (карниз)

Долан- Айналасы шарбақпен қоршалған мал тұратын орын.

Дың- Ислам дәуірінен бұрын болған сәулет құрлысының бір түрі.

Жатын- Жатып –тұратын, ұйықтайтын бөлме.

Жер үй- Жерден қазылып жасалған үй.

Жеркепе- Тұтас немесе дені жерден қазылып жасалған тұрғын үй, жер үй.

Жерошақ- Қазан асу үшін жерден кеулей қазылып жасалған ошақ.

Жертөле- Уақытша мекендеу үшін жерден қазылып төбесі жабылған баспана.

Кәң- Мұржасы үйдің еденінің астынан өтетін ошақ.

Кенере- Үй қабырғасының шатырымен жанасар жеріндегі шығыңқы үстіңгі бөлігі.

Кепе- Уақытша баспана,лашық.

Күмбез- Мешіт, сарай сияқты құбылыстардың сәнді өрнектермен әшекейленген шаңырақ тәрізді төбесі.

Қақыра- Қамыстан,балшықтан қаланған уақытша баспана,күрке.

Қамба- Астық,түрлі шикізат сақтайтын орын.

Қамсау- Баспана,қалқа,қорған,жылуы бар лыпа.

Қапас- Ауыр жазалы адамды қамайтын тас қамау.

Қарабура- Қамыс ,қурай сияқтылардан жасалған қоршау, шарбақ, қора.

Қасбет- Ғимараттың маңдай алды.

Қоржын үй- Ауыз үйден оң жақ, сол жаққа қарай тарайтын бөлме.

Ескірген сөздер мағынасы

Гурзі- шоқпар

Уәли- әулие

Жеті ықылым- жеті құрлық

Пәрмен-бұйрық

Кент- қала

Дат- арыз, сөз сұрау

Ғазал-жыр,өлең

Көбең-семіз ат

Шәрбат- жемістің суы

Шүңгіл-терең

Нәхан-үлкен

Сәһәр- таң сәрі

Шонық-бейшара,мүсәпір

Оқпан-ор, шұңқыр

Дарақ-жеке өскен ағаш

Үйез-шыбын

Түлкішек-түкті құрт

Жегі- құрт

Тоқалтіс-тышқан

Өрім-өрім-тозған

Бөкебай- мойынға орайтын орамал

Өлмелі кедей- өте кедей

Старшын- қазан төңкерісіне дейінгі ауыл бастығы

Кенже- бұл жерде кеш туған төл

Шашу шыққан- бөлек шыққан

Суыт-асығыс

Кілтипандары-құпиясын

Жігері құм болды-дәрменсіз күйге түсті

Құқақ-қиындық




Қыстау-Малшылардың мал қыстатуға арналған қысқы мекен-жайы,қора-қопсысы.

Мәтке- Үйдің төбесін жабуға көлденеңінен салынатын арқалық.

Рабат- Қаланың шетіндегі қосымша елді мекен.

Сағана- Күмбез үй, ғимарат.

Қос- Белгілі бір жұмысты істеуге шыққан адамдардың уақытша тұратын баспанасы.

Сенек-Үйдегі кіре беріс бөлме,дәліз.

Там- Шатырлы және тоқал үй.

Тауша- Там үйдің қабырғасыңдағы ыдыс-аяқ қоятын сөре.

Ас үй- Ас дайындайтын, сақтайтын, ас пісіретін бөлме.

Төр үй – Үйдің ең жоғарғы, түпкі бөлмесі.

Уақап үй- Көпшілік болып жабылып салған үй.

Ұра- Астық сақтайтын жерден қазылған жасырын, жабық бөлме.

Шолан- Тамақ, оны-мұны сақтайтын аула ішіндегі, бөлек бөлме, қойма.

Шошала- Азық-түлік қоятын, ас пісіретін бөлме.

Ықтырма-Қотанның жел жағына жасалатын қалқа,ықтасын.

Мата атаулары

Ақдабы-жұқа ақ мата

Баршын-жолақты жібек мата

Бәтес- мақтадан тоқылатын жұқа ақ мата.

Борлат- қызыл түсті жұқа мата

Бөз- жұқа, бостау мата.

Дүрия- жылтырауық, тығыз, жібек мата

Қатипа- жол-жолы бар жұқа жібек мата

Қамқа- зерлі жіптен тоқылған жібек мата

Масаты- жұмсақ, түкті барқыт, жібек мата

Шағи- жұқа келген жұмсақ мата Құлпы- өңі құлпырып тұратын жібек мата Торқа- ең қымбат жібек мата



Ескірген сөздер мағынасы

Шөмеле- жиналып ,үйілген шөп

Межелі-белгіленген уақыт

Құймақұлақ-жақсы сөзді тыңдап,ұғып үйренген бала.

Тақсырет-азап,қиындық.

Самарқау-баяу,әрең қозғалған.

Атыз-суарылатын егіс танабы.

Хиуа ханы-Өзбек жерінде болған Хиуа ханы

Сырық-ұзын таяқ

Құйрық (қол) үзу-араласпай,қатыспай кету

Бәсіре-ер балаға меншіктеп,арнайы ең(белгі) салынған мал

Ат міністі болсын- атың мықты

Қоры үзілген қу- азығы таусылған кедей.

Біту- қандай жерде,қандай адамның қолында өмір сүруін айтады

Шаһар-қала

Бек қиын- өте қиын

Шилі бет- бетін үсік шалған

Сабаулау-шаңғының таяғын сілтеу.

Жылым- судың қыста да қатпайтын жері

Хақында-туралы

Мәмілешіл-келісімге дайын

Ымырт үйірілу- кеш бату

Әбірет-тәлім-тәрбие,үлгі

Бір шөрік жіп- бір орам жіп

Десте-гүл шоғы

Бағылан-семіз марқа қозы

Атан жілік- түйенің жілігі

Жағынан боздағы шығып-үрпейіп, тоңып жүрген

Топалаң,кебенек,түйнеуік-мал аурулары

Пәтуә-келісім

Шеттеуік-жеміс сүйегі


50 мен 60 жас аралығы-жігіт ағасы,сары кідір әйел.

60пен 70 жас аралығы –қарасақал,ата,қара кемпір,апа, әже.

70 пен 80 жас аралығы- ақ үрпек шал,ақ үрпек ана,қарт,қария.

90 мен 100 жас аралығы-селкілдек шал, селкілдек кемпір.

100 жастан жоғары-кейуана,баба.

Мүшел жас.

1- мүшел-13 жас(ер жете бастау)

2- мүшел- 25 жас (жігіттік жас)

3- мүшел- 37 жас (ақыл тоқтау)

4- мүшел- 49 жас(орта жас)

5-мүшел-61 жас (орта жас)

6-мүшел-73 жас (қарттық)

7-мүшел- 85 жас (кәрілік)

8-мүшел-97 жас(қалжырау)

9- мүшел-109 жас (шөпшек сүю)

10- мүшел- 121 жас (немене сүю)


Жас сипаты

10 жасқа дейін-қозы жасы деп қозы-лақ бақтырған

10 мен 20 жас аралығын қой жасы деп қой, ешкі бақтырған.

20 мен 30 жас аралығын жылқы жасы деп жылқы бақтырған

30 жас- орда бұзар.

40 жас- қылыш жас,қырықта қамал алар.

50 жас-ел ағасы,ердің жасы.

60 жас- пайғамбар жасы,алпыстың асқары.

70 жас-жетпістің белгісі.

80 жас- сексеннің сеңгірі.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
17 ақпан
1743
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі