15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Эссе
Ерейментау ауданы «Еркетай» бөбекжай-бақшасы МКҚК
Эссе
Еркіншілік- 2016 ж
Уақыт зымырап өтіп барады, ол ешкімге бағынбайды, оның жолы ұзақ, мөлшерсіз...
Талай уақыт өтіп барады, талай көктем, жаз, күз, қыс. Қаншама адамдардың өмір жолдары көз алдымда. Міне, бүгін ой-толғау уақыты келген сияқты: мен ұстаздың, тәрбиеші қызмет жолына түскеніме он жыл бір сәттей өтіп кетіпті.
Сіздер менен сұрарсыздар: Неге мен тәрбиеші мамандығын таңдадым? Бұл сұраққа жауап осындай: мен үшін бұл жай ғана мамандық немесе жұмыс емес.Бұл жанымның жайы, өмірімнің салты.Бүгінгі күні өзімді бақытты адаммын деп есептеймін, өйткені мен бар білімімді кішкентай бүлдіршіндерге арнадым.Әр күні балабақшада бөбектерді көргенде шексіз қуанамын. Балаларымның ыстық ықыласын, маған ұмтылған үміт толы көздерін, тәтті қылықтарымен, күлімсіреп, олар еркелей алдымнан шығып «Сәлеметсізбе, қайырлы таң, апай!» деген сөздерін естігенде бойым бір серпіліп қалғандай болады.Осы бір «Періштелер әлемінің теңізіне» бір бойласам, ешқашан өз мамандығымды өзгерткім келмейді.Өйткені, бала-пәк, бала тап-таза мөлдір бұлақтың бастауы сияқты.
Мен үшін сәби балалар нағыз тазалық пен шынайылық айнасы. Олар қуанса шын қуанып, ренжісе шын ренжи біледі. Олар ешкімді алдамайды, ешкімге жамандық жасай алмайды.
Француз ағартушысы, жазушы Жан-Жак Руссо «Бала туғанда ақ қағаздай таза туады, оның үстіне шыймайды қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең ол солай тәрбиеленеді» деген нақыл сөз осы мектепке дейінгі балаларға арналғандай.
Балаларды «өмір гүлі» десе, тәрбиешілерді «бағбандар» деп атау тегін емес. Сондықтан да мен осы бөбектерімді шын жүректен жақсы көре тұрып жақсылыққа, адамгершілікке, үлкендерді сыйлайуға, еңбекқорлыққа тәрбиелеуге тырысамын. Әрбір оқу іс-әрекетіме жауапкершілікпен қарап, дайындалуды еш уақытта есімнен шығармаймын.Оқу іс-әрекеттерім осы жас бүлдіршіндер үшін өз құпиясын ашқан сыр сандықтай болса, өзім сол тылсымы мол жұмбақ әлемнің сиқыршысындай боламын.Сөйтіп, әр күннің сәтті шығуы, әрине, өзіме байланысты. Жұмыс барысында мен мектепке дейінгі балалардың көңіл-күйін анықтап, психологиялық мотивтерді туындатып, жағымды мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруды да көздеймін.
Психологиялық жаттығулар әр баланы үлкендермен және достарымен қарым-қатынастың мәдениетіне тәрбиелеп, өз пікірлерін айтып жеткізе білуге көмек береді. Ал саусақ моторикасы арқылы бүлдіршіндеріміздің білімділік дағдыларын күнделікті іс-әрекетте қолдана білу мүмкіндіктері қарастырылады. Саусақ моторикасы, саусақ ойындары баланың сезім әрекетін, әсерленушілік деңгейін анықтау үшін қолданылады. Сонымен психологиялық ойын-жаттығулар әр бүлдіршіннің жан дүниесінің, рухани жай-күйінің үйлесімді дамуына ықпал етеді.
Өз жұмысымда мен мектеп жасына дейінгі балардың танымдық құзіреттілігін, шығармашылығын ұсақ моторика арқылы жан-жақты дамытуға көп көңіл бөлемін.Ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық-саусақ ойыны.Саусқ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, құстарды, ағаштарды, т.б. көптеген бейнелерді бейнелей алады.Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеуге машығын игереді, таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл-ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттерін бойына сіңіреді.
Ұсақ моторика дамыту жұмыстарын ерте, сәбилік шақтан бастаған жөн.Ал ерте жаста және мектепке дейінгі жаста қарапайым жаттығуларды жасауда өлеңмен, тақпақпен ұйқастырылған жаттығуларды пайдалану өте тиімді деп есептеймін.
Сонымен қатар өзіне-өзі қызмет ету дағдысын қалыптастыру: тиегін өзі салып, өзі ағыту, түймесін салу, бауын байлау т.б. Ал ұсақ моториканы дамытудың маңызы неде? Ұсақ моторикаға әсер ете және оны белсендіре отырып, көрші орналасқан сөйлеуге жауап беретін орталақты да дамыта аламыз.
Ұсақ мотриканың қимылдары мен қолдың икемдігі бас миының құрылымының даму деңгейін көрсетеді.Баланы ешқашанда мәжбүрлеуге болмайды. Кішкентай ғана сәбидің қалайтыны-қозғалу, өйткені қозғалыс - әлемді танудың мүмкіндігі. Яғни, бала қозғалысының дәл және нақты болса, оның әлемді ақылмен тануды да терең бола түспек. Мен өз жұмысымда ұсақ моториканы дамыту жайында ойын-жаттығуларды қолданамын, өйткені ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ақыл-ойы өсіп жетіледі. Бала ойын арқылы бір әрекеттен екінші әрекетке ауыса отырып, өзіне түрлі ақпараттар алады, дүние сырын ашады.
Халық даналығында «Ойнай білмеген, ойлай да білмейді» , «Ойында озған, өмірде де озады» деген аталы сөздер сырына қарасақ, мектепке дейінгі жастағы баланың ойынға деген құлқы, қарым-қатынасы, мінез-құлық көріністері олар өсіп-есейгенде де жалғаса береді.
«Адамды жалпы тіршіліктің әмірші еткен интеллектуалды артықшылықтар емес, ол қол-осы органмен барлық органды меңгереміз» деп Джордано Бруно бекерге айтпаған. Ұсақ моторика балаларға өте пайдалы. Себебі, ұсақ моторика балалардың ой-қиялын, шығармашылығын, ұқыптылығын дамытады, бастаған жұмысын аяғына дейін аяқтауға тырысуды үйренеді.
Осындай өзгерістерді көре отырып, әр баланың сөздік қорының дамуына, білімділік дағдыларының өзгеруіне үлкен үлес қосқан әрине тәрбиеші-ұстаздар.
«Ұстаз- үйрену барысында ғана ұстаз, ал үйрену тоқтаған күні ұстаздық та тоқтайды» - деген екен К.Ушинский.Болашақта тәрбиеленушілерімнің Мәңгілік елдің тізгінін ұстайтын, нағыз азамат болуына өз үлесімді қоссам, нағыз ұстаз бақытына жеттім деп ойлар едім. Алдыңа келген жүрегі таза, өмірдің білім атты баспалдағына аяқ аттаған бүлдіршіннің болашағы өзіңнен басталатындығын есіңнен шығармайсың.
Менің педагогикалық ұстанымым: «Еліміздің ертеңі - бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры - ұстаздардың қолында».
Н.Ә.Назарбаев
Осы Елбасымыздың сөздері мен үшін үлгі.Мен өзімді нағыз бақытты тәрбиешімін деп есептеймін, өйткені ертеңгі болашақ азаматтарының тілі бай, адамгершілік қасиеттерінің мол болуына үлес қосып отырмын.Осы тәрбиеленушілеріме сенемін, себебі кең-байтақ Қазақстанымда, батырлар елінде тек адал, өз Отанын жақсы көріп, қорғаушы, нағыз азамат туып-өсуіне барлық мүмкіндіктер жасап отырмыз.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген