400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
Заң мен тәртіп сақталу үшін не істеу керек? тақырыбында эссе жұмысы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бисембаева Даяна Азаматқызы

7 «Б» сыныбы

Әл-Фараби атындағы № 21 мамандандырылған гимназия

Ақтөбе қаласы

Ақтөбе облысы

Эссе


Заң мен тәртіп сақталу үшін не істеу керек?


Қоғам белгілі бір дәрежеге дейін көтерілу үшін ондағы адамдардың қарым-қатынасы аса маңызды дүние. Егер мемлекетте заң мықты орнаса, азаматтардың құқығы қорғалып, әділеттілік болады. Сондықтан да заң мен тәртіпті сақтау – әр азаматтың басты міндеті әрі ортақ жауапкершілігі.

Заң - мемлекеттің азаматтарының құқығы мен міндеттерін белгілейтін, сондай-ақ олардың әрекеттерін реттейтін негізгі құрал. Сондықтан, заңды сақтау – білім мен санаға байланысты. Әрбір адам құқықтық сауатты болуы керек. Заңды білмей, оны бұзбау мүмкін емес. Мектеп қабырғасынан бастап құқықтық тәрбие беріліп, жастарды әділеттілікке, жауапкершілікке баулу – болашақта заңға бағынатын ұрпақ тәрбиелеудің кепілі.

Екіншіден, әділ және ашық құқықтық жүйе болуы қажет. Сот, полиция, мемлекеттік органдар әділеттілік принциптерін ұстанып, заң алдында бәрі тең деген қағиданы жүзеге асыруы керек. Егер билік өкілдері заңды бұзса, бұл қоғамда сенімсіздік тудырады.

Үшіншіден, азаматтық борышы маңызды. Халық өз құқығын қорғап, заңсыздықтарға бейжай қарамауы керек. Заң бұзушылықты көре тұра үнсіз қалу – сол заңсыздыққа жол беру деген сөз.

Қорытындылай келе, заң мен тәртіптің сақталуы үшін мемлекет те, қоғам да, әрбір азамат та өз рөлін дұрыс атқаруы тиіс. Сонда ғана тату әрі бейбіт, саяси ахуалы берік мемлекет пайда болары хақ.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
03.06.2025
97
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі