400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
Эссе Дені сау ұрпақ-ұлт болашағы
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1

Эссе
Дені сау ұрпақ - ұлт болашағы
Мен сенемін жастарға,
Алаш атын аспанға,
Шығарар олар бір таңда,
Мен жастарға сенемін,-деп Мағжан атамыз жырлағандай, ел іргесін берік ұстап,
барымызды болашаққа жеткізуші – жастар. Сол жастардың дүниежүзілік аренаға шығып,
атымызды әлемге машһүр етуі үшін денсаулық қажет. Денсаулық - салауатты өмір салтын
ұстанатын жанның кепілі. Салауатты өмір сүру - дегеніміз бос уақытты тиімді пайдалану,
дұрыс тамақтану, зиянды әрекеттен аулақ болып, денсаулыққа аса зор жауапкершілікпен
қарау. Ал дені сау ұрпақ кемел келешегіміздің тізгінін нық ұстары айқын. Ауырып ем
іздегенше, ауырмайтын жол іздей білсек, жанымыз да, тәніміз де аман болса, темірдей төзім
мен қажымас қайратқа ие боламыз.
Денсаулықты сақтауды біз тәрбиешілер баланы тәрбиелеуде үлкен
жауапкершілікпен жүзеге асырамыз. Ең әуелі гигиеналық ережелер, дұрыс тамақтануды
үйрету, жаттығу жасау, салауатты өмір салтын ұстану мақсатында атқарып жатқан іс-
шараларымыздың өзі осының дәлелі. Сабақ барысында жүзеге асыратын қызығушылықты
ояту ойындары, сергіту сәттері арқылы балаларға күндеріне ерекше көңіл-күй сыйлай білу
де денсаулықтың нығаюына ерекше әсер етеді.
Алдымыздағы жас бүлдіршін - ертеңгі оқушы, ұлт болашағы. Әр балаға мейіріммен
қарай отырып, жылылық танытып, денсаулығын шыңдап, білімін тереңдетіп бәсекеге
қабілетті, дені сау қоғам мүшесін қалыптастырамыз. Ұрпақтың денсаулығы – ел дамуының
тұтқасы, сол арқылы демографиямыз да даму үстінде. «Бірінші байлық – денсаулық», - деп
бекер айтпаса керек-ті. Денсаулықтың маңызы мен қадірін ұғына біліп, барлығынан жоғары
санаған жөн.
Қорыта келе, елдің ертеңі – саналы әрі дені сау ұрпаққа байланысты. Ата-баба
қалдырған асыл мұрамыз, аманат еткен тәуелсіз мемлекетіміздің тұғырын биік ұстау, туын
көкке көтеру еліміздің ертеңгі болашағы дені сау ұрпақтың уысында. Дені сау ұрпақты
қоғам, мектеп, спорт, медицина, барлық адамзат біріге отырып қалыптастырамыз.
Салауатты өмір салтын ұрпақ санасына жеткізіп, денсаулықты күту барлығының
борышы.Еліміздегі әрбір бала мейірімге бөленіп, дені сау, бақытты өмір сүргенін
қалаймын. Ұлт болашағының дені сау, оқу-білімге, спортқа, жаңашылдыққа құштар
болсын!


Материалды PDF форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 қаңтар
15
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі