Эссе
Тақырыбы:
«Оқытуға инновациялық технологияларды
кіріктіру».
Орындаған:Абдихалилова
Нодира
Тобы
:1505-22
Жоспар:
1.
Кіріспе.
2.
Инновациялық технологиялар дегеніміз
не?
3.
Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі
инновациялық технологиялар.
4.
Гарвард университетінің профессоры
Эрик Мазурдың ұсынған әдіс-тәсілдері.
5.
Қорытынды.
Тәуелсіз
еліміздің тірегін, білімді ұрпақты
тәрбиелеу – қазіргі таңдағы отан
алдындағы ең басты міндетіміз болып
отыр. Осы орайда білім ордасы мектептен
басталса, ал мектептің анасы, жаны деп
мұғалімді айтамыз. Мұғалім болашағымыздың
бастауы, жас ұрпақты тәрбиелеуші,
ұрпақтан-ұрпаққа берілетін сабақтастықты
сақтаушы екінші анамыз. Қазіргі таңда
мұғалімдерге өте үлкен жауапкергілік
жүктеліп отыр. Солардың бірі инновациялық
технологияларды меңгеріп, сабақ барысында
пайдалану арқылы оқушылардың
қызығушылықтарын арттыра алуы керек.
Ал
“Инновациялық технологиялар” дегеніміз
не? – осы сұраққа жауап беріп кететін
болсам. Жалпы инновация дегеніміз –
қоғамға жаңа болып табылатын идея деп
айтсақ болады. Яғни инновация дегеніміз
бір сөзбен айтқанда – жаңа өзгеріс. Осы
жаңа, өзгерген, заманауи технологияны
оқыту жүйесіне кіріктіру керек. Қазіргі
таңда бұл мемлекетіміздегі мәселелердің
бірі болып табылады. Себебі барлық
мектептер әлі де инновациялық
технологиялармен толық жабдықталмаған.
Жоғары интелектуалды мектептер мен
гимназия, лицейлерде болмаса, ауылды
жердегі мектептерде жоқтың қасы. Мысалы
мен оқыған мектепте инновациялық
технологияларды тек информатика
сабағында ғана қолданатынбыз, ал қалған
сабақтарда бор, тақта, кітаппен шектеліп
қалатынбыз. Биология сабағында тіпті
лабораториялық жұмыстарды жасауға да
мүмкіндіктер қарастырылмаған еді.
Мен
қазіргі таңда Назарбаев Зияткерлік
мектебінде кәсіби практикадан өтіп
жатырмын. Практика барысында мектептің
қандай инновациялық технологиялармен
жабдықталғанын көріп, қызығыпта,
қызғаныпта қалдым. Барлық кабинеттері
интерактивті тақтамен жабдықталған.
Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын
арттыру үшін презентация, видео арқылы
сабақты оңай түсіндіруге болады. Немесе
әртүрлі дидактикалық материалдарды
арнайы платформалар арқылы ойындар
құрастырып, оқушыларға тапсырма ретінде
ұсынуға болады. Сонымен қатар оларда
лабораториялық кабинеттері де толықтай
керек приборлармен жабдықталған. Былайша
айтқанда оқушылардың оқуға деген
қызығушылығы мен танымдық қасиеттерін
арттыруға барлық мүмкіндік жасалған.
Назарбаев
Зияткерлік мектебінің түлектеріне
сұраныс өте көп екенін жақсы білеміз.
Осы орайда айтқым келгені, неге басқа
мектептерді де осылай жабдықтамасқа?
Неге Назарбаев Зияткерлік мектебінің
мұғалімдері сияқты сабақ өтпеске? Неге
мемлекетіміздегі дарынды оқушылар
санын арттырмасқа? Осы сұрақтарға бір
ғана жауап айтар едім, яғни инновациялық
технологияларды оқыту жүйесіне кіріктіру
керек. Сонымен қатар инновациялық
әдіс-тәсілдерді сабақ барысында қолдана
алу қажет. Осыған байланысты Гарвард
университетінің проффесоры Эрик Мазур
өзінің “Peer Instruction” деп аталатын еңбегінде
оқытудың инновациялық әдісін ұсынған
болатын. Бұл әдіс барысында оқушылар
бір-бірімен қарым-қатынас жасай отырып,
білімдерін бірлесіп зерттей алады,
нәтижесінде оқыту процесі тиімдірек
болады. Мазурдың осы әдісі бастапқы
кезде физика сабағында пайдаланылғанымен,
қазіргі таңда жаратылыстану бағыттарында
да кеңінен таралған әдістердің бірі
болып табылады. Сонымен қатар тиімділігі
дәлелденген әдіс-тәсілдердің бірі болып
саналады.
Қорыта
келе айтатын болсам, болашағымыз –
білімді жастарымыздың қолында. Ал
жастарды білімді етіп тәрбиелеу –
мұғалімдердің қолында. Сол себепті де
әрбір мұғалім өз ісінің маманы болып,
заман талабына сай инновациялық
технологияларды меңгеріп, сабақ өту
барысында оны қолдана алса Қазақстанға
деген үлкен бір көмегін тигізген болар
еді.
Әдебиеттер
тізімі:
Eric
Mazur “Peer instruction” 2014
Қолданылған
ғылыми еңбек:
https://eduindex.kz/