Эссе "Өзін-өзі тану пәні курсының маған берген әсері, қоғамға адамға қажеттілігі" Қазағым деп өзін таныған, қазақ екенін өзіне танытқан ,жаңа тың идеяларға мол ұстаздарды оқытып жатқан «Өрлеу» біліктілігін арттыру орталығының өзін –өзі тану пәнін жетік меңгеруге арналған курста оқып жатқаныма қуанышым шексіз деп осы эссемді бастасам еш қателеспеймін деп ойлаймын. Жылы жүзді , жүректері таза сол өздерінің қасиеттерін біздерге тарату жолында жүрген Ләззат апай және де Ғалия апайдың беріп жатқан білімдерін толығымен бойыма сіңіріп алып кету менің бірінші мақсатым.Мектеп — білім ошағы, тәрбие ортасы, тағылым табалдырығы. Осы ұлағатты ұяда жоғары ізгілік мұраттарының ең құндысы рухани-адамгершілік тәрбие берудің ошағы «Өзін-өзі тану» пәні десем қателеспеймін. Ал өзіңді алға қарай жетілдіру және бойыңда жақсы мінез-құлық қалыптастыруда ең алдымен өз-өзіңнен басталады. Өйткені, өзіңнің кім екеніңді, қандай екеніңді білмесең, жетілдіру тәрбиесінің қай бағытта жүретінін және қандай мінез-құлықын дамыту қажеттігін білу қиын.Курс тақырыбы: «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері. Курста бізге дәрістер мен тәжірибелік сабақтар көбінде шынайы өмірден дәлелді мысалдармен, аңыз әңгімелермен түсіндіріп отырғаны ұнады.Ұйығып тыңдап алған әсерім мол, қолдан келгенше есімде сақталып қалғанын қалаймын.Курстан өзіме білім мен қызықты қажетті ақпараттар алып жатырмын. Курс заман талабына сай әр түрлі тақырыптарда және қызықты және жоғары дәрежеде жүргізіліп жатыр. Осы курстың жүргізілуі менің жұмыс істеу қабілетіме көп әсер етіп, шабытымды оятты. Себебі курс барысында адамгершілік құндылық қасиеттерге байланысты топтық жұмыс бір – бірімізбен өмірде болатын оқиғалардың мән мағынасын тартысып шешіп отырып мағыналы дәріс тыңдап білімімді толықтырдым. Курс барысында ұлы Абайдың қара сөздері, ұлы адамдардың ұлағатты сөздерін тыңдап, адамгершілік-рухани қасиеттер туралы білімімді жетілдірдім.Курстың алғашқы күнінде өзгелерді емес өзіңнің ішкі дүниеңнен түзету жұмыстарын жүргізуді түсіндім, ішкі дауысымызға жүрегімізгі , ар-ұжданымызға құлақ түру керек екенін ұғындым. Адам үнемі жаман ойдан арылып, жарқын ойға шомылу қажет. Себебі нұрлы оймен адам өзіне сенім ұялатады.«Өзін-өзі тану» пәні арқылы әрбір оқушы бойында мейірім мен адамгершілік, әділдік, адалдық, сүйіспеншілік сияқты қасиеттер мен құндылықтарды дамытуға болады. Әр баланы керемет рухани күш иесі деп қарап, оның шексіз шексіздікті үйренсем деген ұмтылысына уақытында көңіл бөліп, демеу жасасақ, қуаттандырсақ, жүрегі нұрға толы, жан-жағына шуағын шашып тұрған мейірімді, адамгершілігі мол, үнемі талпынып тұратын, өз елін, туған жерін, отбасын сүйетін, еңбекқор, адал адам тәрбиелей алатынымызға курс барысында көзім жеткендей болды.Болашағымды осындай тәрбие алған ұрпақтар жалғастыратын болса бізді қоршаған дүниеміз нұрлы болатынына сенімдімін.Тек қана өзін-өзі тану пәні мұғалімдері емес Қазақстан халқын толық осы курстан өткізіп жүректерінің жылуларының көзін ашсақ нұр үстіне нұр болар еді деп ойлаймын.Өмір жолында көптеген кездесетін сынақтардан ар-ұжданымыз таза, ақиқат жалауын ұстап жүрегіміздің мөлдір судай адамдарды
өзіне тартатын қалыпта қалуымызға курстан алған білімдеріміз көмектеседі деген үміттемін.Ұстаздың ең негізгі ұстанымы – баланың рухани дүниесін түсіне отырып, оның өзіне деген сенімін жоғарылатып, әрқашан жақсы нәрсеге ұмтылдыру. Осы курс барысындағы дәрістер әсерлі және маған үлкен ойлар туғызды. «Өзін-өзі тану» пәнінің рухани тереңдігін түсініп, оның жалпыадамзаттық құндылығын аша білу және әдістемелік тәсілдерді ұтымды қолдануды үйрендім. Сабақтың мақсат-міндеттері әр баланың өз жүрегінде жалпыадамзаттық құндылықтар «Ақиқат», «Дұрыс әрекет», «Ішкі тыныштық», «Сүйіспеншілік», «Қиянат жасамау» құндылықтарына талдау жасап, сабаққа жоспар құруда осы құндылықтарды басшылыққа алып жасауда үйрендік.«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік сабағы – сол көздеген нысанаға жетелейтін шамшырақ іспетті пән. Курста үйренген әдіс-тәсілдерді алда тиімді қолдана алатыныма сенімім мол. Ол менің қолымнан келеді.Сондықтан маңызды да, қажетті ұстаздық жолында жүген дәріс оқыған Ләззат Аймағамбетовна мен мен Ғалия Аманбердиевнаға алғысым шексіз!!!
Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Қазан негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Мадреймова Райхан Джалгасбаевна