эссе

Тақырып бойынша 11 материал табылды

эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қорқыттың нақыл сөздері-тәрбиенің көздері

Түркі халықтарының тарихи тұлғасы Қорқыт атаның нақыл сөздерінің бір бұрысы жоқ. Ойлап қарап отырсам, бұл нақыл сөздерді Қорқыт ата өзінің өмірден алған сабақтарынан алған. Қорқыт сөздерін ұйып тыңдайтын қауымы сол кезден бастап ұлы тұлғаны қастерлей білген. Қорқыттың түркілердің оғыз ұлысынан шыққан данагөй, көріпкел, бақсы, ұлы күйші, жыршы, ел басқарған көрнекті қайраткер екенін білемін. Алайда оның оның философияға тұнып тұрған нақыл сөздерінің орны бір бөлек. Оның нақыл сөздерінің құдіреттілігі мен маңыздылығы неше ғасыр өтсе де, оның ескірмеуінде жатыр. Қорқыт атаның тәрбиенің көзі бола білген нақыл сөздері барлық тақырыпты қамтиды. Мәселен адамның тәкаппарлығы мен кішіпейілділігі, саналылығы мен санасыздығы, ақ ниеті мен қара ниеті, адалдығы мен арамдығы, байлығы мен кедейлігі, достығы мен дұшпандығы, қорқақтығы мен батырлығы, инабаттылығы мен дөрекілігі, әдемілігі мен тұрпайылығы туралы салыстыра суреттеп, жас ұрпақты жиіркенішті қылықтардан және мінезден бойын аулақ салуға үндейді.

Осындай қанатты сөздерді қазақтың мақал-мәтелдеріне ұқсатып мазмұнына қарай тақырыптарға бөлдім:

  1. Қорқыт атаның тұрмыстық қажеттіліктеріне және жеке қасиеттерге байланысты нақыл сөздері:

  • Ер жігітке қара таудай мал бітсе, жияр, көбейтер, талап етер, бірақ несібесінен артығын жемес.

  • Мыңғырған мал жиғанмен адам жомарт атанбас.

  • Қонақ келмеген үйдің құлағаны артық.

  • Жалған сөз бұл дүниеде болмаса игі

  • Есекке қанша жүген салғанмен ат болмас.

  • Тәкәппарды тәңірі сүймес

  • Ат тұяқты келеді, ақын тілді келеді.

  • Өтірік сөз өрге баспайды.

  1. Қорқыт атаның ана туралы нақыл сөздері;

  • Ана-ердің серігі, батырдың бағдаршысы, ұрпақтың ұлы анасы

  • Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағылым алмаған ұл жаман

  • Анасыз қыз ақылға жарымас, әкесіз ұл сыйға жарымас.

  • Ниеті құрыған әйел, нысапсыз әйел, кесір әйел

  • Ананың көңілі балада болар.

  • Ақ сүтін тоя емізсе, ана көрікті.

  • Ұлдың кімнен туғанын ана білер.

  • Қыз анадан көрмейінше үгіт алмас.т.б.

  1. Өмір мен өлім туралы қанатты сөздері:

  • Өмір барда өлім бар, өзгеру бар.

  • Өлмес өмір жоқ, сынбас темір жоқ, бәрі де өледі, өзгереді, ұмыт болады.

  • Ажал уақыты жетпейінше, ешкім өлмес.

  • Өлген адам тірілмес.

  • Мәңгі-бақи өлмейтін, ұмытылмайтын нәрсе-адамның өмірінде істеген игілікті ісінің нәтижесі т.б.

  1. Туған жер, елге арналған қанатты сөздері:

  • Жер қадірін ел біледі, ел қадірін ер біледі.

  • Құлан құдыққа құласа, құрбақа құлағында ойнайды.

  • Ат қиналмай жол шалмас.

  • Қар қаншама жауғанымен-жазға бармас.

  • Шолақ су тасыса да, теңіз болмас.

  • Жердің соны шөбін киік білер. Жайылым жердің көкорай шалғынын жылқы білер.

  • Қанша қалың жауғанмен, қар көктемде қалмайды. Гүл жайнаған қалың да, қара күзге қалмайды.т.б.

Қорқыт атаның нақыл сөздері тәрбиенің көздері болып саналады, оның мағыналарын түсіну қатты қиын емес.







Байекеева Рысгул Бирагалиевна

Ақшұқыр мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
3716
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі