400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе. "21-ғасыр мұғалімінің құзыреттілігі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Эссе. Мұғалімнің құзыреті туралы жазылған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Нургалиева Айгуль Талгатовна





«21 ғасырдағы мұғалімнің кәсіпқойлығы туралы»

«Бoйыңдa бiлiмiң бaр eкeн, oдaн бaсқaлaр дa өз

шырaқтaрын жaғып aлaрдaй жaғдaй туғызыңыз»

Тoмaс Фуллeр

Білім жетілдіру - aлға жылжудың, жеңіске жақын жүрудің нышаны.Ұстаз- шәкіртін үнемі қадағалаушы, cабаққа қатысуын, бос уақытын өткізбеуін қадағалаумен қатар баланың жан дүниесіне үңіліп, ішкі cырын ойын өмірге көзқарасын бақылап бағдарлаушы. Қазіргі таңда оқытылатын пәндердің балалардың таңдайтын мамандығына қарай бағытталуына яғни, мақсатты білім беру ісіне ерекше назар аударылады. Жеке тұлғаны қалыптастыру оқушының өзі арқылы, ойлау, тыңдау, айтылым дағдыларын дамыта отырып жүзеге асырылады. Мұғалімнің кәсіби дамуы үшін практикалық дағдыларды қалыптастыруға ерекше көңіл бөлудің маңызы зор. Мұғалімнің барлық оқушыларға осы дағдыларды үйрету туралы шешім қабылдауы аздық етеді, себебі бұл жолда қолданылатын тәсілдердің көп болуына қарамастан, бұл мәселені шешу оңай емес. Бұған оның сыныпты басқару проблемасымен де байланысты екендігі өз ықпалын тигізіп жатады, сонымен қатар ол мұғалімнің көптеген мәселелер жөнінде қарулануын, әрі сабақ барысында жедел шешім қабылдауға дайын болуын көздейді.   "Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді" деп қазақ зиялысы Ахмет Байтұрсынұлы айтып кеткендей, жақсы мұғалім  ең алдымен оқушының ішкі жан дүниесін жақсы түсіне білуге міндетті. Содан соң, жекелеген оқушылардың пәнді жете түсінуін, өзін бағалай алуын  және оқушы өзінің оқуы үшін жауапты болу керектігін үйрету қажет. Ұлы ақынымыз Абай:"Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті- ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек" деп өз даналық ойлары арқылы кемел адам сипатына тән қасиеттерді көрсетіп кеткен. Балалар танымдары олар мектепке бармай тұрып басталады. Балалар танымға бір қадам жасағанда дамуға екі қадам жасалады деген сөз. Сондықтан да жаңадан оқыту әдісі бойынша білім берудегі ең маңызды мәселе оқушылармен қарым-қатынасты жақсарту болып отыр. Оқушы бастауыш сыныптан бастап, сыртқы реттелуден ішкі реттелуге үйренуі қажет. Мұғалім бұл үдерісте көмек көрсететін жан. Оқушылар мәселені, проблеманы шешу үшін ойлау керек, ал мұғалім ойлау туралы ойлануға үйретеді. Төрт дағдыны оқу, жазу, тыңдау, сөйлеу тілін оқыту – мазмұнын педагогикалық бөлімді қалай орындап, қалай оқыту керектігін оқыту кезінде зерттеуге болады. Сабақтағы ең маңызды бөлім бағалауды қалыптастыру. Ол қиын болмау керек. Оқушылар нәтижелі білім алып жатқанын біле отырып, сабақты жалғастыра білу керек. 21 ғасыр мұғалімі заманның жаңа талабына сай білім алушының қажеттілігін қанағаттандыратын білім беру моделі үлгісіндегі педагогикалық идеялары ұсыну қажет. Менің ойымша 21 ғасыр мұғалімінің кәсіпқойлығы үшін біріншіден, мұғалімнің жеке көзқарасы бар, мықты маман болу қажет және оқушыны ынтамен оқыта алу керек. Мұғалімнің біліктілігін арттыру курстарынан өткен, педагогикалық ойлау қабілеті қалыптасқан болу керек.

Мұғалім оқушының жолына жарық түсіретін шам, жол көрсететін ақылды адам. Сондықтан, мұғалім педагогикалық үрдісте оқушымен жақсы қарым-қатынаста болу керек. Мұғалім әрқашан өз білімін толықтырып, шығармашылығын арттырып отыруға міндетті. Қанша білім алсақта, сонша қанатымыз қатаяды. Қанаты қатқан құстар ғана еркін ұша алатындай, адам да қаншалықты білімді болса, білім шыңында соншалықты биіктен көрінеді. Оқушы үнемі өзін дамытып отыру қажет. Жаhандану заманында негізгі төрт дағдыны меңгеру қажет:

  • Жеке қарым-қатынас дағдысы

  • Оқытуға қатысты терең дағдылар

  • Терең кәсіби таным мен дағдылар

  • 21 ғасыр дағдылары мен білімдері

Бұның барлығы жаhaндық біліммен, жаhaндылықты және оны перспективті түсінумен байланысты. Бұл дағдылар түрлі жағдайларда, түрлі елдердің мәдениетінің адамдарымен жұмыс істей алуы үшін әлемді, өздерінің дағдылары мен білімдерін дамытуы тиіс. Бұл дағдылар барлық адамдар үшін, әрбір бала мен жасөспірім үшін қажет, өйткені жаhaндану әлемінде өмір сүріп жатыр. Оқушылары көшбасшы болу үшін мұғалімдерге сыни ойлауды үйрету және тапсырмаларды шешуді үйрету керек. Қазіргі уақытта жаңа технологияны пайдаланудың пайдасы орасан зор. Жаңа идеяларды оқытудың әдіс-тәсілдерін пайдаланып, ұштауымыз қажет. Визуалды, аудио, тұлға аралық, тұлға ішілік қасиеттерін дамытып, оқушыларға кеңістіктегі өз орнын табуға көмектесуіміз қажет. Қорыта келе мен өз пікірімді Альберт Энштейннің мына сөзімен аяқтағым келеді: «Мен еш уақытта өз оқушыларыма еш нәрсе үйретпеймін – тек қана олардың оқуы үшін жағдай жасаймын».

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
15 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
1877
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі