400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

эссе 6 сынып Соғыс

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыға эссе тақырыптарын қалай таңдау соғыс туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Соғыс – халықтың күш-қуатын,

ерлік-жігерін сынайтын ұлы емтихан»

Б.Момышұлы

Соғыс… Қандай қатыгез сөз. Бар болғаны бес әріптен құралған. Ал мағынасы жан түршіктірер. Шыны керек, осы бар болғаны бес әріп миллиондаған адамның жанын қиды,көптеген адамдар мүгедек болып қалды.Қатыгез соғыс бір мың тоғыз жүз қырық бірінші жылы басталып, бір мың тоғыз жүз қырық бесінші жылы аяқталды. Осы төрт жыл бойы қаншама адамның өмірі қиылды, қалалар қирады.

Кеңес Одағы мен Германия осы соғыс басталмай тұрып бейбіт келісімге келгенмен, өкінішке орай олар өз сөзінде тұрмады. «1941 жылы 22 маусымда таңғы сағат 4 шамасында Фашистік Германия Кеңес Одағына ескертпестен шабуыл жасады. Екінші Дүниежүзілік Ұлы Отан Соғысы басталды» – дәл осындай хабарлама Кеңес Одағының әр бұрышында, радиода жарияланды. Сол кездегі бұл суыт хабарды естіген адамдардың қандай сезімде болғанын айтып жеткізу мүмкін емес.

Бірақ ешкімнің сағы сынбады, жігері жасымады. Олардың бойындағы отаншылдық сезімі, қолына қару алып сапта тұрған көптеген ұлт өкілдерінің тізе қосқан бірлігі мен ерлігі жеңісті жақындата түсті. Сұрқия соғыс біздің Қазақстаннан да аттап өтпеді. Жүз мыңдаған отандастарымыз соғыстың алғашқы  сәтінде –ақ майданға аттанды.

Ақыры бір мың тоғыз жүз қырық бесінші жылы біздің ата- бабаларымыздың арасынан батыр әрі ержүрек азамат Жеңіс туын тікті. Ол Рақымжан Қошқарбаев болатын. Ақыры соғыс аяқталды. Сұрапыл әрі қатыгез соғыс аяқталды. Жеңіс біздікі, ал жеңіліс фашисттердікі.

Иә, оны сан миллиондаған адамдар төрт жыл бойы минуттап, сағаттап сарыла күтті. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ Кеңес халқы жан –тәнімен Отанын қорғады. Әрбір село, әрбір қала үшін кескілескен ұрыс болды. Қанішер неміс басқыншыларымен Кеңес азаматтары  аянбай шайқасты. Ақыры олардың  үміті мен  сенімі ақталып армандары орындалды. Бірақ ол Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс жолында да Отан үшін от кешіп миллиондаған асыл  азаматтар мерт болды. Жауымен жан аямай шайқасып, ерліктің ерен үлгілерін көрсетті. Ана жарын жоғалтып жесір,бала ата-анасын жоғалтып жетім атанды. Фашистердің тұтқын лагерінде қаншама  ана мен бала айуандықпен азаптап өлтірілді.  Ал, тылда қалған қарт аналар бесіктен белі шықпаған  балалар соғыстың қайғы қасіретін арқалай жүріп тынбай еңбек етті.

Осы қан майданда мерт болған ерлердің  рухына, бүгін арамызда биік шыңдай болып жүрген аталарымызға басымызды иіп тағзым етуіміз керек. Олардың саны күннен –күнге азаюда . Сұрапыл соғыста «ел басына күн туғанда, етегімен су кешкен»  ерлер мен бірге қолдарына қару алып, Әлия мен  Мәншүк  апамыз да асқан ерлікпен қаза тапты. Қасиетті жеріміз, бейбіт жатқан еліміз, құлақ естіп, көз көрмеген апатқа ұшырады. Еліміздің жауынгерлері қасық қаны қалғанша шайқасты. Жеңіс жеңілдікпен келген жоқ. 27 млн адамның өмірін жалмады. Міне осынау елімізге алаң салған алапаттың жеңіспен аяқталғанына биыл 70 жыл толып отыр. Ешкім де, ешқашан да ұмытылмақ емес.

Тура 70 жыл бұрын сұрапыл соғыс аяқталды. Жыл сайын тоғызыншы мамыр күні біз Жеңіс күнін тойлаймыз. Міне, ата – бабаларымыздың арқасында сұрапыл «соғыс» сөзі ұлы «жеңіс» сөзіне айналды. Біз ата – бабаларымызбен мақтануға міндеттіміз!

Мен ата-бабаларыммен мақтанамын. Осы соғысқа қатысқан әр адамды мақтан тұтамын. Олар ел үшін, тәуелсіздік үшін, біз үшін мәңгілікке көздерін жұмды. Олар елімізді қорғады. Ол адамдардың ерлігі мәңгілік жүректе сақталады деген ойдамын.

 



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
09.05.2020
1068
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі