400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе « Біздің Президент»

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал оқушылар үшін жасалған «Қазақ» деген сөз еркіндік деген мағына береді. Ата-бабамыз ғасырлар бойы сол еркіндікті аңсаған. Сол жолда «жандарын шүберекке түйіп» найзаның ұшы, білектің күшін сан мәрте жұмсаған. Қазақта халықтың қамын ойлаған хандар аз болған жоқ. Солардың ішіндегі бірегейі – Абылай хан. Ал қазіргі қазақтың бүгінін бүтіндеп, ертеңін ойлап, егнемендіктің тұғырын нықтап жүрген біздің бірінші Президентіміз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Материалдың қысқаша нұсқасы


Шығарма« Біздің Президент»

№72 лицей-мектеп

Бауыржан Яссина 5 сынып оқушысы

Жетекші: Қазақ тілі қазақ әдебиет пәнінің мұғалімі

Донбаева Жанна Ергешбаевна



Халқының қамын ойлаған

Тұңғиық терең, ойлы адам!

Егемен елдің ұйтқысы

Нұрсұлтандай – Ел ағам!

«Қазақ» деген сөз еркіндік деген мағына береді. Ата-бабамыз ғасырлар бойы сол еркіндікті аңсаған. Сол жолда «жандарын шүберекке түйіп» найзаның ұшы, білектің күшін сан мәрте жұмсаған. Қазақта халықтың қамын ойлаған хандар аз болған жоқ. Солардың ішіндегі бірегейі – Абылай хан. Ал қазіргі қазақтың бүгінін бүтіндеп, ертеңін ойлап, егнемендіктің тұғырын нықтап жүрген біздің бірінші Президентіміз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Алла тағала әр халыққа сол халықтың қамын ойлайтын дара тұлғалар береді. Біздің Президентіміз жоқтан бар жасаған Ел басшысы. Қиналса да өзінің пайымы мен парасатының салиқалы саясатының, көргенді көрегендігінің арқасында «қазақ деген халықты, дүние жүзіне танытты». Егеменді елдің тізгіні мен шылбырын қатар ұстаған күннен бастап талай қиындықтарды артқа тастап қазақ деген халықтың ұлы көшін бастап, ұлттың ұлылығын сақтап, дарыны мен даналығының арқасында дүние жүзі таныған қазақ деген халықтың Тұңғыш Президенті.

Президентіміз қандай істі бастаса да «жеті өлшеп, бір кесетін» санасында салиқалы ой, жүрегінде батыл шешім, тереңнен ойлап, тебіренетін – Ұлт басшысы.

Сөзіміз дәлелді болуы үшін бірнеше мысал:

Бірінші: егемендік алып, ел болғанда аяққа нық тұрып алу үшін шет елден инвестиция тартып, ақаша жасау. Тұрып қалған өнеркәсіпті, зауыттар мен түрлі өндіріс орындарын іске қосты.

Екінші батыл шешімі ел астанасын Сарыарқаға көшіріп, елдің астанасын – Астана қаласын салу.

Үшінші – «Болашақ» бағдарламасы. Президентіміздің бұндай батыл шешімдеріне сан мысал келтіруге болады. Мемлекеттік жұмыстардың барлық салаларында спорт пен мәдениет, ғылым мен техника, өнер мен білім т.б. Елдің болашағы – жастар. Жастарға сенім білдіріп, оларға мемлекеттік жұмыстарды сеніп тапсырып, үнемі олармен кездесіп, пікірлесіп, ақыл-кеңесін айтып отыруға уақыт табуының өзі – кемеңгерлік, көрегендік.

Мысалы: жақында «Болашақ» бағдарламасының 20 жылдығына орай жастармен кездесуі.

Қорыта айтқанда Н.Назарбаев – қазақтың бағы мен бақытына біткен дара тұлға, ұлықты ұлт басшысы, кемеңгері.

Мен осындай Президенті бар елдің азаматшасы болғанымды мақтан тұтамын. 17 млн қазақстандықтар сияқты мен де өз Президентімді – менің Президентім  деп мақтанышпен айта аламын. Ол өзін дүние жүзіне мойындатқан, оны дүние жүзі мойындаған алысты айқындайтын, кемелі мен кемеңгерлігі күшті саясаткер.

 





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 қаңтар
805
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі