Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Эссе " Елбасы Елдің тұтқасы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Елбасы күніне орай ұйымдастырылған шаралар, келешек ұрпаққа берері мол тәрбиелік іс шаралар
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Менің Елбасым» тақырыбымен жүргізілген 5-6 сыныптың ашық тәрбие сағатының қорытындысы


1-желтоқсан Қазақстан Республикасының түкпір-түкпіріндегі мектептерде, әрбір сыныпта Қазақстанның тұңғыш Президентінің мерекесі аталып өтіп жатты. Осы орайда ауданымыздағы білім ордаларының бірі- «Шағын жинақталған Саржыра орталау мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне арналған іс-шаралар ұйымдастырылды. Ашық тәрбие сағатына

5-6 сынып оқушылары үлкен белсенділікпен қатысты. Бұл ашық сабақта Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың дүниеге келуі, жас сәбиге әжесінің ат қоюы, ержетуі, болашаққа қол созуы, ұшқыштар институтына оқуға түсуі сияқты болашақ елбасымыздың нақты өмірдерегіне құрылған өмір белестерінен оқушылар сахналық көріністер қойып, оны әдемі орындап, көрермендерге шынайы жеткізе білді. Композициялық қойылыммен түрленіп, көрерменін өзіне баурай білген 5-6 сынып оқушылары «Менің Елбасым», «Елі сүйген, елін сүйген», «Менің Президентім» тақырыбындағы өлеңдерді нақышына келтіре мәнерлеп оқып шықты. 5-6 сыныпта өткен ашық тәрбие сағаты қабырға газеттеріне жабыстырылған Елбасының, оның отбасының, жарының, немерелерінің, Елбасының бос уақыттағы күндерінен алынған түрлі-түсті фотолармен айшықтала түсті.

Тұңғыш Президент күніне арналған әдемі кештің жалғасы - «21ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық сайысының көрермендері де көп болды. Шындығын айтқанда танымдық іс-шараларды қамтыған ашық тәрбие сағаты оқушылардың пән білімдерінен алған білім нәтижелерін көрсетіп, жас ұрпақты Елбасыны сүюге, оны құрметтеуге, Отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылуы – кез-келген істе алда жүретін ұстаздар қауымымен, үздік шәкірттердің тағы бір қырын дәлелдеді. Бұл ешкім бойлап бара алмайтын білім айдынындағы қос ұғымға айналған ұстаз, шәкірт арасындағы нәтижелі жұмыс. Сайыс соңында оқушылар сыйлаған мерекелік қойылым да көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады.

Талантты ұстаз, өнерлі шәкірттер бірлесіп ұйымдастырған бұл апталықта жауапкершілік пен ұйымдастырушылық өз үйлесімін тауып отырды.

Сынып жетекшісі – Бегешова Әсемнің ұйымдастырған ашық сабаққа ұйытқы болып, өнерлі шәкірттерді тәрбиелеп отырған ұстаздар қауымының бұл игі ісі - Елбасыға көрсеткен құрметтері, Отан үшін жасаған қызметтері.

Ашық тәрбие сағаты өтетін орны, безендірілуі, оқушылардың дайындығы, Отанға, Елбасына деген үлкен құрметтің белгісіндей. Ашық тәрбие сағатына үлкен белсенділікпен ат салысып қатысқан оқушылардың ішінен ерекше атап өтуге болатын оқушылар қатарына – Жидайбекова Алуа, Жұмабекова Меруерт, Мұқатаев Аян, Жұмабекова Дильназ, Бәзғалам Нұрай, Қияқова Айғаным, Мұқтасарқызы Ақерке сынды оқушыларды атап өтуге болады.

Ашық тәрбие сағатының барлық қатысушылары мақтау грамоталарымен марапатталынды.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.11.2018
970
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12