Жаһандану
заманындағы жаңа бағдарлама
Мектеп
жұмысы мен оқушы жетістіктерін
өрістетудегі негізгі тұлға- мұғалім.Қазіргі
таңда мұғалімнің кәсіби дамуы үшін
тәжірибелік дағдыларды қалыптастыруға,сонымен
қатар оқыту мен оқуда түрлі әдістерді
қолдану ықпал етеді.Сол себептен мұғалім
өзінің педагогикалық шеберлігімен
айқындалады. Мұғалімнің педагогикалық
шеберлігі – маманның қол жеткізетін
дайындық деңгейі. Қазақстан Республикасында
орта білім беру мазмұнының жаңарту
аясында мұғалімдердің тәжірибесін
жетілдіру қажеттілігінің маңызы арта
түсуде. Осыған орай Қазақстан Республикасы
педагог қызметкерлерінің біліктілігін
арттырудың Жаңартылған
білім беру бағдарламасы бойынша
біліктілігін арттыру
курстары қарастырылған.Бағдарлама
мақсаты: педагогика кадрларына оқушылардың
шығармашылық, зерттеу, сын тұрғысынан
ойлау, логикалық ойлау және проблемаларды
шешу дағдыларын дамытуға көмектесетін
педагогикалық әдіс-тәсілдерді меңгерту.
Оқыту мен білім берудің жаңашыл әдісіне
көшкен мектептер үшін іскер мұғалімдер
қажет.Осы ойды басшылыққа алған мен 2
шілде күні ПШО-ға курс тыңдаушысы болып
тіркелдім.Сенімнен гөрі күдігі басым
алғашқы оқу күні басталды.Тренер Ибрашева
Гүлім Омарқызы. Мектеп мұғалімдері
ойдағы сан сұрақтың жауабын тосып
тренерден көз алмаймыз.Жаңартылған
білім беру мазмұны және оның қандай
ерекшеліктері бар? Ол қалай жүргізілу
керек?
Алғашқы сұрақтың жауабын өзімізге
талқылатып, өзімізге ой қорыттырып,
көзімізді жеткізді. Бұл сұрақтың жауабын
табу оңай бола қойған жоқ.Тренердің
«Мәңгілік
ел құндылықтары»
деген тақырып өту барысында және
әріптестермен жұмыс жасай
отырып,құндылықтардың маңыздылығын
және сол құндылықтарды әр сабақтың
тақырыбы мен мақсатына байланысты
кірістіріп отыру керектігін түсіндім.
Келесі күні «Тиімді
оқыту мен оқыту тәсілдері»
тақырыбы бойынша түрлі әдістерді
қоржыныма қосып, алдағы ұйымдастыратын
сабақтарымда пайдалануға болады
деген шешімге келдім. Бұл күні оқыту
әдістері жөнінде білімімізді
толықтырдық. Атап айтқанда, жоба
әдісі, паратеатр,тарихи құжаттармен
жұмыс,КӘМҚ әдісі, дөңгелек үстел, тарихи
картамен және суреттермен жұмыс әдістері
жайында толық мағлұмат алып, әр топ
нұсқаулық дайындап, алгоритмін
таныстыру арқылы есте сақтауға жұмыс
жасадық.Әсіресе тренердің курс барысында
қолданған «Ыстық
картоп»
әдісі жақсы ұнады.Қысқа уақыт ішінде
осы әдіс арқылы оқушылардың сабақты
қалай меңгергендігін білуге болытынына
ой түйдім. Тренердің әр күнгі сабағы
мен берген жаңа мағлұматтары мені
қызықтыра түсті.Өзімнің Жаңартылған
білім беру бағдарламасы бойынша ойымда
жүрген сұрақтарға жауап алдым деп
ойлаймын.Тренерден үйренумен қатар,
өз тәжірибемізді де ұштап, аудиторияда
жасалған жеке,жұптық,топтық жұмыстар
барысында көрсетуге бетбұрыс жасадық.
Әр тыңдаушыға тақырып беріліп,ҚМЖ
жасау
жөнінде тапсырма алдық. ҚМЖ құру мен
үшін үлкен тәжірибе алаңы болды .Өзара
тәжірибе алмасып, шығармашылық
қабілетімді шыңдауға, жетілдіруіме
таптырмас мүмкіндік жасалды деп
ойлаймын. Сондықтан қазіргі қоғамда
әлеуметтік жағынан бейімделу үшін адам
баласына тек білім ғана емес, алған
білімін күнделікті өмірде, практикада
шығармашылықпен қолдана білуді қажет
етеді деген ой түйдім. Осы курстан
алған методикалық және теориялық
білімімді әрдайым ұштап,алдағы
жұмысымда дәлелдеймін деп ойлаймын.
№222
Т.Рысқұлов атындағы
мектептің
тарих пәнінің
мұғалімі
Ибрагимова Айгүл Айтқожақызы