«Жаулығы
желбіреген»
Ана
– әлемдегі әрбір адамның жарық дүниедегі
ең жақыны, ең ардақтысы, аяулысы. Тоғыз
ай бойы құрсағында көтеріп, жүрегінің
астында жатқан нәрестесінен барын да,
нарын да аямайтын ананың адам өміріндегі
алар орны ерекше.
Бізге
жарық дүние сыйлаған анаға не сыйласа
да аздық етеді. Анаңды Меккеге үш рет
арқалап апарсаң да, қарызын өтей
алмассың. Себебі ана сияқты өз баласы
үшін оның бақытын ойлап, баласының
табанына кірген тікенді маңдайына
кіргенін қалайтын бұл дүниеде анадан
артық адам жоқ.
Ана
– бұл өмірдегі асыл қымбат жан. Ана
деген өмірдің алтын кілті. Тек жақсылық
тілеп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға
шоқтырмай бауырына басып, біз үшін
жан ұшыра шырылдайтын да –Ана. Анадан
артық ешкім ардақты да, құдіретті
де, қасиетті бола алмайды. Анаға ешкім
тең келмейді. Ана жайлы ойымды айтып
тауыса алу мүмкін емес. Әркімнің өз
анасына деген махаббаты шексіз. Әрине,
ана деген сөз адам жүрегінің түбінен
жарып шығып, ыстық сезімдерге
жетелейтіні анық.
Менің
анамның есімі – Шынар. Ол ақкөңіл,
мейірімді және мен үшін өмірде орны
ерекше адам. Өйткені, ол мені дүниеге
әкеліп, бағып – қағып, әлпештеп өсірді.
Ауырғанда әрдайым жанымнан
табылып,қиындыққа кезіккенде
көңілдендіріп, құлаған кезде демеп,
жамандығымды жасырып, жақсылығымды
асырып тек жақсы жаққа қарай баулитын
аяулы жан – ол менің анам. Әрине, әрбір
ана кей кезде қатал да болатыны анық.
Дегенмен, ол біз жақсы болсын деген
ниетпен қаталдық танытады. Анам –
менің әрдайым шыншыл,турашыл, біреудің
ала жібін аттамайтын адал адам
болғанымды қалайды. Сол себептен де
анам әрқашан өзінің бар ақылын айтудан
жалықпайды.Сондықтан да мен анамның
сенімін ақтауға тырысамын.
Менің
анам мектепте мұғалім болып жұмыс
істейді. Ұлы Абайдың « Ұстаздық еткен
жалықпас, үйретуден балаға» деген
ұлағатты сөзі ұстаздың адам өміріндегі
маңыздылығын атап көрсетеді. Шәкірттеріне
білім, тәлім-тәрбие үйретіп жүрген
асыл анамды шын жүректен мақтан
тұтамын. Өмірімнің мәні де, сәні де
жарық дүниедегі жақыным, жанашырым,
ақ сүтін беріп аялаған – аяулы анашым.
Мен өмірімді анасыз елестете алмаймын.
Мен үшін жанын қиюға, құрбан етуге
әзір, мен аман болсыншы деп бар
ерік-жігерін тауысқан, мені мәпелеп,өсірген
жан анама айтар алғысым шексіз.
«Ана
алақанының аясы, ақ шынардың саясы»
деген мақал ананың соншалықты қадірлі
екенін адамзатқа ұғындыру үшін
айтылса керек. Асыл анамызды ардақтау-
біздің перзенттік парызымыз. Ана қай
кезде болмасын, қиындықта да, қуанышта
да жаныннан табылып, жылулық шуағын
төгеді. Осы шуақпен жылынып, асыл
ананың құшағында мейірім алып жүрген
барша адамзат аналарды мәңгі
ардақтап, аялай білсе, бұдан асқан
бақыт жоқ шығар!
Өмірдегі
ең жанашыр адам «Ана» үшін өз жүрек
түкпірімнен шыққан төл туындымды
жырлағым келеді.
Аяулы
да асыл жан - жүрегімнің жұмағы,
Мен
үшін мына өмірдің сізсіз бар ма
мәні?
Ізгі
ниет, ыстық лебіз, аяулы алқаныннан
Таралады
жан жаққа жүрегіңнің шуағы.
Қадірменді,
ардақты, анашым, менің қымбаттым
Өмірге
әкеліп, әлпештеп өсірдің, бағып-қақтың
Жарық
дүниеге келіп, құшағыңа енгенде,
«
Ана» деп алғаш рет сізге арнап, үн
қаттым.
Ақ
анашым, ақ сүтің беріп аялаған,
Біз
үшін өз жанын да аямаған.
Шыр
етіп келгеннен бастап мен емес пе?
Жан
жылуың, құшағыңды саялаған.
Анасы
ғой баласына өмір берген,
Бауыр
еті баласына тек жақсылық тілеген.
Қай
кезде де әйтеуір аман болшы!
Ақ
анашым, мен сені жақсы көрем!
Ана
- әр адамның жүрегі, тірегі, шуағы, биік
шыңы. Ендеше, жүректі құдіреттетіп,
тіректі құрметтеп, ең биік шыңға
жетіп, шуағымызды сыйлап, әрқашан
табынып, асыл да ардақты жан Анамызға
осы жарық дүниеге әкеліп, аялап
өсіргені үшін шын жүрегімізден
алғысымызды айтып өтейікші!