400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Эссе " Мамандығым - мақтанышым "

Материал туралы қысқаша түсінік
әлеуметтік педагог туралы жазылған, өз мамандығым туралы жазылған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Эссе


МАМАНДЫҒЫМ – МАҚТАНЫШЫМ


Мұғалім деген ат - қасиетті ат. Мұғалім деген аттан таза еңбекті сүйетін мамандық иесі деген сөзді ұғынады. Елдің надандығымен алысатын адам мұғалім.

Сәбит Мұқанов


Мұғалім – ұлағатты есім және өмірдің бағыттаушысы деп есептеймін. Мұғалім берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ болары анық. Қиындығы  да, қызығы  да  жетерлік, ең  бастысы  -  жауапкершілігі   жоғары  мамандық -  педагог. Мен ең алдымен педагогика саласының ең маңызды діңгегі – бастауыш сынып мұғалімі болдым. Ал қазіргі таңдағы мамандығым – әлеуметтік педагог. Әлемдегі дамыған, өркениетті мемлекеттерде тәрбиенің теориясы мен практикасындағы жетекші тенденция – әлеуметтік педагогика алар орны мен маңызы артып отыр. Әлеуметтік педагог мамандығы көп қырлы, себебі әлеуметтік педагог зер салып тыңдаушы, таптырмас кеңесші, бақылаушы мен бағалаушы, оқушыларға әрқашан дамуы мен өсуіне жағдай жасаушы, оқушылардың өмірде өз орнын табуы үшін көмекші бола алатын ерекше мамандық деп айтсам қателеспеймін. Осы тұста Мағжан Жұмабаевтың «Тәрбиедегі мақсат - адам деген атты құр жала қылып жапсырмай, шын мағынасымен адам қылып шығару» маңызы одан әрі ақындала түседі.

Қазіргі таңдағы қоғамда орын алып жатқан әр түрлі нашақорлық, зорлық-зомбылық, ішкілікке салынуы әлеуметтік педагог қызметінің жауапкершілігі одан әрі жоғары болатынын және әлеуметтік педагог маманының маңызын көрсетеді. Әлеуметтік педагогтың негізгі міндеттеріне тоқталар болсам:

  • әлеуметтік педагог - қоғамдағы әр түрлі орын алып жатқан құбылыстардың, баланың мінез-құлқындағы ауытқулардың, олардың қарым-қатынасындағы ауытқулардың алдын алуды қамтамасыз ете отырып, қоғамда әлеуметтік ортаны жақсартады.

  • әлеуметтік педагог маманы ең алдымен оқушының ішкі жан дүниесін зерттейтін және олардың дамуына, дұрыс тәрбие алуына жағдай жасай отырып, әлеуметтік қорғау көрсететін маман.

  • әлеуметтік педагог баланың әлеуметтік құқығын қорғаушы.

  • Әлеуметтік педагог - оқушының қажетті білім нәрімен сусындауы мен дамуына көмектесе отырып, мектеп пен отбасы арасындағы қарым-қатынасын жақсартатын маман.

Әлеуметтік педагогтың жұмысы нәтижесін бірден белгілі бола қоймайды, жүргізілген жұмыстардың нәтижесі бірнеше жылдан кейін білінуі мүмкін. Дегенмен бұл маман иесінің үнемі ізденіс пен даму үстінде болуы шарт.

Қазіргі уақытта жас ұрпақты тәрбиелеудің жаңа модельдерін іздеуді қажет етеді, елімізде барлық білім беру - мектептердің, отбасылардың және қоғамның өзара тығыз байланысын талап етеді.

Мен өз мамандығымды, әлеуметтік педагог маманы екендігімді мақтанышпен айта отырып, өте жақсы көремін. Дәліз бойымен оқушыларға «Қайырлы күн!» тілей отырып, қуанышпен жүремін. Әлеуметтік педагог болу - мәртебелі болу.

Еліміздің біліктілігі мен сауаттылық деңгейін әлемге танытып, алпауыт мемлекеттермен тереземізді теңестіру мүмкіндігіне жетелейтін – әрбір педагогтың ерен еңбегі деп есептеймін.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
04.01.2021
833
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі