Материалдар / Эссе « Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мен тәрбиелеу"

Эссе « Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мен тәрбиелеу"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі заман педагогы туралы эссе
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

« Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мен тәрбиелеудегі

заманауи педагогтің рөлі»

ЭССЕ

«Егер бала кезімде музыканы сүймесем,

мен ешуақытта өнер жолына түспес едім»

С.Т. Коненков.

Музыка дегеніміз - сырлы да, сиқырлы дыбыс. Біз ол музыканы балаға сезінуге, түсінуге ,естуге үйретеміз. Жүрегіңді баурап, жан тербетер ән, сазды музыка тыңдаған адамның жүрегі жай тауып, рахат сезімге, ерекше қуанышты жәй- күйге бөленеді. Музыка көңілді көтереді, бойды сергітеді, жанға жайлы эмоция тудырады. Музыка адамға қанат бітіріп, бүкіл әлемді бағындырғандай күйге бөлейді . Музыка тілін терең түсінген және меңгерген адам кеңпейіл, ақылды, өзіне жақын адамдарды, айнала қоршаған ортаны сүйеді, түсінеді, сезінеді деп білемін.

Мен – музыка жетекшісімін, болашақ ұлттың жанашырын тәрбиелеушімін. Осы тіркес көкірегіме мейірімділік пен өзіме деген сенімділікті ұялатады. Жәй ғана құлаққа естілгенде құрғақ, жансыз біртектес...Бірақ тереңіне үңілсек осы екі сөзде керемет ғажап шындық жатыр.«Музыка жетекшісі» керемет, сезімтал, мейірімді ,білмейтіндерге қол ұшын созушы,жаңалыққа жаны құмар жандар.
Менің қызметім – өз махаббатыңды балаларға сыйлау. Мен осы сезімімді өмірге рахаттана қосамын және балаларды осы сезімде болуға үйретемін. . Егер де музыка жетекшісі баланың бойындағы музыкалық қабілетін аша алса,музыкаға деген қызығушылығын арттырса, онда музыка жетекшісінің алға қойған мақсатының орындалғаны. Жұмыс үрдісі аса маңызды емес, ең бастысы әр мезетте балалармен өткізген шағың қымбат. Бірақ өмірде бәрі де бір-бірімен байланыста. Баланың махаббаты ол кез келген марапаттаулардан да артық болады. Ең жоғары марапат – бұл балалар махаббаты!
Біз тәрбиелеп отырған бүлдіршідер болашақта ақылды, қабілетті, белсенді болып өсетініне сенім артамыз!

Менің атқарып отырған қызметімдегі мәртебе – ол балалардың жүрегіндегі музыка тіліне деген қызығушылықтары. Мерекелік ертеңгіліктердің сценарийлерін құрушы,ойын-сауық бағдарламаларын жасаушы , көрнекі құралдарды және материалды уақытылы әзірлеуші – зор мамандық иесімін.

АМен көбінесе, әр ұйымдастырылған іс – әрекетімді ойын арқылы өткізіп, әр баланы жақсылыққа, қайырымдылыққа, ізгілікке баулимын. Балалардың ойын ойнауға жағдай туғызумен қатар, балалардың ойынға деген белсенділігін үнемі арттырып отыру керек. Топта өзара ынтымақтастық жағдайында балалардың ойынды өз қалауымен бастауы не болмаса, ойынға өз еркімен қатысуы аса манызды. Әр ойынның сюжетін өз мәнінде өрбіту үшін, оған атрибуттар, ойыншықтар дайындап отырамын

Баланың музыканы тыңдауы, қабылдауы, есте сақтауы . әнді жеке айтуы, қосылып айтуы, әннің сөзін дұрыс,анық айтуы , әні мен сөзі арасындағы байланысын , ән мен дене қимылының үйлесімділігін бере білуі , қызығушылықтарының қалыптастыруы - музыка жетекшісінің шеберлігінде, іскерлігінде, білімділігінде, осы мамандықты бар жан дүниесімен меңгере білуінде деп білемін. Шығармашылық саланың ішінде музыкалық эстетикалық тәрбие дегеніміз -сұлулықты, көркемдікті сездіртіп үйретіп қана қоймай өз бойына сіңіре білуді әдет дағдыларына айналдыру.

Мектепке дейінгі жастағы балалар әр нәрсеге бейім, ересектер не үйретсе соны қабылдап алады және үлкендердің айтқанын тез қабылдайды. Олардың жандары сондай нәзік және өте сезімтал болып келеді. Менің өзім осы балалармен жұмыс жасағанда , музыка тілінің құдіреттілігін жаңаша көзқараспен және жүрекпен шынайы сезіне білдім. Менің көзімнің жеткені балалар да бізге көп нәрсе үйрете алады. Мысалы: бала сияқты сезіну,сүю, түсіну ересектердің табиғатында жоқ нәрсе. Балабақшаға келген балалар сондай нәзік, пәк, таза күйінде келеді. Балалардың үлкен өмірге деген іргетасын біз қалаймыз . Мені қуандыратын жағдай балалардың музыка залына ерекше құштарлықпен келуі. Мен оларды көргенде бойымды ерекше қуаныш сезімі кернейді. Кіп-кішкентай балалардың өздері мені көргенде көздерінде қуаныш лебі сезіліп тұрады.Мен балаларды ән тыңдатуға,ән айтқызуға,би қимылдарын үйретуге, музыкалық аспаптармен таныстыруға бар ынта жігеріммен дайындаламын. Музыка оқу іс-әрекетінде балалардың қиялы ұшқыр , музыка әлемі мен ертегі әлемінің арасындағы ортақ қызығушылықтарын байланыстыра алады..

Шығармашылық іс-әрекетке баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыра түсу үшін әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдану міндетіміз.Біздің міндетіміз балаға оның бойында көрінбей тұрған мүмкіншілігін ашып көрсету.

Қорыта келе айтарым, «Заманға сай ұстаз - ол өзіне артылған ауыр жүктің салмағын сезінген ұстаз ,өз ісіне ерекше жауапкершілікпен қарайтын тұлға» деген тағылымды өз жұмысымда үнемі еске сақтап келемін.







РЕКЛАМА

















































































































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ