'эссе « Мен Тәуелсіз елімнің болашағымын! »

Тақырып бойынша 11 материал табылды

'эссе « Мен Тәуелсіз елімнің болашағымын! »

Материал туралы қысқаша түсінік
Туған жер-алтын бесігім.Оның адам өмірінде алатын орны ерекше, киелі ұғым.Туған жердің қадірін әр адам әрқалай түсінеді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Заречный мектеп-лицейі" ММ

Эссе

Водясова Валерия 8 «В» класс.

«Мен қазақпын биікпін, байтақ елмін

Қайта тудым өмірге, қайта келдім

Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске

Айта бергім келеді, айта бергім»

Жұбан Молдағалиев

« Мен Тәуелсіз елімнің болашағымын! »

Тәуелсіздікке деген өз сезімімді осы өлең жолдарымен бастағым келеді. Менің Отаным Қазақстан. Туған жер-алтын бесігім.Оның адам өмірінде алатын орны ерекше, киелі ұғым.Туған жердің қадірін әр адам әрқалай түсінеді.Туған жер қадірі дүниедегі ең ұлы деген нәрсемен сәйкес. Себебі , ол –сенің әлпештеген анаң,аялап өсірген әкең,туған—туысым,білім жолына жетелеген ұстаздарым. Қазақстан тәуелсіз ел. Мен үшін «Тәелсіздік» деген сөз –киелі сөз. Бұл туралы тереңірек ойлансам, ол ата — бабаларымыздың аңсаған асыл арманы, ұрпақтарына қалдырған аманаты екені сөзсіз. Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Қазақстанда тәуелсіздік күні 16 желтоқсанда тойланады. Бұл күн- Қазақстанның өз алдында қайта егеменді ел болған күн. 16- 17 желтоқсан- елімізде демалыс күндері болып табылады. Тәуелсіздікті қабылдағаннан кейін, еліміздің жеке туы, ұлттық рәміздері және әнұраны пайда болды. Өз еліме деген махаббатым мен мақтаныш сезімім шексіз! Мен тәуелсіз, егеменді халықтың қызымын! Мен мұны зор мақтанышпен айтамын!

Тәуелсіз елім тірегім,

Өзіңмен мәңгі жүрегім.

Алаш жұрты аңсаған,

Орындалды тілегің.

Мен өз елім Қазақстанды жан-тәніммен жақсы көремін. Біздің еліміз бай, жері кең байтақ. Түрлі ұлттар бір-бірімен тату-тәтті, бірлікте өмір сүріп жатыр. Мен де өз елімнің ертеңіне алаңдаймын, тыныштық пен жақсылық тілеймін. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі –ең алдымен халқымыздың бақыты деп ойлаймын. Бүгінгі күні халқымыз отансүйгішті, ұлтына деген махабатты жоғалтпай,әрі қарай біздің патриоттық сезіміне енгізуге ерекше көңіл бөлуі керек деп ойлаймын. Бейбіт те шуақты күндерді бағалай отырып,жаңа биіктерге ұмтылу – біздің буынның бағыты болуы тиіс.

Қазақстанның астанасы Астана қаласы. Қазақстанда пайдалы қазбалары өте көп. Мен өз Отаным Қазақстанның көркіне жететін еш бір ел жоқ деп ойлаймын. Отанымыздың аспаны ашық, болашағы нұрлы болса екен деймін. Балалық шақтан бастап адамның Отанына деген сезімі оянады. Отан деген – сенің туып өскен, кіндік қанын тамған жер, ата – анаң, досың Отанға деген махаббат, сыйластықпен ұласса – ол адамның рухани деңгейінің биіктігі. Дегенмен де Отанға деген махаббат пен сүйіспеншілік, анаға деген махаббатпен тең.

Мен тәуелсіз елдің ұрпағымын. Міне, бүгінде тәуелсіздігімізді алып, бейбітшілік пен татулықтың бақытты күндерін кешудеміз.16 – шы желтоқсан ,бұл күн біздер үшін ұлы күн,,әрі бақытты күн.

Болашаққа бейбіт күннің бетін бұлт баспасын, барлық әлемде бейбітшілік болсын. Мен қазақ жерінде, елінде туылдым. Соны мақтан етемін. Өз ойымды мынадай өлең жолдарымен аяқтағым келеді:

Туған жерім асқан көркем, сұлу ғой,
Байлығымның баға жетпес құны ғой.
Туған жерім жүрегімнің үні ғой,
Көңілімнің жыры ғой..
Конец формы




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.12.2021
11833
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі