Эссе « Мен үшін сынып жетекшілік - бұл...

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе « Мен үшін сынып жетекшілік - бұл...

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілік жұмыстың мазмұнын ашатын эссе.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Эссе

« Мен үшін сынып жетекшілік - бұл.

Сынып жетекшілік – көзге көрінбейтін, бірақ жүрекке жақын жұмыс. Оның әр күні таңғы жылы амандасудан басталып, кешкі алаңдаушылықпен аяқталатын сәттерден тұрады. Бұл – баланың қуанышына шаттану, мұңын бөлісу, әр жетістігін өз жетістігіңдей сезіну. Кейде шаршаған сәтте, бір оқушының «Ұстазым, мен сізді жақсы көремін!» деген бір ауыз сөзі бүкіл ішкі әлеміңді толтырып, жан дүниеңді нұрға бөлегендей әсер қалдырады. Мен үшін сынып жетекшілік – мейірім мен жауапкершіліктің тоғысқан қасиетті жолы. Мен үшін сыныптағы жетекшілік жұмысым - жүректің үнемі ашық тұруы, жан дүниенің тозбас мейірімі, шәкірттердің отты көздерінің бал- бұл жайнауы. Мен үшін әр оқушы – болашаққа жалғанған нәзік көпір. Сол көпірдің берік болуына үлес қосу – өмірімнің басты мақсаты. Әр оқушыма әрдайым сын көзбен қарап, талап қойып, болашаққа ұмтылуға сендіремін. Келешекте шәкіртімнен зор үміт күтетінімді, жеке қабілетіне қарап, болашақта мамандық таңдауына өз пікірімді білдіріп отырамын. Әр оқушымның қоршаған ортасы, құрбы- құрдастары иманды, адамгершілігі мол, ізгілікті, елжанды болуы керек деген қағиданы ұстанамын. Әрбір баланың бойында еліктеушілік басым келеді, сондықтан әрдайым баланың жанында жүрген жеткіншектерге назар аударып, үнемі бақылап отырамын . Сынып жетекшісі болу мен үшін - ауыртпашылығы бар, жауапкершілігі мол, қиын да қызықты жұмыс. Оқушылар ұжымын қалыптастыру, оқушының психикалық ахуалын, әлеуметтік тұрмысын жете білу, балаға сенім білдіру және оның көзқарасымен санасу, жаңашыл, ізденімпаз ұстаз - тәрбиеші бола білу сынып жетекшісінің міндеті деп білемін. Оқушы тәрбиесінде әрбір сынып жетекшісі сыныпта психологиялық - педагогикалық тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргізуі қажет. Ол психологтың көмегімен мониторинг, сауалнама, диагностика, тест түрінде оқушының адамгершілік, интеллектуалдық, эстетикалық құзырлылығын, белсенділік деңгейін анықтайды.
Сынып жетекші сыныптағы барлық ата - анамен тығыз байланыста болуы керек. Оларды мектепте, сыныпта өткізілетін түрлі іс - шараларға шақырып, жан - жақты әсер етуіміз керек. Жеке, топтық, ұжымдық жұмыстар арқылы бала мен ата - ана арасындағы шынайы қасиетті қалыптастыруға болады. Оқушы - жеке тұлға, қоғамның белсенді мүшесі, жарқын келешек кепілі. Ата-ана, оқушы , сынып жетекші «Үштік одақ» ретінде үнемі байланыс жасап, жұмыстанып келемін. Жеке тұлғаның жан-жақты болып, қалыптасуына отбасы және мектепте білім мен тәрбие беруде сынып жетекшінің маңызы ерекше. Менің ойымша, әр сынып жетекші, алдындағы шәкіттеріне білім мен тәрбиені ұштастыра отырып, өз жұмысына тиянақтылықпен қарап, жұмыс жүргізгенде ғана нәтижеге қол жеткізеді.
Мен қазір 4 сыныпқа жетекшілік етемін. 1 сыныптан алған оқушыларыммен жүйелі жұмыс жасап, олардың жан- жақты дамуына мән беріп, түрлі іс-шара, байқауларға қатыстырып отырамын. Өзімді оқушыларымның екінші анасы, оқушы мен қоғамның арасындағы рухани жалғастырушысы, түрлі іс - шаралар барысында оқушылар арасында ынтымақтастық қарым - қатынасты қалыптастырушы, олардың жеке тұлға ретінде дамуын бақылаушы, оқушының күнделікті өміріне кеңес берер көмекшісі, сыныпта қолайлы ахуал тудырушы, үйлестіруші деп білемін.
Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Подстепный ЖОББМ
Бастауыш сынып мұғалімі: Ажмуратова Саида Уринбасаровна





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.11.2025
41
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі