Эссе " Қарқынды бағыт"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе " Қарқынды бағыт"

Материал туралы қысқаша түсінік
Эссе барысында білім кеңістігіндегі жаңашыл бағыттар, ұстаздар қауымына бағытталған ой салатын пікір.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қарқынды бағыт. Эссе

Ақылмен ойлап білген сөз,

Бойына жұқпас, сырғанар.

Ынталы жүрек сезген сөз,

Бар тамырды қуалар, -деп Абай атамыз айтқандай , бірнеше жылдар бұрын мектеп тренерлерін даярлау курсынан алған қуатты мәліметтерімді саралалап ой елегінен өткізетін болсам: берілген ақпаратты дайын қалпында қолданысқа түсірсем есімде ұзақ сақталмас.Бойыма қуат дарытқан,жүрегімде ынталылықты оята отырып үйренген жаңашыл әрекеттерімді өмір бойы есімде сақтап,саналы тұрғыда оқу үрдісіне қолданатын болсам білім әлемінде табыстылыққа жететініме сенімдімін.

«Адам ұрпағымен мың жасайды», осы ұлағатты сөздің астарында қаншама терең сыр жатқанын шын жүрекпен сезіне аламыз ба? Бүгінгі күннің ұрпағы ертеңгі жарқын болашаққа жол салушылар емес пе? Ал, олардың салған жолдарының жарқын болуына кепілдік бере аламыз ба?Міне, осындай сипаттағы сан алуан сауалдар мені ойландырмай қоймады.Осындай сыни тұрғыдағы сауалдар төңірегінде ойлану , оған жауап беруде іске асқан жұмыстардың астарынан дәлел іздеп тапқандаймын.Мені ойландырған маңызды мәселе мектеп мұғалімдерінің болашақтағы әрекеті еді.Мектеп мұғалімдері болашаққа жол салушыларымыздың жарық жұлдызға айналуына ықпалды әрекет жасай ала ма?Мектебімде деңгейлік курстан тәлім алмаған ұстаздарымыздың кейінгі әрекеттері не болмақ деген сауал көкейімді мазалайтын.Болашаққа сенімді қадам жасау үшін жаңа бағдарлама идеясының мағынасын түсінген оқыту әдістерін жаңашылдықпен ұштастыра отырып жаңғыртып жетілдіретін ұстаздар қауымы басым болуы қажет деп түйсінемін. Алдымызда қаншама кедергілер кездессе,соншалықты ілгері қадам жасау арқылы мектеп тренері курсынан көкейіме түйген,санамды жаңғыртқан тың идеялар көмегімен жою арқылы мақсатқа жетуге бағыттап қолданбақпын.

Курс тыңдау кезінде үйретуші тренер мен тыңдаушы әріптестердің бірлескен ынтымақтасқан ортадағы пікірлері мен кедергілерді болдырмау жолдарын талдау дағдылары оң әсерін қалдырды. Көзделген мақсатқа жету жолында ілгерілеу байқалды.Алғашқы сәттерде кейбір беймәлім ұғымдардың болғаны да шындық. Бүгін міне, аспаным бұлттан сейілгендей,себебі, менің тренерім шуағын шашқан күн нұрын орната алды.

Айналама қарап,мені қоршаған әлемдегі сан алуан өзгерістерге шаттана қуанып, қанатымды кеңге сермеп,шабыттана түскендеймін.Алдымыздағы үлкен асуға – біліктілік пен ұстаздық шеберлігімізді ұштастыра отырып, шәкірттерімізді ,мынау кең әлемді мойындататын рухани биік шыңға шығару міндеті тұр. Терең ойларға беріліп,сенім жүгінің ауыр екендігін сезіндім.

«Бір әріп үйреткенге 40 жыл сәлем бер» деген халық даналығына сүйеніп, әріптестеріме сапалы әдістер үйрете отырып, білім кеңістігіне терең бойлармыз . Болашақта мектеп ұжымын жаңашылдыққа жұмылдыруда Луций Анней Сенека айтқандай: «Басқаларды үйрете жүріп біз өзіміз үйренеміз» деген сенімдемін. Нұрханова Ләззат Сүйеубайқызы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.05.2023
396
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі