«Біз тәуелсіздікті ақылмен, ата-баба жолымен алдық деп ойлаймын».
Н.Ә. Назарбаев.
1991 жыл - еліміздің «Қазақстан» деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жылы. Сол сәттен бері міне 22 жыл да өте шықты. Қазіргі Қазақстан әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие. Жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген ірі экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Қазіргі таңда Қазақстан жас мемлекет бола тұра, көптеген елдерден әлдеқайда алда. Еліміздің аяғынан нық тұруы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және экономикамыздың жедел қарқынмен дамуы - қазіргі таңда негізгі стратегиялық бағыттар. Бүгінгі Қазақстан – тек өзі орналасқан аймақта ғана емес, бүкіләлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел. «Қаз тұрып, қадам басқан тәуелсіздік сәбилік тұсауын өміршең уақытқа кестірген кезден бастап, осынау 22 жылдың бедерінде айшылық жерді алты рет аттаған алып секілді, дәуір жалынын мығым ұстап, тізгінін бекем қаға білді» - деп Елбасымыз айтқандай, егемен Қазақстанды бүгінде барша әлем танып отыр.Тәуелсіздік алғандағы алғашқы әрекеттердің арасында мемлекетіміздің ұлттық валютасы - теңгені енгізу, көршілес мемлекеттермен шекараны белгілеп алу, Конституциямызды бекіту бар еді. Ата Заңымызға сәйкес Қазақстан және қазақстандықтар ешкімнің жеріне көз салмайды, бірақ өз жерінің бір сантиметрін де ешкімге бермейді. Мұндай істердің орындалуы - ерекше тарихи жетістік. Айта берсек 22 жылда жеткен еліміздің жетістігі өте көп. Дегенмен, бұл жетістіктерге жетуде еліміз көп қиыншылықты көргенін ұмытпағанымыз жөн.Өз басым тәуелсіздіктен кейін туылған буынның өкілі бола тұра, бұл Егемендіктің қандай жолмен келгенін жақсы білемін. Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін тәуелсіздік аспаннан түскен сый емес еді. Халқымыз бостандықты аңсап, Тәуелсіздікке зарығып жетті. Тәуелсіздік жолында еліміз аз қиыншылық көрген жоқ. Тәуелсіздік – ата-бабамыздың ежелден келе жатқан арманы. Халқымыздың бостандыққа ұмтылысының және өшпес қайсар рухының арқасында тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл күнге дейін жеткен ұмытылмас оқиғалар – ел бостандығын қорғау соғыстары мен ұлт-азаттық көтерілістердің тарихымызда өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталатыны рас. Елдің біртұтастығы мен тыныштығын сақтауға хан-сұлтандар, батырлар, қарапайым халықтың өзі де жандарын пида еткен. Тәуелсіздік деген ұлы жеңіске қол жеткізуде әлі де жаңғырып тұрған кешегі Желтоқсанның да септігі аз болған жоқ – студент жастардың көшеге шығып үндеуі және егемендік үшін зардап шегуге дайын екендігін көрсете білуі барша халыққа сенім мен жігер берген болатын.Қазіргі таңда Тәуелсіздік - барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі - ең алдымен халқымыздың бақыты. Алғашқы жылдарда басым мақсаттардың қатарында егемендікті нығайту, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экономикадағы қиыншылықтарға жауап беру болған еді. Сондықтан бүгінгі күні халқымыз өткеннен қалған тарихи өнегені, отансүйгіштікті, ұлтына деген махаббатты жоғалтпай, әрі қарай жастардың патриоттық сезіміне енгізуге ерекше көңіл бөлуі керек деп ойлаймын.Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығы Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтижесі.Қазақстан - қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Еліміз өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес, ең алдымен сан түрлі ұлттардан құралған халқымен ерекше екенін ұмытпаған абзал. Бүгінгі бейбіт те шуақты күндерді бағалай отырып, жаңа биіктерге ұмтылу – біздің буынның бағыты болуы тиіс.
4-сынып оқушысы Таңатар Дият.
Тәуелсіздіктен кейін өмірге келдім. Әйтсе де менің келешегіме үлкен жол ашқан тәуелсіздіктің жөні бөлек. Біздің ата-бабаларымыз «Егемен болмай ел болмас, етектен кесіп жең болмас» деген екен. Осы тәуелсіздікке дейін қазақ жерінде еркіндікті аңсаған 300-ге таяу ұлт-азаттық көтерілістері болыпты.
Мен тарихи кітаптарды көп оқимын. Сол кезде байқағаным, тәуелсіздікке жету оңай болмаған екен. Жүздеген Алаш ұлдары бастарын бәйгеге тігіпті. Ондағы мақсаты, қазақ халқының қолын тәуелсіздікке жеткізіп, ұрпағын бодандықтан құтқару болыпты.
.Бұрын
біздің алдымыздағы ұрпақ әрі кетсе Мәскеу қаласына барған екен. Ал
қазір білімді жастар төрткүл дүниені шарлап жүр. Білімді жасқа
қашанда жол ашық екенін жеткізді. Мұның бәрін біз тәуелсіздіктің
арқасы деп білеміз.
4- сынып оқушысы Назарбаев
Манас.
«Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса, ол елдің еңсесі биік болады».
Н.Ә. Назарбаев
Алтын күмбезді көгімде қыран құсты байрағы желбіреген, айбарлы әнұраны асқақтаған, даңқты Қазақстанымның Жас Ұланы екенімді мақтан тұтамын.Телегей теңіз жылдарда бодандықты бастан кешіріп, сұм соғыстың тауқыметін тартып, сыңыр саясаттың құрығына түсіп қаншама қиналды десеңізші?! Мінеки, туған елім небір сұрапыл оқиғаларды бастан кешсе де, мойынсұнбай әлем картасыннан ойып тұрып керегесі мықты «Қазақстан» деген мемлекет орын алды.Қазақ елі қайсарлы да батыл, айбатты да асқақ елдердің бірі. Осындай еңсесі іргелі, тұғыры нық, ырыс пен ынтымағы, береке мен бірлігі жарасқан елдің ұланы екенімді мақтаныш етемін.Ата-бабамның қажыр қайсарлығынан қуат, өрелі өшпес сөздерінен өнеге, тағылымды тәрбиесінен тәлім, батылдығынан бойымызға жігер жинап, керегесі мықты қазақ елінің ұлтжанды қыраны боламын. Болашақтың іргесін біз секілді туған елімнің Жас Ұландары құратын болсақ, әлемде қазақ елінен мықты ел болмақ емес.Арына жанын садаға еткен, «атамыз алаш, керегіміз ағаш» болған өр қазақтың намысты ұрпағы екенімізді ұмытпай, айбынды бабалардың рухын өшірмей, даңқты тарихымызды сақтайық!Елге деген ыстық сезімімді жетесіне жеткізген, бодандықта бор болған төзімділікті қыл көпірден өткізген, өз елім, өз жерім деп өзек өртеп, өршіл рух сыйлаған, санамызды улаған сансыз «ертегіден» есті жинаған, қасқайып қазақ атын мың қайталап жүрек отын тұтатқан, бойында күш-жігері, кеудесінде қуаты тасыған, егемен еліміздің еңселі байрағын ұшы қиыры жоқ көгімде нық көтеруге ұмтылған, қырандай қарыштаған - Тәуелсіз елдің Жас Ұланымын!
4-сынып оқушысы Кенесарин Әділбек.
Бүгінгі таңда әрбір мектеп есігін ашқан бүлдіршін өзінің әйбат Әліппесімен бірге Елбасымыздың осынау әкелік мейірімге толы ақ батасын арқалап алаңсыз, білім атты үлкен өмірдің табалдырығын именбей аттайды. Білім алу тегін әрі әр баланың абыройлы міндеті. Оқулық мәселесі де мемлекет мойнында. Тек ерінбей еңбектеніп, талмай ізденіп, аяулы ұстаздардың жалықпай үйреткен білімін жүрекке сіңіру ғана біздің борыш.Баласы мектеп жасына толған ата-ана ешқандай материалдық тәуелділіксіз өзінің сүп-сүйкімді ұлын немесе тұлымшағына ақ бантик байлаған қызын 1-қыркүйекте алаңсыз мектепке қарай жетелеп келе жатады. Шаттықтан бал-бұл жанған сәби жүзі құшағындағы алқызыл шоқ гүлдей жайнап анасының қолынан ұстап немесе әкесінің мойнына мініп еңселі Білім ордасына қарай адымдап барады. Бұл не деген ұмытылмас бақытты шақ. Осындай қайталанбас сәтті басымыздан кешуге жағдай жасап отырған мемлекетіміз не деген қамқор, не деген мейірімді.Таяуда бір журналдан Серікбол Хасан деген журналист дайындаған «Ерте солған балалық» атты материалына көзім түсті. Материалда келтірілген, «ресми мәлімет бойынша индустриясы дамыған елдердің өзінде 15 жасқа дейінгі 2,5 млн. бала жұмысқа жегілген» деген ақпарат кез келген адамды бей-жай қалдырмайды. Сөзім дәйекті болу үшін материалдан сөзбе-сөз үзінділер келтіре кетейін:«Бангладеште балалар таңғы сағат 5-тен бастап базарға ағылады» делінген. Крокон есімді бүлдіршінге әрқайсысы 10-20 келі тартатын балық салынған қораптарды көтерме базардан бөлшек базарға тасу міндеттелген. Сол еңбегі үшін қаршадай бала 0,01484 доллар(біздің ақшамен 2-3теңге болар) табыс табады екен. Мөлшермен күндік азығын айыру үшін Крокон күніне осындай қораптың 12-сін тасуға мәжбүр.Қытайда мектеп жасындағы балалар шахта еңбегіне мәжбүрленіп барады. 14 сағат тоқтаусыз еңбек етіп күніне бір рет болар-болмас тамақтанып отырған. Қожайындары соққыға жығып, ауырып жұмысқа шамасы жетпеген сәбилерді тірідей көміп тастағаны анықталған. Ал, қашуға тырысқандардың аяқтарын сындырып, арқаларын ыстық кірпішке күйдірген. Ал, кейбір балалар ұзақ уақыт жуынбағандықтан тері ауруына ұшыраған.Ауғанстанда орташа өмір жасы 40 жыл. Бүлдіршіндердің 26 пайызы 5 жасқа толмай қыршынынан қиылады екен. Елдің 70 пайызға жуығы аштық құрсауында, ал 13 пайызы ауызсусыз отыр.Бізге іргелес Өзбек елінде де тұрмыс төмен. Мектеп жасындағы жеткіншектер қара жұмысқа жалданып ақша табудың көзін іздейді. Осындай адам жаны түршігетін мәліметтерді оқи отыра сүйікті «Президент және Халық» газеті арқылы мемлекетіміздегі бейбіт те бақытты балалық шағымызды қамтамасыз етіп отырған Елбасымызға, ол кісіге көмектесіп, жұмысына жәрдем беріп жүрген Үкімет басында отырған ағалар мен апайларға барша Қазақстанның бүлдіршіндері атынан сәбилік жүрекжарды алғысымды білдіргім келеді.Ал, республикамыздың барлық бақытты балаларын Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын. Еліміздің болашағы бүлдіршіндеріміздің былдырлаған бал тілі мен сыңғырлаған күлкісі үзілмесін! Отанымыздың патриоты болайық, достар! 4-сынып оқушысы Сахуова Назерке.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Эссе " Тәуелсіздік " 4-сынып

шағым қалдыра аласыз