жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Эссе "Әйел педагог"
Эссе
Әйел-педагог
Жоспар
1.Кіріспе бөлім
2.Негізгі бөлім
1.Педагогтік шеберлік-дарынды талант емес,еңбек нәтижесі.
2.Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу сезімнің – ақындығы.
Ұстаз болу - мінездің күн шуағы
Азбайтұғын адамның алтындығы.
3.Жатталсын есімдерің жан жүректе
Адамның аяулы әні сияқталған.
3. Қорытынды бөлім
Біреулерге ұстаз болу оңай болып көрінер бәлкім. Әлбетте оңай шаруа емес. Өз білгенін өзгеге үйрету-үлкен іс. Адам өмірде артынан жақсы ат қалдыру керек. Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, сабырлықты,мейірімділікті, ерекше сүйіспеншілік пен шәкіртжандылықты қажет ететін мамандық та - ұстаздық. Қандай адам болмасын ұстаз алдынан өтеді. Ғалым, ақын, әнші-сазгер, депутат пен министр, тіпті президенттің өзі ұстаздан білім алған. Ұстаз болу , мамандығын қадір тұту, қастерлеу, оны арындай таза ұстау- мұғалімнің борышы. Ол- өз кәсібін, өз пәнін,шәкірттерін,мектебін шексіз сүйетін адам. Ұстаз болу- жауапкершілікті талап етеді,өйткені балалар әрбір адамның сөзін жүректеріне жақын қабылдайды. Олардың өмірге қалыптасуына тікелей әсер етеді.Сондықтан ұстаз болмас бұрын жақсылап ойлану керек және үлкен жауапкершілікті алу қажет.
Педагогтік шеберлік – дарынды талант емес,үйрену,ізденудің нәтижесі. Мұғалім шеберлігі жайлы жазылған дайын қағида жоқ.Адам бір орында тұрып қалмайды сол сияқты ұстазда әрдайым ізденісте болады. Мұғалім деген кім? Мұғалімге тән қасиет баланы құрметтеу.Оның адамшылық ар-ожданын,намысын, жасына қарамай сыйлау,құрмет тұту. Бұл мұғалімнің дүниетанымы мен жүрегінің кеңдігін көрсетеді. Бойынан адамгершілік мейірім, адалдық сияқты қасиеттер болса, балаларға үлгі бола алады.Қазіргі заман ұстазы қандай болуы керек? Заман талабы, адамдар өзгерген сайын ұстаздар да заманға сай болуы тиіс. Әлбетте, ол өз кәсібінің майталманы ,осы мақсатқа рухани күш-жігерін, ақыл-парасатын салу міндет. Бұл- әркімнің қолынан келе бермейтін,ерекше талантты, зеректілікті қажет ететін,бай қиялды адамға тән қасиет. Қазіргі заман мұғалімі – рухани дамыған әрі әлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген, өзін-өзі жетілдіріп отыратын тұлға.
Әрдйым биікке ұмтылып, еңбек ете білетін мұғалім жетістіктерге де жете біледі. Осындай еңбекқор ұстаздан , еңбек етуге бейім шәкірттер шығатын болады. Кәсіби ұстаз болу үшін алдымен өмірге деген көзқарасы, оның идеялық нанымы,ұстанымы.Екіншіден өз пәнін жетік білуі, ойын оқушыларға жеткізе білу,оқушылар бойына біліммен қатар әдептілік пен жақсы қасиеттерді сіңіре білу.Үшіншіден, оқыту мен тәрбиелеудің әдіс- тәсілдерін меңгеру. Қазіргі заман ұстазы қазіргі заманға сай бола білуі тиіс.
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу сезімнің – ақындығы.
Ұстаз болу - мінездің күн шуағы
Азбайтұғын адамның алтындығы.
Адам мұғалім болуы мүмкін, бірақ ұстаз бола алмайды. Жәй мұғалім болу мен нағыз ұстаз болудың айырмашылығы жер мен көктей. Сәл қаталдық пен жүректің мейірімділігі керек. Ұстаз өз білгенін өзгеге үйретіп, білімділік пен әдептілікті қатар үйретуі тиіс. Ұстаздан шәкірт озар демекші әр ұстаз өзі тәрбиелеген оқушының өмірден өз орнын тауып, жетістікке жеткенін қалайды. Ол ұстаз үшін де жетістік. Ұстаз әйел де,ер азамат та болуы мүмкін. Екеуіде бір баланың әкесі немесе анасы. Өз балаларына берген жылулық пен мейірімді өзге балаларға беру кез-келген адамның қолынан келмейді. Баланы қорқытып, ұрып-соғып оқыту мүмкін емес. Неқұрлым мейірім мен әділеттілікті қосып үйретсе, білім беру қиын емес. Бір сыныпта жиырмаға жуық бала болса, оның барлығына тең қарау, бәріне бірдей көңіл бөлу керек. Барлық жақсы қасиеттерді ұстаз бойынан табуымыз керек. Ұстаз болу – еріккеннің ермегі емес,ол адамның үлкен қасиеті.Қазіргі кездің ойландыратын мәселелерінің бірі – ұстаз дәрежесі.Қазіргі кезде барлық мұғалімнің басты жұмысы қағаз жазу. Заманның талабы осы ма , әйтеуір жоспар мен айлық, жылдық есептерін жазудан қолдары тимейді. Әсіресе әйел ұстаздың атқарар міндеті өте көп. Жұбайы, балалары, туыстарымен қоса жұмысын бірге алып жүру оңай емес.Осынша жұмысты алып жүру қиындық туғызса да әйел оны көтереді. Әйел қырық жанды деген бекер айтылмаған секілді.Нәзік жанды, әлсіз дегенмен әйел барлық жұмыста белсенділік танытады, тіпті ер адамдарды басып озады. Өзгенің балаларын өз балаларындай көру – ұстаз жүрегінің кеңдігі. Әрдайым мектепте болу, күн сайын сабаққа дайындалу, оқушы жұмыстарын тексеру, құжаттар,есеп –қисаптар, осы жұмыстармен қатар үй шаруасы,балаларға қарау жалғыз әйел мойнындағы жұмыс. Сондықтан да ұстазды ел болып, қоғам болып құрметтеу,қастерлеуіміз керек. Мектепті екінші үйіміз десек, ұстаз да екінші анадай қасиетке ие.
Жаралған жақсы үміт пен мұраттардан
Жансыздар әлдилеген шуақты арман.
Жатталсын есімдерің жан жүректе
Адамның аяулы әні сияқталған.
Шын ұстаз - ұстаз болуды балалық шағынан армандайды. Қиындығымен қызығы бірге жүретін осынау мамандықтың шынайы иесі болу үшін көп қиындықтардан өтеді. Қиын дейтінім: әр сабағыңа жете дайындалып, балаларға білім беріп қана қоймай, тәлім - тәрбие беру, өмірге икемдеу, адалдыққа баулу, адамгершілік қасиеттерді бойына дарыту оңай шаруа емес. Ал олармен сырласу, мерекелік шаралар ұйымдастыру, табиғат аясына саяхатқа шығу, көңілді кезеңдерін бірге бөлісу, бұл бір сәтке өзіңді бала сезінетін ерекше бір қызық шақтар. Балаларға ұрысып, жекіп, кейімей ақ, олармен сырласа отырып жан дүниесін ұғынуға болады. «Ұстаз болу өз
уақытыңды аямай, өзгенің бақытын аялау» деп Мұхтар Әуезов айтқандай, уақытпен санаспай балалардың болашағы үшін аянбай жұмыс жасасаң, еңбегің еш кетпейді деп түсінемін. Қанша жыл тер төгіп еңбек етсең де, «болдым, толдым, мен бәрін де білемін» деп айтуға болмайды. Ұстаз үнемі ізденіс үстінде болуы керек. Өмір бір орнында тұрмайды, үнемі алға жылжып отырады, осыған орай жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелеу, оқыту үшін үнемі ізденіп, білімін, біліктілігін арттырып отыру керек.
Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың,елдің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлініуі қажет.Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы – мектеп десек,мектеп жүрегі –ҰСТАЗ.Адамның адам болып қалыптасуына ұстаздың рөлі зор.
Ардан биік қоятын адалдығын
Ұстаздардың көрмедік жамандығын.
Өмірінің тең жартысын бізге аранаған
Ұстаздардың тілейік амандығын.
Шарықтау шыққан талай шыңына шын,
Шәкіртке сәуле болып жағыласың.
Күрделі білім беру реформасы,
Түсінбесең болады бағына сын.
Жаңа жолдау үш тілде білім беру
Айтқанына биліктің бағынасын
Дәстүрлі қағазбенен түсіндірген,
Өткеніңді кей-кезде сағынасың.
Ұстаз болу басқа бір адамның және күллі ұрпақтың өмірін қалыптастыру. Жауапкершілігі көп, маңызды мамандық. Мамандығын шын көңілмен сүйген адам ғана нағыз ұстаз. Ұстазымызды құрметтеу міндетіміз, барлық жақсы ұстаздан білім алған. Ұстаздан шәкірт озады дегендей, болашақта білімді, зияткер шәкірттеріміздің талай белестер мен асулардан көрінетініне сеніміміз мол,өйткені біз өз ұстазымыздан асқан білімді шәкіртпіз.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген