Эссе "Әлем балалар көзімен"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе "Әлем балалар көзімен"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың әлем туралы түсінігі жанындағы эссе
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әлем балалар көзімен

Бұл өмірдегі ең үлкен бақытыңыз-

бақытты балалық шығыңыз.

Бүгін ауладағы балалардың ойынын қарап отырып ойға батып кетіппін. Бақытты балалық шақ... Шынында да, алаңсыз,уайымсыз, бақытты кезеңдері. Ойнап жатқан балалардың күлкілері жарқын-жарқын әрі шынайы шығады. Бір мезетте осы әлемді өздерінің сүйкімділігімен, қылықтарымен баурап, бүкіл әлемге тәтті бір әсерді беретін тек осы балалар секілді көрінді. Қарап отырып, балалардың әлемі мүлде басқа болатынын байқадым. Енді мені қызықтарған мына сұрақ болды: осындай таза жүректерімен олар бұл әлемді қалай көреді екен?

Бала – біздің мына түссіз әлемімізді түрлі бояуларымен безендіріп, түс беріп тұрған сияқты иә? Балалар – тәтті махаббаттың негізі секілді. Олардың қылықтары, эмоциялары, тіпті, сөйлегендерінің өзі ғажап. Балалардың көзқарасы біздікімен салыстырғанда мүлдем бөлек, өзгеше. Олардың бұл әлемге махаббаты шексіз дер едім. Олар үшін бұл әлем енді-енді ашылып келе жатқан қызық ертегі әлемі секілді. Құстардың ұшқаны, гүлдердің хош иісі, аспандағы қалықтаған бұлттар, міне, осының бәрі олар үшін таңғажайып дүние. Ылғи барлық нәрсені білуге, көруге, зерттеуге құмартып жүретін шақтары. Балалық шақта бәрі әдемі, бәрі керемет, ешқандай жамандық жоқ, бәрі жақсы, адамдардың барлығы таза ниетті, дәл өздері секілді. Міне, баланың мына әлемді көруі дәл осылай.

Бізде бала болдық, мен өзімді әлі де бала санаймын, алайда, үлкен өмірге қадам басар шағым да алыс емес екендігі есіме түссе мұңайып та қаламын. Үлкендердің әлемі балалар әлемінен мүлде басқа. Кейде мәңгілік осы шағымда, балғын балалық кезеңімде, есеймей қалғым келеді. Әттең, олай болуы мүмкін емес. Әйтпесе, қаншама адам осы кезеңдеріне қайта оралып алар еді иә?

Балалар әлемі. Балалар әлемі дегенді естігенде көз алдыңызға еріксіз қуанған, жылаған, ойын балалары елестейді ме әлде, мүмкін, бақытты балалық шағыңыз елестеген болар. Балалар әлемінде мына әлемде болып жатқан түрлі мәселелерге, уайым мен қайғыға орын жоқ. Олардың әлемінде шаттық бар, шынайы қуану бар, иә, ашу да бар, қорқу да бар: біреу алып кетеді ме деген қорқу бар, балалық қорқу, балалық ашулану. Олардың әлеміндегі ең басты нәрсе – олардағы махаббат. Кіршіксіз, шынайы махаббат: мына әлемге, ата-анаға, достарға деген махаббат. Балалық махаббат, балалық эмоциялар біз үшін әрдайым тәтті және солай болып қала бермек.

Баланың әлемге көзқарасында, бақытты балалық шағының қалыптасуына өз үлкен әсерін тигізетін тағы бір нәрсе – баланың сыртқы ортасы: ата-анасы және мына тыныш, бейбіт әлем. Міне, бақытты балалық шақтың кепілі де осылар.

Шынымды айтсам, бізге балалардан көп нәрсені үйренуге болатын секілді. Кейде біз шешілмейтін немесе шешуге өз қауқарымыз жетпейтін мәселелерді уайымдап кетемін сондай кезде жәй ғана басымызды босқа ауыртпай, балалар секілді алаңсыз жүруді де білу керек пе деп қаламын. Маған балалардағы ең ұнайтын нәрсе – олардың еркін шығатын эмоциялары. Олар ойламайды "қазір эмоциямды көрсетсем біреу мен туралы жаман ойлап қалар немесе күлсем, тістерімнің қисықтығы көрініп қалар" -деп. Жоқ, оларда мұндай ой мүлдем жоқ және айналадағылар да шынында ештеңе ойламайды. Қазіргі таңдағы көп адамдардың мәселесі осы деп айта аламын. Бізге осы балалар секілді жәй ғана еркін бола білу қажет деп ойлаймын.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, балалар – мына әлемдегі еркіндіктің жарық шырақтары секілді. Өмірді өз қиялдарын қоса отыра, ғажайыпқа толы етіп көретін балалар болмаса мына өмірдің мәні де болмас еді деп ойлап қоямын. Айтпағым, балалықтан есеюге асықпайық, өз балалық шағымызды қолымыздан келгенше бақытты етуге және қайта келмес бұл кезеңдерді барынша бағалауға тырысайық.

Еркеліктерден мөлдір көздерім нұрланып,

Өлең өмірім қуаныштармен жырланып.

Қаннен қаперсіз, пәк көңілменен күлетін

Балалық шақтың күндері барады ұрланып.



Шымкент қаласы,№90 ДБАММГ 10 сынып оқушысы Назарбекова Мөлдір

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
05.02.2024
509
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі