400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Эссе. Әлем өзгерумен мен де өзгеремін

Материал туралы қысқаша түсінік
барлық ұстаздарға. әсіресе жас мамандарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

ИСКАКОВА ГУЛЬМИРА ТОЛЕУХАНОВНА

Бастауыш сынып мұғалімі

№ 102 ЖББ орта мектебі

Алматы қаласы Жетісу ауданы


М ұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғандағана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысыменоның мұғалімдігі де жойылады.

М.Әуезов

Әлем өзгерумен,мен де өзгеремін.....

Қазақстан Республикасында білім беруді 2011-2020 жылдарда дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында әлемдік тәжірибенің бала жастан үлкен жасқа дейін адамның біліміне жасалған инвестициялардың экономика және қоғам өміріне елеулі өзгерістер енгізеді деп аталғанын білеміз. Болашақта Қазақстанды білімді,жоғары білікті жұмысшы күші бар мемлекет ретінде көргіміз келсе,онда білім жүйесін дамытуымыз керек деп есептеймін.Ал білім жүйесін дамыту үшін, білікті де,білімді басшы қажет екендігін білемін.Менің «Назарбаев Зияткерлік мектептері»ДББҰ Алматы қаласы педагогикалық шеберлік орталығына 9 айлық курсқа келуім өзімнің және мектебімнің оқыту тәжірибесіне өзгеріс енгізу, ХХІ-ғасырда оқушыны өмір сүруге қанашалықты дайындауға болатындығына жол көрсету, нәтижелерге қалай қол жеткізуге болатындығына үйрету деп білдім. Осы педагогикалық шеберлік орталығының курс тыңдаушысы ретінде мен көптеген нәрселерді үйрендім деп сеніммен айта аламын. Бастапқыда келген кезде, мені көптеген сұрақтар мазалады.Атап айтқанда, «Бұл менің қолымнан келе ме?», « Қаншалықты өзгерте аламын?», «Бұл өзгеріс менің мектебіме маңызды ма?». Осы курс барысында мендегі түбегейлі өзгеріске бет бұруыма,көкейдегі сұрақтарға нақты жауап алуыма бірден бір септігін тигізген тренерім- Толықбаева Ғалия Нұрманқызы. Ол кісінің күнделікті өткізген сабақтары бір-біріне мүлде ұқсамайды,күнделікті сабаққа кірер кезде:«Бүгінгі сабақ не туралы?», « Оқытудың қандай түрін үйренеміз?» деп қызығушылықпен қатысып жүрдім.Өз білгенін үйретуден шаршамайтын,жалықпайтын ұстаздан үйреніп,оны іс жүзіне асыра білу мен үшін үлкен жауапкершілік екенін түсіндім. Курс барысында басқа аймақтан,мектептерден келген әріптестестермен күнделікті тапсырмаларды орындау арқылы өзара тәжірибе алмастық.Бір-бірімізден үйренгендеріміз көп болды.Топпен түрлі жұмыстарды атқару арқылы жауапкершілік дағдылары артты,сонымен қатар,уақытты ұтымды пайдалану, тыңдай білу құндылық қасиеттері қалыптасты.Топпен бірлесе атқарған жұмыстарымыздың әсері мен үшін зор болды.Осы бағдарламада маған «Қоғамдастық», «Тәлімгерлік», «Lesson Study», «Коучинг», «Мектеп директорының өздігінен дамуы» үдерістері, «Брукфилдтің 4 линзасы», «SMART» мақсат қоя білу, «SWOT» талдауы мен үшін өте пайдалы болды.Мектептегі іс-тәжірибе кезеңінде «Мектепті дамыту жоспары» бойынша жұмыстарды жоспарға сай жүргіздім. Жұмыстың нәтижесін тәжірибе кезіндегі өткізілген коучингтерден,мұғалімдердің жұмыстарынан,өткізген сабақтарынан айқын көре алдым. Сонымен қатар мұғалім,ата-аналардан алынған кері байланыс арқылы көз жеткіздім. Мектеп ұжымы енгзіліген өзгерісті бірауыздан қолдады.Әсіресе мектептегі жұртшылыққа, ата-ана,оқушы, мұғалімге «25 ән, 25 кітап» жобасы ұнады.Бұл жобаға оқушылар мен мұғалімдер аса үлкен жауапкершілікпен қатысты. Осы жоба аясында өзім оқытып отырған шәкіртім 3-сынып оқушысы ІҮ Республикалық «Ғылымға алғашқы қадам» атты бастауыш сынып оқушылары арасында өткізілген жобаға «Кітап-жан азығы» атты шығармашылық жұмысты орындап, ІІ-орынды иеленді.Осы жоба арқылы басқа оқушыларды кітап оқуға деген қызығушылыққа баулу, кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға баулығым келді.Қытай философының «Маған жәй айтсаң – ұмытамын, көрсет­сең есімде сақтаймын, ал өзімді іс-әрекетке қатыстырсаң үйрене­мін» деген даналығы білім алу­шының білімге ықыласын арты­руда ақпараттық-комму­никатив­тік технологияларды пайдалана отырып, өзіндік ізденіс жүргізуді практикада жүзеге асырудың маңызды екендігін көрсетеді. Сапалы білім негізі – жан-жақты ақпараттық материал­дар­ды, көрнекі құралдар мен ұтым­ды технологияларды, тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, білім алушыға ешбір кітаптан таба ал­майтын білім беру. Сол себептен де біздің өзгеруіміз қажет, себебі әлемдегі барлық адамдардың ішінен мұғалімдер ғана үзіліссіз оқудың бағасын түсінеді. Біздер мұғалімдер көптеген стратегияларды, түрлі педагогикалық тәсілдерді араластырып, қолдану мүмкіндіктерін қалай, қай жағдайда қолдану керектігін меңгертеміз.

Әлем – ерекше ғалам. Ғалам алуан түрлі болып өзгеріп отырады. Кеңістік пен уақыт бойынша шеті де, шегі де жоқ дөңгелеген дүние. Әлемді өзгертетін және өзіміздің де өзгеретін уақытымыз келді. Осы өзгеру барысында біздер көптеген мәселелерді шеше аламыз.

Сөзімді қорытындылай келе,бүгінгі таңда өткен күндердегі іс-тәжірибеге көз жіберсек, кешегі күн бүгінгіге, бүгінгі күн ертеңгіге ұқсамайды. Ғылымның күн сайынғыдамуы, білім мазмұнының өзгеруі, өмір талабы, оқушы талғамы үнемі өсуде. Сол себептен де ең алдымен, жеке тұлға ретінде өзімнің бойыма өзгерістер енгізу керектігін қажет деп санаймын. Ол- жаңалыққа деген құлшыныс пен қызығушылық, түпкі нәтижеге деген сенімділік, өз ісімнен қанағат табу деп есептеймін.Іздену мен үйренуді ешқашан тоқтатпайық!







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 мамыр
727
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі