жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Эссе. Алғашқы қазақ қариі
Шығыс Қазақстан обылысы, Глубокое ауданы, Белоусовка ауылы
«№1 Белоусовка орта мектебі» КММ
11 сынып оқушысы Бейсенбекова Ақерке
Алғашқы қазақ қазиы
Дүниені жүрегінің шамы бар, иманы мен Ары бар зият жандар ұстап тұр. Қаламгер Жұмағазы Игісін.
Дін... Осынау үш әріптен тұратын бір-ақ ауыз сөзде қаншама терең мағына бар десеңші. Ал дін туралы мағынаны ашып зерттейтін болсақ, дін – дегеніміз адам өмірінің ажырамас бөлігі, ұлы құдеретке деген, жақсылыққа артқан сенімі, өмірлік ұстанымы. Дін адаммен оның сана-сезімі пайда болғаннан бері қатар жүріп келеді және солай болашақта да болмақ. И. В. Гете, неміс ақыны былай деген: «Ғылымы бар адамға дін қажет емес». Кейбір адамдар ақынның пікірін құптайды, бірақ мен сол адамдардың қатарына өзімді жатқыза алмаймын. Ғылымның бар болғаны барлығы адамға бағынышты дегенді білдірмейді. Ғылымның да шегі болады, ал құдірет иесінің күші шексіз. Ғылым түсіндіре алмаған дүниені дін түсіндіреді. Ғылым дінге қарағанда бүкіл теориялар мен аксиомалардан мін іздеп күмәнданады, яғни ештеңе ғылымның күмәнға толы назарынан тыс қалмайды, сонымен ол осыған дейін дұрыс болып саналып келген, адам санасында нық қалыптасқан пікірлерді теріске шығара алады, дін болса тура бір бағытпен қозғалады, ол Құдайдың құдіреті шексіз екеніне кәміл сендіреді. Дін сонымен қатар адам бойына адамгершілік қасиеттерді өрбітеді, дұрыс жолға түсіріп тәлім-тәрбие береді.
Сәби кезінде имандылық тәрбиесінен нәр алып өскен ұрпақ көктемдегі жаңа атқан ағаш бүршіктері іспеттес болашақта адамгершілігі мол адамға айналады. Тәрбиені ата-ана ғана беріп қана қоймай, дін де тәрбиеге өз үлесін қосуға тырысады. Ислам дінінің басты мақсаты да осы. Үлкенді құрметтеу, кішіге ізет көрсету, өтірік айтпау, адамдарға мейірімділік таныту – ислам діні насихаттайтын адамгершілік қасиеттер. Мұсылмандар күнә жасамай, одан аулақ болу, шайтанның сөзіне ермеу үшін бес уақыт намаз оқып, Құдайға құлшылық етеді. Мінсіз пенде болмайды. Бірақ Ислам дінінің негізінде күнә жасаған пенде тәубесіне келіп иман жолына түссе кешіріледі. Өйткені «сүрінбейтін тұяқ, жаңылмайтын жақ» болмайтыны бізге аян.
Дінді дәріптеп имандылық жолын дұрыс сілтейтін бағдаршам іспеттес жандардың бірі – қази.
«Қази» дегенді естіген кезде есіме бірден қазақтың ұлы билерінің бірі – Қазыбек би және сот шешімін шығаратын «әділқазы» түсті. Қазидың міндеттері жайлы мәліметті оқи отыра өзімнің болжамымның расталғанына көз жеткіздім. Әділқазы мен қазидың арасындағы айырмашылық – әділқазы халық арасындағы дауды шешіп, қылмыстық жазаны тағайындаса, қази мұсылмандық сот міндетін атқарады, яғни дін тәртібін бұзған адамдарға жасаған күнәсі үшін үкім шығарады. Мұсылман елдерінің жоғары үкіметі таңдаған қази ел арасындағы діндік тәртіпті қадағалаған. Қылмыстық және азаматтық істермен айналысқан қазилер дұрыс шешім қабылдап, әділ жаза қолданған. Қазидың қасиеттері жайлы қазақ ақындары да жазған:«...Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы», – деп хакім Абай айтқандай, қазидың сөзі жүректен орын алуы тиіс. Ниеті түзу, жаны асыл, ойы таза, әділдікті жақтайтын адам – қази. Бұл адамдар өмірді шынайы кейпінде көреді, сондықтан да дәл осы адамдардың мойнына қази міндеттері сияқты ауыр жүк жүктелген.
Ислам діні кеңінен тараған дін. Исламды бүкіл әлем бойынша көпетеген елдер ұстанады. Ұлт ислам дінінде басты рөлді ойнамайды, тек жаратушы иеге деген кіршіксіз сенім болса болғаны. Қазақ халқының ішінде де Ислам дінін ұстанатын адамдар бар, ал сенушілер бар болса қази да бар. Ең алғашқы қазақ қазиы – Ғұмар Қараш. Ғұмар Қараш (1875-76, қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы – 12.4.1921) – ақын, діни қайраткер, публицист, философ, тұңғыш баспасөз ұйымдастырушысы, Алаш қозғалысының көрнекті өкілі, жаңашыл (жәдитшіл) ұстаз. Ешқандай діни білім беру орынында оқымаса да, ол ұлы ғалым атанады: Уфадағы Мұсылман елдерінің мекемелерінің ІХ бөлімінде басқарушы қызметін атқарды, ишан атағына ие болды. Діннен басқа оның назары ХХ ғасырдың басында орын алған Ресейдегі социал-демократиялық қозғалысқа түсті. Дүнияуи ғылымымен қоса Ғ. Қараш жаратылыстануды да оқыды, Уфа, Орынбор, Петербор, Қазан қалаларында болып жатқан саяси-философиялық дауларда да шетте қалған жоқ. Өзінің ақындық шығармашылығы арқылы ештеңеге алаңдамай әдеттегі күнін көріп жүрген соқыр қазақтың көзін ашуға тырысты. Өзі жаңа кәсіптерді оқып, халықты қараңғылықтан шығарып, білім беруді армандады, ауылдарда жәдит мектептерін ашты, адамдарды егіншілік шаруашылыққа бет бұруға көндірді. Көзді ашып жұмғанша, 7-8 жыл ішінде ақынның 10 кітабы басылды: «Аға тұлпар», «Тұрымтай», «Тумыш», «Бала тұлпар», «Қарлығаш» өлеңдер жинағы, «Көкселдір», «Шайыр» атты әдеби хрестоматия-антологиялары, «Бедел қажы», «Ойға келген пікірлерім», «Өрнек» діни, философиялық трактаттар. Оның көпетеген жазбалары ұрланып, кейіннен көзден мүлдем таса болды.
Ғ. Қараштың өмірге деген көзқарасын мына бір нақыл сөзінен байқауға болады: «Шындық – дұшпандарды дос ететін күш, достардың достығын арттыратын құрал. Шындық сөзін ықыласпен тыңдата алған би, үкімін тегіс жүргізе алған патша бақытты болмақ. Шын сөз әсерлі, шын іс табыс көзі. Дүние негізі – шындық. Біздің бүгінгі бақытымыз – ақиқат ғылымға негіз делген; жалған ғылым еш уақытта пайда бермейді».
Мен қази Ғ. Қараштың айтқан ойымен толықтай келісемін. Қандай жағдай болмасын шындықты қаншалықты ащы болса да айту керек. Кішігірім өтіріктің өзі жағымсыз жағдайлар мен үлкен түсініспеушіліктерге және кейіннен дауға ұласуы мүмкін. Сонымен қатар өтірік айту үлкен күнә. Адамды өтірік айтуға шайтандар итермелейді, ал шайтанның сөзіне еру жақсылыққа апарып соқтырмайды. Ғұмар атамыз барлығын: «дүние негізі – шындық» - дегенде орынды айтқан. Егер біз айналамыздағы адамдарға, ал бастысы өзімізге өтірік айтпасақ, өміріміз жақсара түспек. Адамның күштілігі тәнінің алыптығына, салмағының ауырлығына байланысты емес. Адамның күштілігі – рухында.
Рухы күшті адам – дене күші мол, бірақ жігерсіз жанды билеп-төстеп бағындырып алады. Адамның өмірде ойына алған мақсаттарына жетуі рухани қуатына байланысты. Рухы әлсіз адамның болашағы бұлыңғыр.
Рухани қажеттілік бізге не береді?
Рухани қажеттіліктерді қанағаттандырмаған адам ақырындап төмен құлдырап, дөрекілене бастамақ. Егер ол рухани қажеттіліктерді қаперіне алмайтын болса, тағы адамның деңгейіне дейін құлдырайды. Жалпы, руханилық дегеніміз не деген сұраққа жауап іздеп көрелік.
Руханилық – бұл адам әрекетінің жоғары құндылықтарға айналуы болып табылады. Бұл дегеніміз – адам мұратына, ұдайы өзін жетілдіруге саналы түрде ұмтылуы. Руханилық – жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткіші.
Ақын
шындықтан басқа адамның рухани дамуына
назар аударған, бұл оның мына бір
сөздерінен көрінеді: «Адам ғылым, білім,
рухани жағынан да басқалармен қарым-қатынас
жасауға мұқтаж болады. Сол себепті
адамдар бір-бірімен қатысуға, пікірлесуге,
ортақтасуға қандай ұлығ болса да өзін
басқалардан зор санап, қауымнан оқшау
ұстамауға тиіс». Оның әрбір сөзі орынды,
мағынасы терең, ойға шомылдыратын дүние.
Келіспеуге болмайтын пікірлердің бірі
осы. Адамға рухани жетілу үшін басқалармен
пікір және тәжірибе алысу өте маңызды.
Бұл адамның рухын шеңейді, байытады. Ол
біздің жанымыздың тыныштығы мен
тепе-теңдік жағдайын бір қалыпта сақтауға
игі септігін тигізеді. Адам рухани
жағынан дамыған сайын оның өмірге деген
көқарасы өзгеріп, ол айналасына басқа
көзбен қарай бастайды.
Жоғарыдағы
айтылған мәселелерге орай ойымызды
түйіндейтін болсақ,
рухани даму дегеніміз – өмірде өзінің
орны мен жауапкершілігін түсініп,
өзін-өзі жетілдіруге ұмтылу. Ал, адамзаттың
жан дүниесін мекен еткен руханилықтың
жаңғыруы оның айнасы болары сөзсіз деп
ойлаймын. Жауап бере алмайтын сауалдардың
бірі – қоғамымыз қайда бара жатыр, алда
не күтіп тұр деген алаңдаушылық. Халық
тағдырына жаны күйген алғашқы қазақ
қазиы Ғ. Қараш өзінің елі үшін ішін жеген
уайымын өз өлеңдерінде бейнелейді:
Мезгілсіз
ерте туған таңнан қорқам,
Жауынсыз құр желдеткен шаңнан қорқам.
«Таң туды, мезгіл жетті» деп адасып,
Құрылған қараңғыда заңнан қорқам.
Істері адамдыққа жанаспаған,
Жануар - екі аяқты аңнан қорқам.
Көлеңке елестеген бойдан қорқам,
Түс көріп, өң деп ұққан ойдан қорқам,
Теңгеріп жарлы, байды құрып ұжмақ,
Теп-тегіс жұртқа жеткен тойдан қорқам.
«Теңгердім, той жасадым жұрт үшін », - деп,
Жер-жерде шалған құрбан қойдан қорқам. – бұл өлең шұмақтары ақын заманындағы жағдайды дөп басып бейнеледі. Ақынның өлеңі оның халыққа деген ескертуі, жан сырын тербеуі. Мұнда ақын халқына ескерту жасап жатыр. Бұл өлең бәрі кеш болмай тұрғанда күйреуге қарсы іс-шара қолдану керек деген жолдау. Шағын ой-толғанысымды Ғ. Қараштың мына пікірімен қортындылағым келеді: «Келешек дегеніміз үміт, сенім екеніне дау жоқ. Әр адам, әр ұлт, әр халық өз келешегіне қожа болу үшін ең алдымен өздеріне сену керек.» Алла Тағала ұрпағымызды иманды етіп, еліне, жеріне қызмет ететін жанашыр тұлғалардан болуын нәсіп еткей. Әмин!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген