400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе "Алтын күз" 1 класс оқушысы

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға көмегі тиеді деп санаймын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақтөбе облысы Қобда ауданы Сарбұлақ орта мектебі

Мун Виктория 1класс оқушысы



ЭССЕ

Алтын күз.


Күз – бұл өте тамаша мезгіл!. Жерге сары кілем төсеп қойғандай жұп-жұмсақ болып жатады. Күз мезгілі адамның көңіл-күйі секілді құбылмалы. Бірде жаңбыр жауып жатса, енді  бірде күн шайдай ашылып тұрады. Күзде білім күні басталады. Бұл күнде енді мектеп табалдырығын аттайын деп жатқан кішкентай балалар қуанады. Олар үшін бұл күн өте ерекше. Жалғыз кішкентай балалар үшін ғана емес, біз үшін де бұл күн өте ерекше. Себебі, бұл күнде біздің өмірге деген көзқарасымыз ашылып, әлемді тани бастаймыз. Күз мезгілінде жапырақтар сарғайып, айнала алтын түске боялады. Жерге алтын кілем төселгендей болады. Арасында шыршалар ғана түсін өзгертпейді. Барлығы әсерлі, өте керемет. Құстар жылы жаққа ұшып , ал балалар аула жұмысын бөлісіп тазалайды. Кейбіреулері жеміс-жидек жинаса, біреулері ауланы түскен жапырақтардан тазартады.. Балалар әрі еңбек етіп, әрі ойын ойнайды.Барлығы көңілді. Жануарлар да қылышын сүйретіп келе жатқан қысқа дайындық жасайды. Қоян, қасқыр, түлкі сияқты жануарлардың жүндері қалыңдай бастайды. Адамдар да қызу еңбек үстінде болады. Диқаншылар егіс даласында дән жиса, ауыл адамдары отын, көмірлерін түсіріп, қыстан қысылмай шығудың қамын жасап алады.

Осы мезгілде бізде мектепте «күзгі бал» атты байқау болады. Біз өзіміздің тамаша өнерімізді көрсеттік, және де түрлі дәнді-дақылдар мен жеміс-жидектерден керемет туынды жасап шығаратын едік. Оқушылар неше түрлі жемістерден туындылар жасайтынбыз. Біз үшін бұл байқау өте керемет өтетін. Биыл бәріміз қашықтықтан оқығандықтан,мектепке бармаймыз. Дегенмен түрлі шаралар онлайн немесе қашықтан болып тұрады. Әйтсе де, бәрі бұрынғыша көңілді өте қоймас. Күз кереметі осы шығар деп ойлаймын.

Күз мезгілінде бидай, тары, күріш, сұлы арпа дақылдары піседі. Маған күз мезгілі ұнайды.Кейде қар, кейде жаңбыр жауып табиғат құбылады.Бәрі орнымен. Айнала қандай тамаша десеңізші!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 желтоқсан
958
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі