2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Эссе Ана

Эссе Ана

Материал туралы қысқаша түсінік
Эссе Ана
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Эссе

Ана

Анасы бар адамдар

Ешқашан қартаймайды...

Ана... Қандай керемет сөз десеңші! Осы бір үш-ақ әріптен тұратын сөзде мұхиттың тереңдігіндей тұңғиық ойлар жатыр. Осы асыл жан әрқашан бізді жақсы көреді. Біз шыр етіп дүние есігін ашқан кезден бастап бізді бағып-қағып, біз үшін отқа да, суға да түсті. Ана деген сөз әрқашан киелі. Ешкімде аспаннан салбырап түскен жоқ. Бәрімізге жарық дүние есігін ашқан – ана. Бауыр еті баласы үшін аналар не істемейді десеңші? Ана туралы айтатын ой, шертетін ән көп.

Қандай ақын болмасын, анасын әрқашан жырына қосып жүрген. Біздің қазақ ақындарымызда ондай өлеңдері жетерлік. Бірақ бұл өлең-жырлар ана алдындағы парымызды өтеуге тұрмайды. Ойлап қараңызшы анамыз біз үшін бәріне дайын болды. «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, парызыңды өтей алмайсың» , - деген сөз рас. Шынында да, қанша талпынсақ та, күнде қарызын өтеуге тырыссақ та, жақсы істер істесек те, ананың біз үшін жасаған жақсылығын, қарызын өтей алмайма, 9 ай, 9 күн еш жерге тастамай отырса да, тұрса да көтеріп жүріп, сүліктей жабысқан шарананы дүниеге алып келудің өзі неге тұрады? Ал біз, ішінде 3 кітап бар қара сөмкен күніне 3-4 сағат көтеріп жүргенді ауырсынамыз. Осы бір қиын да, қызық 9 айдың қарызын өтеудің өзі біз үшін бір үлкен, алып мәні бар іс. Қарызын өтей алмасақ та, ең болмаса, ананың қабағына кірбің түсірмеуге тырысуымыз керек емес пе?! «Балам, ананы үйте салшы, мынаны бүйте салшы...» ,- деген анаға, «ой, ана, қойшы, уақытым жоқ.»,- деп айтамыз. Осы сөздің өзін, сол ананы жұмсаған ісінен артық, маңызды іс бардай жұлқына айтып, есікті сыртынан жауып кете барамыз. Осындай жағдай басыңыздан бір рет болсын өтті ғой? Ия, мойындаңыз. Ал дәл сол кезде біз үшін маңызы жоқ, күнделікті ауызекіге айналып кеткен «Ана қойшы.»,- деп сілкіп айтылған сөзден, ананың жұдырықтай «Балам»,- деп соғып тұрған жүрегінің орнынан сәл ауытқып барып орнына түсіп, ананың жүрегіне кішкене қара дақтың түскенін білеміз бе? Жоқ!!! Жұдырықтай жүректі қара дақтар жаулап алса, ол жүрек махаббат, ыстық ықылас, мейірім көрмесе, күн сәулесін көрмеген гүлдей бір-ақ күнде салып қалуы ықтимал ғой. Аналар еш нәрсені білдірмейді, сездірмейді, көрсетпейді.Олар өте құпия жандар. «Ата-ана қадірін балалы болғанда білесің»,- дейді.

31 Қаңтар 2018
1032
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі