Эссе: "Ана" 6-сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе: "Ана" 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Анасы бар адамдар Ешқашан қартаймайды...
Материалдың қысқаша нұсқасы

35 «Болашақ» жалпы орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Өзін-өзі тану пәні

6 сынып оқушысы

Ешанкулов Самат

Жетекшісі:Ешанкулова Зульфия

Эссе: Ана



Анасы бар адамдар
Ешқашан қартаймайды...


Ана... Қандай керемет сөз десеңші! Осы бір үш - ақ әріптен тұратын сөзде мұхиттың тереңдігіндей тұңғиық ойлар жатыр. Осы асыл жан әрқашан бізді жақсы көреді. Біз шыр етіп дүние есігін ашқан кезден бастап бізді бағып - қағып, біз үшін отқа да, суға да түсті. Ана деген сөз әрқашан киелі. Бәрімізге жарық дүние есігін ашқан – ана. Ана туралы айтатын ой, шертетін ән көп.
Қандай ақын болмасын, анасын әрқашан жырына қосып жүрген. Біздің қазақ ақындарымызда ондай өлеңдері жетерлік. Бірақ бұл өлең - жырлар ана алдындағы парымызды өтеуге тұрмайды. Ойлап қараңызшы анамыз біз үшін бәріне дайын болды. «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, парызыңды өтей алмайсың», - деген сөз рас. Қарызын өтей алмасақ та, ең болмаса, ананың қабағына кірбің түсірмеуге тырысуымыз керек емес пе?! «Балам, ананы үйте салшы, мынаны бүйте салшы...»,- деген анаға, «ой, ана, қойшы, уақытым жоқ.»,- деп айтамыз. Осы сөздің өзін, сол ананы жұмсаған ісінен артық, маңызды іс бардай жұлқына айтып, есікті сыртынан жауып кете барамыз. Осындай жағдай басыңыздан бір рет болсын өтті ғой? Ия, мойындаңыз. Ал дәл сол кезде біз үшін маңызы жоқ, күнделікті ауызекіге айналып кеткен «Ана қойшы.»,- деп сілкіп айтылған сөзден, ананың жұдырықтай «Балам»,- деп соғып тұрған жүрегінің орнынан сәл ауытқып барып орнына түсіп, ананың жүрегіне кішкене қара дақтың түскенін білеміз бе? Жоқ!!! Жұдырықтай жүректі қара дақтар жаулап алса, ол жүрек махаббат, ыстық ықылас, мейірім көрмесе, күн сәулесін көрмеген гүлдей бір - ақ күнде салып қалуы ықтимал ғой. Аналар еш нәрсені білдірмейді, сездірмейді, көрсетпейді. Олар өте құпия жандар.

Мен аяулы анамды жақсы көремін .Ана жайлы айтып тауыса алу мүмкін емес. Әркімнің өз анасына деген махабаты шексіз. Менде анам маған сыйлаған мәнді өмірі үшін алғысымды айта отырып,өз ойымды азда болса жеткізгім келеді. Ана дегенде толқымайтын жүрек,толғанбайтын жан жоқ. Ана –әрбір адам баласы үшін қастерлі ұғым. Бәріміздің де аналарымыз бар. Ал кейбір балалар аналарын сыйламайды,өз аналарына қарсы сөйлеп аналарының айтқанын тыңдамайды. Олай болса, өмірде аналары жоқ балалар да бар, олар өз аналарының ыстық алақанының жылуын көрмесе де, тәрбиелеп отырған аналарын аялап мәпелейді. Анамды алда келе жатқан

8 Наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.03.2021
948
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі