Эссе "Ана -өмірдің гүлі"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе "Ана -өмірдің гүлі"

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушылармен жұмыс
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ана – өмірдің гүлі!
Ана... Өмірдегі ең
асыл, ардақты есім. Бір ауыз «Ана» деген сөзді естігенде барлық аяулы Ананың бейнесі көз алдыңа елестейді. Ана –өмірдің гүлі! Ананың алақанындағы жылылық, жүрегіндегі шексіз мейірім, көздеріндегі жанашырлық бұл тек әйел затының бойынан табылатын қасиет. Анаң сені өмірге келмей жатып мейіріміне бөлейді, жылы сөздерімен еркелетеді, құрсағында аялайды. Ал жарық дүниеге келген соң, сені өз өмірінен артық жақсы көреді. Сен үшін түн ұйқысын төрт бөледі. Сенің тәнің ауырса, Ананың жүрегі мен жаны қоса ауырады. Әрдайым сенің тілеуіңді тілейтін де - Ана. Сен биікке шықсаң төбесі көкке екі елі жеткендей қуанады. Басыңа қайғының қара бұлты төнсе, сенен бетер жапа шегіп мұңға батады. Сені ештеңеге қарамастан түсінеді, кешіре біледі. Шалыс басқан сәттеріңе көз жұма қарайды. Мейлі, сен жүз жерден кінәлі болсаң да, ол сені жақсы көруін тоқтатпайды. Сен үшін уайымдайды. Қаншама түндер көз ілмей сенің жағдайыңды ойлаумен мөлдір көздің мұң тамшысын қалай сырғанатқанын байқамай да қалады.
Жүрегіңе жасырынған мұңың мен сырыңды Анаңмен бөліс. Себебі, тек Ана ғана сенің жүрегіңдегі мұңыңды сен айтпай-ақ жанарыңнан аңғарып алады. Сондай сәттерде Анаңның құшағына енсең, тап бір жұмаққа қадам басқандай боласың. Сәбидің ең биік қорғаны – аяулы анасының ып-ыстық, мейірімге толы, дархан даладай кең құшағы, деп айтар едім. Сондықтан да Ананың құшағы біз үшін аса қымбат.
Ал оның «балапаным, құлыным, ботақаным» деп еркелеткені тіптен өмірдегі ең жақсы сөздерден асып кетеді. Мейірім, кешірім, махаббат, жылылық барлық жақсы қасиеттер бір ғана Ананың бойынан табылғаны қандай керемет! Қандай бақыт! Сырласарға серік таппай қиналсаң, әрдайым Анаң сені қалтқысыз тыңдап, жүрегіңдегі жан-жараңды түсінеді. Сенің дұрыс бағыт-бағдармен жүруіңді, ешкімнің ала жібін аттамауыңды, қашан да адал болуыңды қалайтын тек Ана ғана! Сенің Анаң тағамды да дәмді әзірлеп қоймай, сенен кеткен қателікті түзету үшін небір қатал сын-ескертпелерді, ауыр сөздерді жұмсақтықпен, асқан сабырлықпен жүрегіңнің түбіне жеткізеді. Оның саған айтқан әрбір ақылы міндетті түрде керек болады. Себебі: оның өмірден түйгені көп. Анаңның айтқан бір ақылын тыңдамай сен өмірде мың қателік жіберуің мүмкін. Сондықтан да Анаңды бар кезінде бағалап, қадірлей біл! Мейлі, оның саған ұрсып айтқан сөздері сүйегіңнен өтіп кетсін, ол саған айтқан ақылы. Оның ойлайтыны тек баласының бақыты. Сенің бақытты болуың Анаңның жүзіне мейірім, шуақ төгіп, оны да бақытқа бөлейді.
Ананың балаға деген махаббатын сөзбен жеткізу тіпті де мүмкін емес. Анаңның қолынан келген әрбір жақсылық ол бәрінде бірдей бола бермейді. Ешкім сені Анаңдай еркелетпейді, ешкім құшағына қысып әлсіз көз жасымен саған деген махаббатын білдірмейді. Сен үшін күн демей, түн демей Алладан жәрдем тілейтін де жалғыз-ақ Ана.
Асыл анам, сенен қуат алайын,
Алдым сенен атар таңның арайын.
Сенің ғана жанарыңда тұратын,
Мейірімді қайдан ғана табайын?! –
деп жырлапты бір ақын. Расында да Ананың жанарындағы балаға деген мейірімді байқамай тұра алмайсыз. Тіпті ол өзгенің баласын өз баласынан кем көрмей, сол жанардағы кіршіксіз мейіріммен қарап, туған баласындай еркелетеді. Егер де маған сенбесеңіз өзіңіз байқап көріңізші. Ол үшін тек Анаңыздың мөп-мөлдір жанарына бір-ақ сәт мұқият қарап көріңіз. Сіз үшін сол да жеткілікті. Анаңыздың қос жанары үн-түнсіз сізге бәрін дәлелдеп береді.
Менің қаладан ауылға қарай асығатын кездерім көп болады. Оның жалғыз себебі бар. Мен тек Анамның мейірімге толы көздерін көру үшін асығамын. Анама үнемі еркелікпен қараймын. Анамның жанарындағы мейірімді мен әлі өзгелерден көрген емеспін. Мен үшін Анамның маған қымбат киім, бағалы заттар әпергені маңызды емес. Бастысы жан Анамның мейірімі, жылы сөздерімен еркелеткені, дархан даладай кең құшағына әлі де болса көзіне кіп-кішкентай сәби болып көрінетін ерке қызын басқаны әлдеқайда қымбаттырақ.
Әрине, Анамның маған берген мейірімі мен тәрбиесін, мені асырап баққан еңбегін өтей алмасым айдан анық. Дегенмен де, Анамның бақыты үшін мен биікке ұмтыламын. Әрдайым жанынан табылуға тырысамын. Себебі: Анам менің қуанышым мен қайғымда да қасымда жүрді. Анама деген алғысымды қалай жеткізерімді де білмеймін. Мен де Анам сияқты әр түн сайын ұйқыға жатар алдында Алладан ата-анама медеу тілеймін. Менің қос бәйтерегімнің мәңгі жайқалып тұрғанын сұраймын. Сол арманымның орындалатынына үміттенемін, амал жасаймын. Аяулы Анашыма деген махаббатымды күнделікті әніме қосып кіршіксіз тап-таза жанарына қарап тұрып айтып беремін.
Жан Анашым! Мен сізді өмірімнен артық жақсы көремін! Алғысым шексіз сізге! Мені адам етіп тәрбиелегеніңіз үшін, өміріме нәр бергеніңіз үшін, мейірімге толы махаббатыңыз үшін, өмірден өз орнымды табуға жәрдем болғаныңыз үшін. Барлығы үшін сізге рахмет айтамын! Біздің өмірімізге шуақ болған, жығылып-сүрінсек қуат болған, бар асылымыз да, жанашырымыз да Анамызға мүмкіндігінше алғысымызбен қатар жылы сөздерімізді де айта жүрейік. Кіп-кішкентай сәби кезімізде Анамыздың мейіріміне біз қалай мұқтаж болсақ, Анамыз да біздің бір ауыз сөзімізге, еркелігімізге мұқтаж. Егер біз Анамызға еркелікпен: «Анашым, сіз менің баға жетпес байлығымсыз, сізді жанымнан артық жақсы көремін, менің Айым да, Күнім де сізсіз, Анашым!»деген жылы-жылы сөздерімізді жиі айтатын болсақ, Анамыз күні бойы қуанып жаздай жадырап, күндей күлімдеп, гүлдей құлпырып жүреді. Төлеген Айбергенов ағамыз «Ана» деген өлеңінде: «Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін Ананы» - деп жазыпты. Шынымен де Ананы сыйлау үшін байлық та қажет емес. Тек аяулы Анамыздың бізге сыйлаған мейірімін біз де дәл солай сыйлай білсек болғаны.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.06.2018
3279
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі