Анама арнаймын
Көктемнің шуақты мерекесі – 8 Наурыз келген сайын жүрегім ерекше толқиды. Себебі бұл – өмірімнің ең қымбат жанына алғыс айтып, ықыласымды білдіретін айрықша күн. Мен осы жолдарды әлемдегі ең ардақты жанға – аяулы анама арнаймын.
Ана – менің тағдырымдағы жарық сәуле, тіршілігімнің темірқазығы. Оның мейірімінен бастау алған балалық шағым – ең бақытты кезеңім. Бесігімді тербеткен әлдиі, маңдайымнан сипаған алақаны, жанарындағы алаң мен үміт – барлығы менің жан дүниемде өшпес із қалдырды. Ол әрқашан сабырға сүйеніп, ақылға жүгінетін парасат иесі. Қандай жағдайда да әділеттен аттамай, адамгершілікті биік қоятын қасиеті мен үшін үлкен өнеге.Түн ұйқысын төрт бөліп, перзентінің амандығын тілеген жанның қадірін сөзбен өлшеу мүмкін емес. Менің әр жетістігімнің артында анамның төгілген маңдай тері, төзімі мен табандылығы тұр. Оның ақ батасы – жолымды ашатын шапағат, ал сенімі – қанат бітіретін күш. Біз анамыздың бір бөлшегіміз ғой. Сондықтан да ол біздің қуанғанымызды, ренжігенімізді сезіп отырады. «Анаңды меккеге үш рет арқалап апарсаң да, қарызыңды өтей алмайсың», үлкенді сыйлау бәрімізге міндет, ал анаңды сыйлау ол өмірлік парызың.
Мен анам жайлы айтсам, ол кісі өте мейірімді, ақкөңіл жан. Анам менің жаратушым, қашан ер жетіп өзіңмен өзің болып кеткенше жанымды сақтаушым. Мейлі, бір затты қате жасап, бүлдірсең де саған ұрысқанымен, сені жаман болсын демейді. Дұрыс жолға түссін, қатесін түзесін дейді. Қанша анаңды ренжітсең де, баласын кім жек көрсін, бәр қылығыңды кешіреді – ау! Сен үшін жанын шүберекке түйеді. Сенің болашағыңнан үлкен үміт күтеді.Анашым менің! Сәби кезімнен өз қолыңызбен төсегіме жатқыздыңыз, қараңғыдан қорқып жылаған кезімде қасымнан табылдыңыз. Мен үшін бәріне даярсыз анашым. Жығылсам тұрғызып, жыласам жұбатып, сабағымды оқуға көмектесіп, әр жылда туған күнімді атап өтіп, көңілімді табасыз. Сізге деген алғысым шексіз ғой менің. Сізді ренжітпеуге, сабағымды жақсы оқып, айтқаныңызды екі етпей орындап, көңіліңізге қаяу түсірмеуге тырысамын.
«Ана» деген сөз үш әріптен құралса да, мағынасы түпсіз тереңде жатыр. Дүниеде «ана» деген сөзге ештеңеде жетпейді ғой. Әлемнің қаншама сөзі үш әріпті «ана» деген сөздің орнын басып, алмастыра алмайды. «Ана» деген сөз құлаққа да, жаныңа да жағымды сөз ғой бұл. Бір керемет сиқырлы сөз деп те айтар едім. Рахмет, Анашым! Маған осы өмірді сыйлағаныңыз үшін, көп рахмет!
8 Наурыз – жай ғана гүл сыйлайтын күн емес, бұл – шынайы ризашылықты сезіндіретін мереке. Осы сәтте анама тек қуаныш пен шаттық тілегім келеді. Жүзінен күлкі кетпей, жүрегі мұңға толмаса екен деймін. Себебі оның бақыты –менің бақытым.
11 «А» сынып, Ашимбек Зейнеп, №4 Тілеміс батыр ЖОББМ
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Эссе Анама арнаймын
Анама арнаймын
Көктемнің шуақты мерекесі – 8 Наурыз келген сайын жүрегім ерекше толқиды. Себебі бұл – өмірімнің ең қымбат жанына алғыс айтып, ықыласымды білдіретін айрықша күн. Мен осы жолдарды әлемдегі ең ардақты жанға – аяулы анама арнаймын.
Ана – менің тағдырымдағы жарық сәуле, тіршілігімнің темірқазығы. Оның мейірімінен бастау алған балалық шағым – ең бақытты кезеңім. Бесігімді тербеткен әлдиі, маңдайымнан сипаған алақаны, жанарындағы алаң мен үміт – барлығы менің жан дүниемде өшпес із қалдырды. Ол әрқашан сабырға сүйеніп, ақылға жүгінетін парасат иесі. Қандай жағдайда да әділеттен аттамай, адамгершілікті биік қоятын қасиеті мен үшін үлкен өнеге.Түн ұйқысын төрт бөліп, перзентінің амандығын тілеген жанның қадірін сөзбен өлшеу мүмкін емес. Менің әр жетістігімнің артында анамның төгілген маңдай тері, төзімі мен табандылығы тұр. Оның ақ батасы – жолымды ашатын шапағат, ал сенімі – қанат бітіретін күш. Біз анамыздың бір бөлшегіміз ғой. Сондықтан да ол біздің қуанғанымызды, ренжігенімізді сезіп отырады. «Анаңды меккеге үш рет арқалап апарсаң да, қарызыңды өтей алмайсың», үлкенді сыйлау бәрімізге міндет, ал анаңды сыйлау ол өмірлік парызың.
Мен анам жайлы айтсам, ол кісі өте мейірімді, ақкөңіл жан. Анам менің жаратушым, қашан ер жетіп өзіңмен өзің болып кеткенше жанымды сақтаушым. Мейлі, бір затты қате жасап, бүлдірсең де саған ұрысқанымен, сені жаман болсын демейді. Дұрыс жолға түссін, қатесін түзесін дейді. Қанша анаңды ренжітсең де, баласын кім жек көрсін, бәр қылығыңды кешіреді – ау! Сен үшін жанын шүберекке түйеді. Сенің болашағыңнан үлкен үміт күтеді.Анашым менің! Сәби кезімнен өз қолыңызбен төсегіме жатқыздыңыз, қараңғыдан қорқып жылаған кезімде қасымнан табылдыңыз. Мен үшін бәріне даярсыз анашым. Жығылсам тұрғызып, жыласам жұбатып, сабағымды оқуға көмектесіп, әр жылда туған күнімді атап өтіп, көңілімді табасыз. Сізге деген алғысым шексіз ғой менің. Сізді ренжітпеуге, сабағымды жақсы оқып, айтқаныңызды екі етпей орындап, көңіліңізге қаяу түсірмеуге тырысамын.
«Ана» деген сөз үш әріптен құралса да, мағынасы түпсіз тереңде жатыр. Дүниеде «ана» деген сөзге ештеңеде жетпейді ғой. Әлемнің қаншама сөзі үш әріпті «ана» деген сөздің орнын басып, алмастыра алмайды. «Ана» деген сөз құлаққа да, жаныңа да жағымды сөз ғой бұл. Бір керемет сиқырлы сөз деп те айтар едім. Рахмет, Анашым! Маған осы өмірді сыйлағаныңыз үшін, көп рахмет!
8 Наурыз – жай ғана гүл сыйлайтын күн емес, бұл – шынайы ризашылықты сезіндіретін мереке. Осы сәтте анама тек қуаныш пен шаттық тілегім келеді. Жүзінен күлкі кетпей, жүрегі мұңға толмаса екен деймін. Себебі оның бақыты –менің бақытым.
11 «А» сынып, Ашимбек Зейнеп, №4 Тілеміс батыр ЖОББМ
шағым қалдыра аласыз


