400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе "Аққу қанат арман"

Материал туралы қысқаша түсінік
Эссені 10 сынып оқушым Жұман Нұрай Думанқызы жазды. Материал оқушылардың болашақ армандары туралы жазылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Аққу қанат арман»

Адам баласы дүниеге армандау үшін келеді десем қателеспеймін. Адамдар армандай келе өседі, өнеді. Осы өсу мен өнудің арасында жылдар, талай күндер қаншама.

Сол жылдарда адам баласы көп белестерді бағындырып үлгереді. Ол армандау, соған қол жеткізу бағытында жүзеге асады. Шынымен, бала күнімізден аққу қанат арман жетегінде келе, болашаққа бағдар қойып, рухани жаңара түсетінбіз. Бұл біз үшін өмірлік серік болатын, бізді алыстарға жетелейтін бағдар ешқашан өшпек емес. Алдында айтып кеткендей адам арман жетегінде өседі, өнеді, яғни адам өмірінің соңына дейін, арман қанатында өзінің армандарына жетуге талпынады. Негізінен армандай білу, адамға берілген үлкен қасиет, қабілет екені шын-ақ. Адамның жақсысы да, жаманы да армандайды. Аққу қанат арман, армандау, сол арманға жету деп жатырмыз, негізі арман деген не?

Арман деген дүние – сәттілікке бастар жолдың алғашқы баспалдағы. Арман ғана армандаған, көздеген қажеттілігімізге, белестерді бағындыруға себепші болады. Адам ғаламат нәрселерді ойлап таппас бұрын, оны армандайды емес пе?Сол армандау үлкен нәтижеге жеткізген. Мысалы, ұшатын кілем туралы ертегі де армандау нәтижесінде пайда болған. Сол нәтиженің үлкені алысты жақындататын ұшақ пайда болды. Міне, бір ғана мысал арманның күшін дәлелдемек. Әлбетте арман деген керемет нәрсе. Егер «нені армандайсың?» деген сұраққа бір секундта мүдірместен жауап берсеңіз, арманшыл адамның нақ өзі болғаныңыз. Өйткені арман – нақты нәрсе. Ол кішкене ғана нәрседен басталып, айрықша үлкен дүниеге дейін бара алады. Арманның орындалуына сену керек. Себебі, арманның орындалуының кілті осында: оның орындалуына қалтқысыз сену. Осындай кезде ойыңа, көз алдыңа бірден қазақ елінің бір туар ақыны Мұхтар Шаханов атамыздың «Арман» өлеңінің шумақтары келеді:

“... Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда

Үлкен бақыт табу үшін ғаламда,

Үлкен болып қалу үшін ғаламда,

Үлкен арман керек екен адамға”.

Мәңгілік ғаламда үкілеген үлбір үміттің рахатына бөленіп, өмірдің тәттілігін сезіндіретін арман атты аппақ арманның иесіне айналудан қорықпаңыз. «Армансыз адам, қанатсыз құпен тең»,- демекші менде аппақ арман иесі болып табылмақпын. Негізінен бір арман талай арманға жетелейді. Сол сияқты менің де бір ғана арманым үлкен бір арманға жетелейді. Бала күнімнен арманшыл адаммын, сол кезден бастап, “өскенде кім боламын” деуден басталды. Ослай болашағыма үлкен бағдар, мақсат қоя білдім. Менің арман – мақсатым болашақта журналистика мамандығын меңгеріп шығып, үлкен маман иесі болып, сол бағытта үлкен жетістікке жету. Қазіргі кезде мектеп оқушысымын. Мектеп табалдырығын аттағаннан бастап, армандарым таластай берді. Мектеп кезеңі өте қызықты, уайымсыз уақыттар ғой. Ал менің сол бір арманым мектеп кезеңінде басталып, болашағыма үлкен бағдар болып отыр. Бұл арманым, болашақ мамандығымды армандап, таңдауыма менің сүйікті ұстазым Аманова Құндызай апай себепші болғаны үшін үлкен, шексіз алғысымды айтамын. Енді кезекте мен өз арманым үшін, сол арманға жету жолында аянбай еңбектену басты мақсатым және мен өз арманыма қол жеткіземін.

Бұл нақты нәрсе! Сіздерде армандаңыздар, армандар әрқашан орындалады.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 қаңтар
1109
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі