400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

эссе: "Арайлы алтын күзім!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Күз туралы айтылған ой-пікір. Күз мезгілінің тамаша сипаты, табиғат тынысы және де Солтүстіктің сап сары алтынға боялған табиғаты туралы сипаттама. Күздік байлықтар, өнімдердің жиналуы жайында айтылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Арайлы алтын күзім!


Келді міне, алтын күз ,

Сары шашты жарқын жүз.

Қырман толы егіске,

Бағы толы жеміске.

Елді сыйға кенелтті

Күзгі сұлу періште,

-демекші мінекей арайлап атқан күз мезгілі де келіп жетті. Әр мезгілдің өзіне тән қасиеті бар. Бірі жаныңа жылулық сыйласа, бірі қайта туған жауқазындай бүршік атып жатады, ал бірі суығына үйретіп те үлгереді. Осы төрт мезгілдің ішінде ең кереметі күз болар.

Күз – адамзаттың сағыныш айы. Мектепке асыққан оқушының сағынышы, қара жерге асыққан жапырақтың сағынышы, егістіктегі мол жемісіне асыққан бағбанның сағынышы, алыстап кеткен достардың қауышуға деген сағынышы, бойжеткен мен бозбаланың махаббат сағынышы, ақынның қаламына, суретшінің күзгі эллегияға деген сағынышы...

Алтын күз бұл шынайы қанық түстерге боялған жыл мезгілі. Бұл кез өзінше қызыққа толы, табиғатқа әдемілік беретін, керемет мезгілдің бірі. Табиғаттағы болып жатырған өзгерістерді байқамау мүмкін емес. Айтар болсам, күн қысқарып, түн ұзарды. Жыл құстары жылы жаққа ұшып бара жатқан іздері көк аспанда байқалады. Сонымен қоса, күзде «Тілдер», «Мұғалімдер»  мерекесі және де «Алтын күз» мерекесі де  аталып, тойланып өтеді.

«Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан, Күз болып, дымқыл туман жерді басқан» -деп Абай Құнанбайұлының айтпағы дөп түскен. Бұл осынау мезгілдің пейзаждық анық үлгісі. Жер-Ананың сарқылмас алтын түске боялған пейзажының өзі бір керемет сезімге бөлейді емес пе? Сол себептен, алтындай сап-сары, табиғатқа әдемі сән беретін солтүстіктің күз мезгілі маған қатты ұнайды.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25.10.2021
569
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі