Ардагерлер,
ерліктерің өшпейтін дастан бүгін.
Ұлы
Отан соғысы. Бұл елімізге қайғы – қасірет
әкелген соғыстардың бірі болды. Ақ
жаулықты аналар ұлдарын, әйелдер
өздерінің ерлерін, қыздар әке – ағаларын
соғысқа жіберуге мәжбүр болды. Олардың
арасында оралғандар да, соғыста мерт
болғандар да болды. Мысалға өзіміздің
елімізді алайық. Қазақтар арасынан бір
миллион екі жүз мың адам соғысқа
шақырылды. Оның алты жүз бір мыңы сол
сәтте туған жеріне оралған жоқ яғни
соғыс кезінде мерт болды. Тіпті қара
көз қыздарымыз да осы соғыста болды.
Оған дәлел: мерген қызымыз Әлия Молдағұлова
мен пулеметші Мәншүк Мәметова ерліктері.
Осындай қан майданда отандастарымыз
үлкен ерлік көрсетті. Олардың жүз мыңнан
астамы арнайы медальдармен марапатталды.
Бірақ еліміз үшін, жеріміз үшін жан
аянбай соғысқан әрбір ардагеріміздің
еңбегі зор.
Әрине,
ерлеріміздің ішінен ерекше көзге түскен
жандар да бар. Мысалы: даңқты қолбасшы
Бауыржан Момышұлы, Рейхстагқа ту тіккен
Рақымжан Қошқарбаев, Днепр үшін шайқаста
болған он сегіз жастағы Жәнібек Елеусізов
және тағы басқалары. Онымен қоса,
еліміздің партизандары мен тыл
еңбеккерлерін атап өтпесе болмайды.
Бұл шайқаста болған әрбір адамзаттың
өзінің алатын рөлі бар.
Сіздер
батырларға арналған «Алпамыс»,
«Қобыланды», «Өтеген», «Еспенбет» сынды
жырларды білесіздер. Бұлар да өз
ерліктерімен көзге түскен батырлар. Ал
«Ұлы Отан соғысы» жылдарында ерлік
көрсеткен, ерекше көзге түскен жандардың
ерліктері бөлек бір жыр.
1941
жылы басталған сұрапыл соғыста жастай
соғысқа аттанған ардагерлеріміз өз
бойларындағы қорқынышты жеңіп, қасық
қаны қалғанша күш – қайраттарын көрсетті.
Біздің тәуелсіздігіміздің бірден –
бір бөлшегі – осы ардагерлер. Осындай
азаматтар «Ел басына күн туса, қолына
найза алып, қылыш ұстайтын батырлар»
дейтін атқа лайық бейнені көрсетті. Бұл
қазақ азаматтарының нағыз бейнесі.
Бізге
жеңіс әкелген жандардың ерліктері
ешқашан ұмытылмайды. 1945 жылы аяқталған
соғыстың биыл жетпіс бес жылдығы. Кім
біледі, «Ұлы Отан соғысында» жеңіліс
болғанда, Қазақстан деген елде болмас
па еді?
Қорытындылай
келе, ата – бабаларымыз қазіргі біз
жетіп отырған тәуелсіздікті аңсаған.
Сол үшін аянбай еңбек еткен. «Ұлы Отан
соғысы» деп аталатын екі жақты күресте
ерлік көрсеткен ардагерлеріміздің де
көздеген мақсаты – ел қорғау, ал арманы
– тәуелсіздік болған. Ендігі кезек жас
ұрпақта. Олар аңсаған тәуелсіздік, енді
бізге сый. Сол сыйға сай өмір сүруміз
керек. Отанға қызмет етіп, бейбітшілікті
сақтау үшін барлық әрекеттерді жасауымыз
керек.
Біз
ардагерлерді ұмытпаймыз, олар жайлы
кереметтей дастандар жазылмаса да, біз
оларды кереметтей дастанның кейіпкерлері
ретінде көреміз.