Материалдар / Эссе "Ардақты ұстазым"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Эссе "Ардақты ұстазым"

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға эссе жазуға көмегі тиеді
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қараша 2018
735
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ардақты ұстазым

Ұстаз бейнесі – шәкірт үшін адамгершіліктің ең жоғарғы үлгісі. Ұстаз өзінің бар күшін,бүкіл өмірін бала тәрбиесіне бел буған періште. Ең алғаш мектеп табалдырыған аттап кірген сәтімде күлімдеп қарсы алған,қолымнан жетектеп партаға отырғызып, «Сауат ашу » кітабын ұстатқан, алғашқы ұстазым – Мақпал Жәнібекқызы. Ол ешкімге ұқсамайтын еңбекқор, білімді, мейірімді жан. Бәрімізді өз баласындай көріп, ақыл айтып, көп нәрселерді үйретіп жүреді. Осы жанның орны мен үшін қашанда ерекше. Өмірде өз анаңнан кейінгі қадірлі тағы бір адам болса, ол – алғашқы ұстаз.

Ыбырай Алтынсарин атамыз «Ұстаз – мектептің жүрегі» деп бекер айтпаса керек. Адамның тіршілігінде жүректің қандай маңызы болса, ұстаз оқушы үшін солай маңызды. Себебі, адам баласы мына өмірге келгендегі мақсаттарының бірі- жақсы адам, жақсы маман болу болса, соның алғашқы кірпішін екінші анамыздай болған ұстаздарымыз қалайды. Біз оларға ұқсағымыз келеді, еліктеп өсеміз.

Абай атамыз «Мінез адамға үш кісіден жұғады: ата-анадан, ұстаздан, достарынан» деген. Ендеше, ұстаздарымыздың біздің өміріміздегі алатын орны ерекше. Олар бізді тек білім нәрімен сусындатып қана қоймай, адамгершілікке тәрбиелейді.

Әрбір шәкірттің өз сүйген жылдар бойы тәлім алған ұстазының аяулы көкірек көрігінде , жүрек түбінде сақталуы заңдымыз. Себебі, ұстаз – баланы адам қылып тәрбиелеп, күлімдеген күнім деген, сенің жүрегіңе болашаққа мақсат қоя білуге сенім ұялатқан зор тұлға. Мен өз ұстазымды қатты жақсы көремін және мақтан етемін. Оларды ардақтап, құрметтеу – біздің парызымыз деп білемін.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!