400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе: Арманыңа адал бол!

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушы эсседе өзінің арманына деген адалдығын жазған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Арманыңа адал бол !

«Арманшыл өз арманынан күштірек болуы керек»

Виктор Гюго

«Армансыз адам – қанатсыз бұлбұл» демекші кез келген адам арманыма жетсем деп арманына арман қосып, мақсатын айқындап, алдыға ұмтыла беретінін білеміз. Арман – әр адамның қиялы мен қалауынан туған биік шың. Расында да, мына өмірде армансыз адам жоқ шығар, сірә! Деген мен, ол нәрсеге қол жеткізе алатын адам көп емес. Сол себепті арманыңа адал болу өте маңызды.

Біздің арманымыздың орындалмауына өзгелердің ой-пікірі кедергі болуы мүмкін. Ондай жағдай болмас үшін мақсатымыз айқын болу керек, сонда бізді ешкім тоқтата алмайды. Біз тек қана армандап, бір орында тоқтап қалмауымыз қажет, алға қарай қадам жасап, барлық кедергіні жеңе білуіміз жөн. Жетістікке оңай жолмен жететін адам жоқ, әр адамның жолында түрлі жағдаят пен қиындықтар кездесетіні айдай анық дүние . Бірақ, сенім, мақсат, арман болса,алынбайтын қамал жоқ екендігі сөзсіз. Біз өзіміздің арманымызды биік шың деп алып, оның аспанмен тірескен ұшына жетпейінше, тоқтамауымыз қажет.

Менің де алдыма қойған мақсаттарым, қиялымда тамырын кеңге жайған асқақ арманым бар. Бірнеше айлардан кейін үлкен өмірге қадам басқалы жатырмын. Қазіргі ең басты арманым -ҰБТ дан жаңылмай өтіп, жоғары ұпай санын жинап, қалаған оқу орнына түсіп, қажетті білім алып, жаһандық аренада танымал журналист болу. Қазақ еліндегі журналистика саласының беделін әлемдік денгейдегі елдермен теңесуіне өз үлесімді қосуды аңсаймын. Мен бұл арманыма жету үшін маған ізденіс, талпыныс, жігер, жақындарымның қолдауы қажет.

Қорытындылай келе, қай арманыма қолым жетіп, қай арман мені жетелейтінін білмеймін, бірақ, бір білетінім -арманымның орындалуы өз қолымда. Тек өзімнің емес, басқалардың да армандарының орындалуына түрткі бола алатыныма нық сенімдімін. Тек алға!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
667 ұстаз жүктеп алған
25.01.2024
20010
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі